УАҚЫТ ШЫРМАУЫНА СЕН ДЕ ІЛІКТІҢ БЕ?
Уақыт ұғымы
«Уақыттың ағымын белгілейтін бөліну жоқ. Ай мен жылдың басын белгілейтін найзағай да, күн күркіреуі, дауыс та жоқ. Тек біз қарапайым пенделер жаңа жүзжылдықтың басын атойлап, қоңырау дауысы мен қару атып қарсы аламыз», деген екен «Сиқырлы тау» романының авторы Т.Манн. «Уақыт» ұғымы табиғи және тарихи құбылыстардың ауысып өткендігін білдіреді. Уақытты түсіну адамның өзінің жеке өмірі мен жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстармен өлшенетін ұғым болар. Жан-жағымыздағы табиғи құбылыстар, молекулалар мен атомдардың қозғалысы, жүректің соғуы т.т. Алайда, уақыттың өлшемін анықтау қоғамдағы, адамның өміріндегі даму кезеңдеріне де тікелей байланысты. Уақыт бір орында тұрмайды. Ол ешнәрсеге қарамастан жылжуын жалғастыра береді. Ал, Жердегі уақытты өлшеу Ай, Күн, Жұлдыздар болмаса мүмкін болмас еді. Осы аспан денелерінің қозғалысына қарай бағзы адамдар уақытты өлшеп, бүгінгі күнтізбенің бастапқы жобаларын жасап кеткен. Осы уақытқа дейін адамзат өмір ырғағын астрономиялық құбылыстар арқылы анықтап келді. Күннің шығысы мен батысы, жылдың мезгіл ауысымы, Айдың фазасы мен планеталардың қозғалысы адам баласының уақыт өткізуіне тікелей басшылық етті.Уақыт иірімдері
Күнтізбеге бағынған халықтар
Уақыттың бір сызықтық есептеуі қарапайым реттеу мен күндерді есептеумен жүргізіледі. Ал, бүгінгі күнтізбелік уақыт белгілі бір сенімнің тұжырымынан басталды. Мұсылмандар мен еврейлерде, христиандар мен буддистерде бәрінің өздерінің жылсанамалық жүйелері бар. Алайда бәріне бір ортақ жүйе өлшем бірлігі – жыл.
Шығыстың хронологиялық жүйесінің қалыптасуына көне еврейлік дәстүрлердің ықпалының болғаны мәлім. Мысыр мен двуречьеліктерден қарағанда израильдіктердің күнтізбесі дамытылған болды. Б.з. дейін 586 жылы Иерусалимді Навуходоносор жаулап алғаннан кейін, олар бабылдықтардың күнтізбесін қолданған. Израильдіктердің хранологиялық дәстүрге қосқаны олар уақытты есептеуді «әлем жаратылысының басталуынан» бастап, сенбілік күнмен аяқтау. Эллиндіктер птоломейлік Мысыр елінде кезінде мысырлықтар өзі құрастырған македониялық күнтізбені орнатады. Ондағы күнтізбе ерекшелігі айлардың атауын македониялық атауларға алмастырғандығы еді. Мысырлықтардың «маусымдық сағаттарын» (12 күн және 12 түн) «теңестірілген» сағаттармен ауыстырды. Сол уақыттағы астрономдар есептеудің «алпыстық» жүйесін енгізіп, сағаттар 60 бөлікке бөлінген. Бүгінгі күнді 24-ке, сағатты 60-қа бөлу мысырлықтардың тәжірибесінен алынып, бабылдықтардың есептеу технологиясынан, элиндіктердің модификациясынан туындаған. Мысырлық астрономдар сол уақыттың білікті мамандары еді, б.з. дейін 46 жылы Сосиген астрономы Юлий Цезардың бұйрығымен мысырлық үлгімен жаңа римдік (күн жүйесі бойынша) күнтізбені жасап шығарады. Б.з. дейінгі 26 жылы римдіктердің Мысырды жаулап алғаннан кейін, Мысырда Александрлық жыл (30 + 5 қосымша күннен тұратын 12 ай) қолданыста болады. Б.з.ІІ ғасырында Птоломей элинистік жүйені дамытып, минуттар да есепке алынған өзінің жеке күнтізбесін жасады. Тізбектелген уақыт иірімдерінде жыл қайыру қарапайым есептеу, яғни, келесі жылды ретімен есептеу арқылы жүргізеді. Физикалық өсу модельі қай уақыттан бастап есептеуге байланысты. Ал, бүгінгі күнтізбелер жүйесі белгілі сенімге байланысты анықталынатыны дәстүрге айналған. Православтық шіркеулер өздерінің жылсанауын жаратылыстың басталуынан, Ислам елдерінде жылсанау 622 жылдың Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мединаға қоныс аударғанынан бастайды.
Бүгіннің басталып, кешенің бітетін жері
Сағаттық белдеу – бойлық (меридиан) бойынша жер бетіндегі заңмен бекітілген. сағаттық белдеулердің шығуы, жер шарының өз діңгегінен айналуын есептей отырып, жергілікті уақытты бірдей аймақтарды анықтаумен байланысты. Осылайша ғалымдар, жер бетін шамамен 15 градус болатын аумақтан тұратын 24 сағаттық белдеулерге шартты түрде бөлді. Жер бетіндегі уақыт географиялық нөлдік бойлық, Гринвич меридианынан басталатын болып қабылданды. Гринвич меридианындағы жергілікті орташа күн уақыты бүгінгі күні астрономияда кеңінен қолданылады. ХІХ ғасырдың соңында уақыттың басталуын белгілейтін географиялық бойлық үшін әр мемлекет өз аймағындағы обсерваториясының үстінен өтетін нөлдік меридиандарын пайдаланды. Осылайша, әр елдің өз нөлдік меридианы болды. Халықаралық ортақ көрсеткішінің болмауы көптеген қолайсыздықтар тудырды. Содан 1884 жылы Вашингтонда өткен Халықаралық меридиандық конференцияда нөлдік меридиан болып «Гринвич Мериданы» қабылданды. Әлемдегі сағаттардың барлығы күннің көзі, Тынық мұхитының үстімен жүретін Гринвич меридианынан өткен кезден бастап бүгінгі күннің уақытын есептей бастайды. Яғни, Жер бетіндегі уақыт осы жерден басталады. Егер нөлдік меридианнан әрі қарай өтіп кетсеңіз кешегі күнге тап боласыз, бері өтсеңіз бүгінге жетесіз.Уақыттың адамдық құндылыққа не қатысы бар?
Әр адамның уақыт өлшемі әр түрлі ме?
Уақытты қабылдау ұлттық ерекшеліктерге қатысты ма?
Батыста мынандай құндылықтар жоспарлау, жауапкершілік, міндет деген бар. Бұл құндылықтарға сай келу үшін яғни, уақытылы жоспарды орындау мақсатында уақыттың бүгінгісі мен болашағын көру олар үшін маңызды. Батыстық менталитет үшін уақытты «оралмастай жоғалтып алуға», «жіберіп алуға», «өлтіруге», «жаратып тастауға» болады екен. «Уақыт – ақша» батыстықтардан келген ұстаным.
Ал Шығыста өмірдің әрбір сәтін, қуаныш пен бақытқа толы уақыттарды бағалау құндылығы басым. Не нәрсенің болсын терең түсініп қабылдау, өзінің ішкі жан дүниесінде рухани ізденіске құлшыну қабілеті, сезімталдығы оларды «осында және қазір» сәтін терең түсінгеннен одан қуаныш алуына итермелейді. Шығыстықтар, қазақтар үшін 30-40 минуттан 1 сағатқа дейін кешігу таңқаларлық жайт емес. Арабтардың мынандай мақалы «Құдай уақытты жаратқанда, оны жетерліктей жаратқан», қазақтың «асыққан шайтанның ісі» деген мақалдарынан шығыстық адамдар тарихтан, дәстүрлерінен, өткенінен сусындайтынын байқауға болады. Бұл елдердегі іскерлік кездесу де ұзақ уақытты алатыны шын.
Киіз үйдегі күнтізбе
Жанар ӘБДІҚАЛИҚЫЗЫ
«Білік» №6 (155), 2013 жыл, 29 маусым.










































