Факультет жетістіктері
Т.ғ.д., профессорлары А.Н. Нұржауов, Н.Т. Смайлова, И.К. Ибраев, т.ғ.к., профессорлар М.М. Сүйіндіков, Р.И. Сержанов, Халықаралық ақпараттандыру академиясының (АХАҒ) академигі, ал т.ғ.к., доценттер П.О. Быков, А.В. Богомолов - Халықаралық ақпараттандыру академиясының (АХАҒ) корреспондент-мүшесі ғылыми атағына ие болды.
«Көліктік техника және логистика» кафедрасының профессоры, т.ғ.к., Т.Т. Тоқтағанов пен «Көліктік техника және логистика» кафедрасының доценті К.К. Абишев Машина жасау және Көлік Ұлттық Академиясының корреспондент-мүшесі ғылыми атағына ие болды.
Т.ғ.д., «Металлургия» кафедрасының профессоры И.К. Ибраев «Техникалық ғылым» секциясы бойынша Ресей Жаратылыстану Академиясы (РЖА) корреспондент-мүшесі болып тағайындалды және «LABORE ET SCIENTIA – ТРУДОМ И ЗНАНИЕМ» төс белгісімен, «Еуропалық сапа» (Gold European Quality) алтын медальімен, өнертапқыштықты дамыту жолындағы сіңірген еңбегі үшін А.Нобель атындағы медалімен марапатталды.
Т.ғ.к., «Металлургия» кафедрасының доценті, О.Т. Ибраева Ресей Жаратылыстану Академиясының (РЖА) профессоры, «Металлургия» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессоры (доценті) ғылыми атағына ие болды және «Еуропалық сапа» (Gold European Quality) алтын медалімен марапатталды.
Т.ғ.д., «Механика және мұнай-газ ісі» кафедрасының профессоры, Нұргүл Смайловаға Ресей Жаратылыстану Академиясы (РЖА) Президиумының шешімімен диплом табысталды және РЖА корреспондент-мүшесінің төс белгісімен, сонымен қатар «Білім және ғылым саласына еңбегі сіңген қайраткері» атағының төс белгісімен марапатталды. «ТМД және Ресей ғалымдарының» Интернет-энциклопедиясындағы өмірбаянына енгені үшін ғалымның сертификатымен және куәлігімен марапатталды. Сонымен қатар, Халықаралық ғалымдардың «Science» электронды журналының редакциялық кеңесінің мүшесі құрамына енді.
«Металлургия» кафедрасының доценті, т.ғ.к., Алексей Богомолов Ресей Федерациясының Жаратылыстану Академиясының профессоры ғылыми атағына ие болды, сондай-ақ өнертапқыштықты дамыту барысында қосқан үлесі үшін А.Нобель медалімен марапатталды.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Машина жасау, көлік және металлургия факультетінің «Металлургия» кафедрасының аға оқытушысы Кенбеилова Салтанат «Мұнайхимия» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы атанды.
«Машина жасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі Ықсан Ж.М. өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі орасан жетістіктері үшін ҚР «Ы. АЛТЫНСАРИН» төс белгісімен марапатталды.
Т.ғ.д., ҚР және РФ профессоры Қарақаев А.Қ. республикалық «Шапағат» өнертапқыштар сайысының, облыстық жетістіктерінің ішінде «Ең белсенді өнертапқыш» номинациясы бойынша, ПМУ инновациялық патентері мен ойлап табу патенттерінің біршама көп мөлшерде болғаны үшін жеңіске жетті.
Мұнай-газ ісі кафедрасының аға оқытушысы Ж.Е. Ахметов «Университет күніне» С. Торайғыров төсбелгісімен марапатталды.
5В070900 – Металлургия, 5В071200 – Машина жасау, 5В073200 – Стандарттау, метрология, және сертификаттау, 5В072400 –Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығының студенттеріне қоса атқарушылық оқыту жүйесі бойынша «KSP Steel» ЖШС ПФ-ы базасында зертханалық және тәжірибелік сабақтар жүргізіледі.
Факультет кафедраларының филилалдары келесі кәсіпорындарында ашық түрде жұмыс істейді: «Мұнайхим компаниясы» LTD ЖШС; «Полимер» ЖШС; «КазИнСт» РГП ПФ; «KSP Steel» ЖШС ПФ; «№1 автобус саябағы» ГКП; «ҰК ҚТЖ» ФАҚ Павлодар теміржол көлік жұмысшыларын оқу орталығы ФАО; АО «НК «Қазақстан теміржолы» - «Павлодар жол бөлімі».
Қазіргі таңда Академик М. Осими атындағы Тәжік техникалық университетінен академиялық ұтқырлық бойынша Мт-204, Мт-406 топтарында төрт студент оқиды.
Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша ҚарМТУ-де төрт студент оқуға жіберілді: СМС (м)-302 тобының студенттері Асылбекова Майра, Васильченко Анастасия, Кучукова Меруерт; Мт-301 тобының студенті Казиханова Зарина.
Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша келесі магистранттар ММр-21н тобынан Сулеева Саягуль (ТомМТУ, Ресей), МТТ-22н тобынан Токанов Мейрам және Рук Владимир (Рига, Латвия) жіберілді.
Халықаралық байланыс шеңберінде мамандарды дайындауда студенттер тәжірибеден өту үшін шет елге, сонымен қатар жұмыс іс-сапарларына жіберіледі.
«Көліктік техника және логистика» кафедрасының меңгерушісі Абишев К.К. және аға оқытушысы Муканов Р.Б. 2013 жылдың қыркүйегінде Чех техникалық университетіне (Прага қ.) бірлескен ғылыми зерттеу және көліктік логистика бойынша магистрлерді қос дипломдық бағдарламамен дайындау мәселелері бойынша іс-сапарға барып келді.
Шетел ғалымдарын жұмылдыру бағытындағы университет бағдарламасы бойынша т.ғ.д., профессор Вуйцик Вальдемар (Люблин политехникалық университеті, Люблин қ., Польша); техника ғылымдарының докторы, профессор, көліктік логистика кафедрасының меңгерушісі Петр Бухнер (Чех техникалық университеті); профессор Тончо Койнов Химия-технологиялық және металлургиялық университеті (София қ., Болгария) факультет студенттеріне дәріс берді.
Павлодар қаласының жастарға қызмет көрсету орталығында, ғылым департаменті және ЖОО инновациясының қолдауымен, конструкторлық бюроның облыстық сайысына әрдайым С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері белсене ат салысады.
Сайыстың қорытындысы бойынша, біздің студенттер, магистранттар келесі жүлделі орындарды иеленді: машинажасау, көлік және металлургия факультетінің КТ-401 тобының студенті Абишев Ораз-Хамит «SKODA Oktavia автомобилі базасында буданды ауырлық орнатуымен автомобиль жасау» жобасымен жүлделі 2 орынды иеленді, ғылыми жетекшісі – көліктік техника және логистика кафедрасының аға оқытушысы Мұқанов Руслан Батырбекұлы.
Машина жасау, көлік және металлургия факультетінің Мс-402 тобының студенті Нұркімбаев Сағыныш және ММаш-12н тобының магистранты Христодоров Алексей «Желдіэнергетикалық әмбебап орнатуларының инновациялық жобасы», атты жобасымен, т.ғ.к., машина жасау және стандарттау кафедрасының профессоры Шумейко Иван Алексеевичтің жетекшілігімен жүлделі 3 орынға ие болды.
2013 жылы 16 қарашада РНЗҮ этникааралық және конфенссионаралық үрдістерін зерттеу үшін тоғыз факультеттерінің студенттері, магистранттары арасында Халықаралық төзімділіктер күніне арналған сайыс ұйымдастырылды. Номинациялар: «Лучший слоган» 1-орынды Сергеев Я. – НГД-402, "Лучший логотип" – 1-орынды Панарина А.В., Мс-202, 2-орынды Нұркімбаев С. Мс-402 иеленді.
Машина жасау, көлік және металлургия факультетінің студенті Нұркімбаев Сағыныш Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры (Алматы қ.) ұйымдастырған стипен иегері атанды.
НГД-302 тобының Мажимова Д. Ж. тобының студенті Қ. Сатпаев атындағы стипендиясына ие болды.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде (Қарағанды қ.) жоғарғы оқу орындары арасында «Машина жасау» мамандығы бойынша өткізілген VI республикалық олимпиадасында ММжКФ студенттері лайықты өнер көрсетті және де ПМУ-дың Мс-402 тобының студенті Сағыныш Нұркімбаев, 2 дәрежелі дипломмен мараппатталды.
«Механика және мұнай-газ ісі» кафедрасының аға оқытушысы Быстрова Людмила Федоровнаның жетекшілігімен Семей қаласында өткен республикалық олимпиадада ММжКФ студенттері лайықты өнер көрсетті. Командаға оқу үздіктері, машина жасау, көлік және металлургия факультетінің белсенділері, (Мс-402 тобы) Сағыныш Нұркімбаев, (МС-402 тобы) Владимир Макаров, (ТМО-202 тобы) Асқар Нұрғалиев және (ТМО-202 тобы) Дмитрий Данилов сияқты студенттер енді. Республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша студенттер командасы үшінші командалық орынды иеленді.
VІ Республикалық пән олимпиадасында жеке есеппен физика бойынша Мж-201 тобының студенті Арыстан Ергібаев 1 орынға ие болды.
2014 жылдың 21-23 сәуір аралығында ПМУ командасы (Алматы қ) ЕNACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2014 студенттік жастардың бизнес-жоспарларымен ұлттық әлеуметтік байқауларында бес жобамен өнер көрсетті. «Enactus PSU» ПМУ командасының құрамындағы металлургия, машина жасау және көлік факультетінің, энергетикалық, сәулет-құрылыс факультетінің 16 студенті, «Көліктік техника және логистика» аға оқытушысы Мұқанов Русланның жетекшілігімен одақ арасында 3-орынды иеленді.




































