Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра мұғалімдері ҚР БҒМ ұйымдастыратын әртүрлі сайыстарына белсенді қатысады. Мысалы 2013-2014 оқу жылында халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекеттік гранттарға ие болған мұғалімдер: Жапаргазинова К. Х., Копишев Э.Е Рединг университетінде (Ұлыбритания), Масақбаева С. Р. Лундн университетінде (Швеция) тағылымдамадан өтті. Копишев Э.Е. ЖШС «Коммерциализация технологиялық орталығы» және т.б. технологиялық коммерциализациялау грант сайыстарына қатысты.

Кафедра студенттері әр түрлі деңгейлі сайыстарға белсенді қатысады:

2013-2014 жылы М. Әуезов атындағы ОҚМУ (Шымкент қ) Республикалық дипломдық жобалар байқауында ХТНВ - 402 тобының студенті Головатая А. 2 орынға ие болды ( х.ғ.к Масақбаева С.Р.).

«5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технология» мамандығы бойынша республикалық дипломдық жобалар байқауында Қалиақбарова Ж. 3 орынға ие болды (аға оқытушы Тугамбаева Т.Б.).

Жас ғалымдар, студенттер және мектеп оқушылары «XIV Сатпаев оқуларында» және т.б. халықаралық конференцияларына қатысады.

Ғылыми-іздеу зерттеулер кафедрасының маңызды бағыттарының бірі «Мұнай-химиялық көмірсутек шикізатты қайта өңдеу» тақырыбында жұмыс жасалады.

Тәуелсіз қазақстандық агенттіктерде білім сапасын қамтамасыз ету мамандырылған тіркеуден өтті.