Факультеттің құрылу тарихы

Тарих және құқық факультеті 2003 жылы 20 маусымда С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың гуманитарлық факультетінің қайта құрылуы негізінде құрылды. Тарих және құқық факультетін саяси ғылымдарының кандидаты, доцент А.И.Бегимтаев басқарады. Факультетте ғылым докторлары мен профессорлар – А.А.Ақышев, Р.С.Арын, Р.Ж.Қадысова, Л.Қ.Жүсіпова, Г.Б.Ахмеджанова, О.К.Биктасов және ғылым кандидаттары – А.И.Бегимтаев, Қ.Қ.Батталов, Н.Е.Кузембаев, Р.В.Григорьева, А.Л.Захаренко, Е.Қ.Жүсіпов, В.К.Мерц, А.С.Молдакимова, Б.Ж.Елмұратова, З.Ж.Марданова, Г.Ғ.Ахметова, С.Х.Альмуханов, Г.Қ.Жапекова, С.В.Невмержицкий, А.Ж.Құдабаев, М.Ж.Қожамжарова, И.А.Калиев, Э.Т.Янчук, Т.Н.Зозуля, Г.А.Алтыбасарова, А.Ж.Ерманов, С.К.Бастемиев, Н.М.Мусабекова, Т.Э.Воронова, К.Б.Косынтаев, Б.Х.Олжабаев және т.б. қызмет атқарады.

Факультеттің мамандықтарындағы оқу үрдісі қазіргі талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық базасының қызмет етуіне негізделген. Оған бүгінгі күн талабымен жабдықталған арнайы дәрісханалар, абонементтік қызметі және оқу залдары бар кең ауқымды кітапхана қорлары, компьютер сыныптары, криминалистика зертханалары, сот мәжілісі залы, интернет-кафе, медиатека, серіктік теледидар кіреді.

Оқу барысында студенттер тәжірибенің археологиялық, мұражайлық, этнологиялық, мұрағаттық, педагогикалық, өндірістік және басқа да түрлерін ішкі істер органдарында, адвокатурада, прокуратурада, өндіріс орындарында, қалалық және облыстық ұйымдар мен мекемелерде өткізеді.

Тарих және құқық факультетінің құрамында 4 кафедра қызмет жасайды:

 

Факультет басшылығы

 

 

Бегімтаев Әмірғалы Ілияшұлы — тарих және құқық факультетінің деканы, құқықтану кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты.

1984 жылы Павлодар индустриалды институтын «Өндірістік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1984 жылдан 1990 жылдары «Павлодарэнерго» жүйесінде және Павлодар мемлекеттік сынақ станцияларында қызмет атқарған. 1990-2003 жылдар аралығында ҚР ішкі істер бөлімінде қызмет атқарған.

2004 жылдан С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасында оқытушы, аға оқытушы. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап факультет деканының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2008 жылдан деканның жалпы мәселелер бойынша орынбасары.

2010 ж. саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғады

3 оқу-әдістемелік құрал және 40 мақала шығарған.

 

 

 

Биль Тамара Юрьевна — тарих және құқық факультетінің жалпы сұрақтар жөніндегі деканның орынбасары, философия және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы.

2001 жылдан бастап 2005 жылға дейін С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Тарих» мамандығын тәмамдады. 2006 жылдан бастап 2008 жылға дейін С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың магистратурасында білім алды. 2008 жылдан бастап философия және мәдениеттану кафедрасының ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы ретінде жұмыс істеуде. Қызмет ету барысында 13-қа жуық мақала жариялады. Біліктілікті арттыру бойынша бірнеше сертификаттарға ие: «Қазақстандық мәдениет және қазақстандық философиясының құндылық-мазмұнды бірлестігі», «Оқу үрдісіндегі қашықтықтан оқыту технологияларды пайдалану», Elsevier Author Seminar «How to get published in scientific journals», «Қазіргі заманғы философияның өзекті мәселелері», «Қазақ тілі: іс жүргізу, жалғастырушы деңгей», «Этногенез және қазақ халқының этникалық тарихы» және т.б. ҚР БҒМ-нің алғыс хаттарына ие. Оқытатын пәндер: Дінтану, Мәдениеттану, Дүниежүзілік мәдениет тарихы, Дүниежүзілік көркем мәдениеті.

 

 

 

Сүлейменова Шынар Қайратқызы – 05.02.1987 жылы туған, тарих және құқық факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары (күндізгі оқу нысаны бойынша), «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы.

2008 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы ПМУ-де қызмет етеді.

2008-2010 жж. С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Археология және этнология» мамандығы бойынша магистратурада оқыды.

2010 жылдан бастап «Философия және мәдениеттану» кафедрасының оқытушысы қызметіне қабылданған.

Сүлейменова Ш.Қ. өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып, біліктілікті арттыру бойынша бірнеше сертификаттарға ие: «Қазақстандық мәдениет және қазақстандық философиясының құндылық-мазмұнды бірлестігі» (сәуір, 2011 ж.), «Әлеуметтік ғылымдар философиясының қазіргі заманғы дискурсі», «Жаңа тарих ғылымында: әдістері және әдістемелік зерттеулер» (маусым, 2011 ж.).

Кәсіби қасиеттері — еңбекқорлық, әр істі жүзеге асыруға тырысу, бағаны объективті түрде қою. Шынар Қайратқызы өзіне берілген міндеттерді жоғарғы жауапкершілікпен, қарапайымдылығымен, адал орындауымен ерекшеленеді.

 

 

Жакишева Анара Ескенқызы – тарих және құқық факультеті деканының қашықтықтан оқыту нысаны бойынша оқу істері жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының магистрі, «Құқытану» кафедрасының аға оқытушысы.

1997 жылдан бастап 2002 жылға дейін Алматы мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамадады. 2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін «Фемида» заң академиясының 6М030100-«Құқықтану» мамандығы бойынша магистратурада оқыды.

2002-2005 ж.ж. С.Торайғыров атындағы ПМУ-да, 2005-2007 ж.ж. ҚазГЗУ ПГЗИ-да аға оқытушы ретінде, 2007 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы ретінде жұмыс істеуде. Сонымен қатар, заң кеңесшісі ретінде 7 жылдық жұмыс өтілі бар.

Қазіргі уақытта «Құқықтану» мамандығының студенттеріне «Мемлекет және құқық теориясы», «Халықаралық жеке меншік құқығы», «ҚР еңбек құқығы» сияқты пәндер бойынша сабақ береді. «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған «ҚР еңбек құқығы» атты оқу құралының және 15-ке жуық ғылыми мақаланың авторы болып табылады.

Кәсіби қасиеттері – жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілеттері, еңбекқорлық.

 

Бакалавриат мамандықтары

  • 5В011400 «Тарих»;
  • 5В020300 «Тарих»;
  • 5В020400 «Мәдениеттану»;
  • 5В030100 «Құқықтану»;
  • 5В050200 «Саясаттану».

Магистратура мамандықтары

  • 6М020100 «Философия»;
  • 6М020300 «Тарих»;
  • 6М020400 «Мәдениеттану»;
  • 6М020800 «Археология және этнология»;
  • 6М050100 «Әлеуметтану»;
  • 6М050200 «Саясаттану».

 

Оқу-әдістемелік жұмыс

Тарих және құқық факультеті өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, МЖМБС, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы негізінде атқарады.

Факультетте оқу-әдістемелік Кеңес және Факультет Кеңесі жұмыс істейді, олардың негізгі міндеттері:

- тарих және құқық факультетінің құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру және жалпы басқаруды жетілдіру;

- оқу үрдісінің сапасын арттыру;

- емтихан сессиясына дайындық жасау мен қорытындыларын талдау;

- МЖМБС және типтік оқу жоспарларына сәйкес кафедралардың жұмыс оқу жоспарларының сапасын жетілдіру;

- студенттермен бірге тәрбие жұмысын жүргізу;

- оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы;

- факультет мамандықтарын аккредитацияға дайындау;

- оқу жылы бойы студенттер мен магистранттардың оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылау және талдау;

- бітіруші курстар студенттерін ОЖСБ-на дайындау;

- МОӘК, ПОӘК құрастыру.

2013 жылдың 1 қазан күні бойынша бакалавриатта оқитын студенттердің жалпы саны 787 адамды құрайды, оның ішінде күндізгі оқыту нысаны бойынша 351 студент, сырттай оқыту нысаны бойынша – 436 студент. Олардың арасынан 230 студент мемлекеттік тілде оқиды. Магистратурада оқитын білім алушылардың жалпы саны 21 адам, олардың арасынан 1 курста - 9 адам, 2 курста – 11 білім алуда.

 

Материалдық базасы

Тарих және құқық факультеті тұрмысты жөндеу, денсаулықты нығайту, дене шынықтыру-спортты дамыту, рухани-мәдени құндылықтарды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Бұлар: Студенттер үйі — қазіргі талапқа сай жатақханалар, студенттік кафелер мен асханалар, Баянауылдағы демалыс базасы, спортзалдар, ұлттық музыкалық аспаптар оркестрі, вокалдық, хореографиялық және би топтары, спорттық үйірмелер, КВН командалары және тағы басқалар.

Оқу үрдісі арнайы жабдықталған дәрісханаларда: «Этномәдениеттану», «Саясаттану», «Әлеуметтану», «Қылмыснама», «Конституциялық заң», «Мемлекет пен құқық тарихы мен теориясы» және «Отандық тарих» дәрісханаларында өтеді.

 

Тәрбие жұмысы

Тарих және құқық факультетінің кафедраларында тәрбие жұмысы үздіксіз және тәрбие іс-шараларының мазмұнына, жоспарына және әдістеріне сәйкес жүргізіледі. Факультеттегі тәрбие жұмысы университет ректорының, Даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректордың бұйрықтарына, ТжҚФ деканның өкімдеріне, университеттің сәйкес құрылымдық бөлімшелердің (ТЖ және ӘМ жөніндегі департамент, студенттік филармония, жастар істері бойынша комитет) жоспарлары мен бағдарламаларына негізделген.

Әр жылдың 25 тамызынан бастап 05 қыркүйегіне дейін Студенттер Үйіне орналастыру, жатақханадағы орындарды тарату қызметі жүргізіледі.

1 қыркүйек күні тарих және құқық факультеті 1-ші курс студенттері үшін ұйымдастыру жиналысын өткізеді. Факультеттің әрбір академиялық тобының жетекшісі ретінде эдвайзер тағайындалады.

Әр жыл сайын тарих және құқық факультетінің оқытушылары мен студенттері көмегімен факультетке белгіленген территорияны жинастыру іс-шаралары ұйымдастырылады. Бірінші курс студенттері мен магистранттары С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың концерттік залында өткізілетін «Студенттер қатарына қабылдау» іс-шарасына белсенді түрде қатысып отырады. Факультет студенттері мен оқытушылар құрамы «Денсаулық күніне» байланысты спорттық іс-шараларына қатысады. Факультеттер арасында спорттық жарыстарға қатысу үшін спорт түрлері бойынша студенттер арасында командалар құрастырылады.

Талапкерлерді университетке түсу үшін тарту бойынша кәсіптік бейімделу жұмысы, сыналау тестілеуді, біздің факультетіміздің тәжірибелі оқытушыларымен талапкерлердің ата-аналарымен бірге әңгіме өткізу жұмысы әрдайым жүргізіледі.

Факультет студенттері әртүрлі республикалық, облыстық конкурстар мен олимпиадаларға қатысады.

 

Факультет студенттерін ғылыми жұмыстарға тарту

Студенттер бірінші курстан бастап ҒЗЖ саласында қызмет атқара бастайды. Жыл сайын университетте жас ғалымдар, студенттер мен оқушыларға арналған дәстүрлі «Сәтпаев оқулары» өтеді, ол 2007 жылдан бастап халықаралық статусқа ие болды. Факультет студенттері конференцияларға қатысу үшін Қазақстанның басқа қалаларына және жақын шетелге шығуға да мүмкіндіктері бар. Олар Е.Бекмаханов атындағы «Аймақ тарихы мен этнографиясы» ғылыми-практикалық орталығының зерттеу жұмыстарына, Археологиялық орталықтың, аймақтық ақпараттық-сараптау орталығының, ПМУ пресс-орталығының жұмыстарына, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ «Жас ғалым» бағдарламасының аясында ұйымдастырылатын СҒЗЖ-на және зерттеу шараларына ат салысады. Жыл сайын студенттік зерттеу жұмыстарына 100-ден артық студент қатысып отырады.

Студенттердің ҒЗЖ университет аясында ғана шектелмейді. Студенттердің ғылыми жұмыстарының деңгейі мен сапасы оларды әр түрлі деңгейдегі конференцияларға: университеттік, аймақтық және республикалық конференцияларға қатысуға мүмкіндік береді.

Ғылыми диссертациялардың жыл сайынғы қорғалуы да факультет құрамындағы профессорлық-оқытушылық құрамның сапалы дамуының анықтамасы ретінде беріледі.

 

Біздің жетістіктер

- Студенттер мен магистранттарды оқытудың кредиттік-модульдік технологиясы дайындалып, оқу үрдісіне енгізілді;

- Қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес инновациялық оқу бағдарламалары жасалынды және оқу үрдісіне енгізілді, практикалар базаларымен белсенді түрде қарым-қатынас жасалынды;

- «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша филос.ғ.к., доцент Г.Ғ.Ахметова, т.ғ.к., доцент Қ.Қ.Батталов, аға оқытушы Е.Б.Ахметов, оқытушы Аженов А.К. (Швейцария), аға оқытушы Уызбаева А.А. (Ұлыбритания) шетелге іс-сапарға барды.

- Академиялық ұтқырлық бойынша таяу шет елдеріне (Польша Республикасы) 6М050100 – Әлеуметтану мамандығының магистранттары – М.Альжанова, А.Маймакова, Г.Калиаскарова және 6М020300 – Тарих мамандығының магистранттары – Р.Тоғайбаев, А.Мажит, Т.Берикболов барып келді.

- «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобаларына студенттер қатысты;

- Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында Құқықтық олимпиадада 5В030100 – Құқықтану мамандығының студенттері жалпы командалық ІІІ орынды және Юр-402 тобының студенті Н.Жмайлова жеке ІІІ орынды иеленді.

- Ғылыми-зерттеу жұмсытарын өткізуге дайындықтың жоғарғы деңгейі (1000000 теңге соммасында шаруашылық-келісім тақырыптарын профессорлық-оқытушылық құрамымен ұйымдастырылуы).

- ҚР Президенті стипендиясын иеленді: Юр-302 тобының студенті А.Е.Табулдыков, Ист-302 тобының студенті А.Р.Бейсембаева, К-402 тобының студенті Г.Н.Аубакирова, Юр-402 тобының студенттері А.Д.Абжанова, А.Д.Джансагимова, Юр-404 тобының студенті М.С.Ахметов. Сонымен қатар Мәшһүр-Жүсіп Көпеев атындағы стипендияны Пол-302 тобының студенті А.Б.Алиакпарова, И.Байзақов атындағы стипендияны Пол-302 тобының студенті А.К.Ахмадиева иеленді.

- Студенттердің әлеуметтік тұрғыдан қорғалуының жоғары деңгейі: оқу ақысын жеңілдіктермен төлеу, облыс әкімінің стипендиясы, жеңілдіктер жасау (жатақхана, күніне бір рет тегін тамақтану, қоғамдық көліктегі жүрісті компенсациялау).

 

Бакалавриаттың оқыту бағдарламасының аккредиттелген тізілімі:

1. 5В050200 Саясаттану

Магистратураның оқыту бағдарламасы аккредиттелген тізілімі:

1. 6М050200 Саясаттану