Жаңалықтар, хабарландырулар

Іс-шаралар күнтізбесі

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!

Металлургия, машинажасау және көлік факультеті

 

 

 

 

Фойе және асхана

 

Кітапхана және Технопарк 

Соғыстан кейінгі жылдары азаматтық және өндірістік құрылыста кадр мәселесесін шешу мәселесі туды. Павлодардағы 1960 жылғы 20.09 КСРО Кеңес шешімі негізінде Павлодарда Индустриалды институт пайда болды, ол машина құрудағы кадрларды дайындаудың басты орнының бірі болды, Кеңес дәуірі үшін құрылыс және энергетик мамандықтарын дайындады.

1962 жылы қазан айында факультет құрамына 0551 «Машина құру және металл өңдеу жабдықтары, құралдар» атты бөлек механика-технологиялық факультеті ашылды.

1962 жылдан 1987 жыл аралығында машина құру мамандары үшін екі факультетті ашты-машина құру және механика-технологиялық. Машина құру факультетінде инженерлерді төмендегі мамандықтар бойынша дайындады: 0559 «Ауыл шаруашылық», 0523 «Ішкі жану қозғалтқышы» , 0529 «Суыту машиналары мен компрессор қондырғылары». 1966 жылы Палодарда трактор зауыты ашылған уақытта қосымша 0513 «Автомобиль және тракторқұру» мамандығы ашылды.

1987 жылы қыркүйекте КСРО-ның жоғары білімді қайта құру жоспары бойынша машина құру мен механика-технологиялық факултеті машинақұру факультетіне қосылды.

2001 жылы машина құру және инженер-құылыс факультеті базасында құрылыс, транспорт және машина құру институты ашылды.Мамндықтың көбеюіне байланысты және құрылыс сұранысының тууына байланысты екі жеке институт ашылды. Машина құру мамандығы, металургия және транспорт бағыты металлургия және машина құру, транспорт факультетіне қайта құралды.

Қазіргі уақытта факультет деканы болып «Транспорт техникасы» кафедрасының түлегі профессор Тоқтағанов Төлеуғазы Тоқылұлы болып табылады.

Факультетте 60 аса мамандырылған оқытушылар мен мамандар жұмыс істейді, 45 пайыздың астамы ғылыми атақтары бар.

Қазіргі уақытта институт 18 мамандық бойынша мамандар дайындайды. Факультет ішінде жүргізушілерді дайындау орны мен оқу-өндірістік жөңдеу орындары істейді.

Металлургия, машина құру және транспорт факультет құрамына 4 шығарушы және 1 факультетаралық кафедра бар.

- «Транспортты техника» кафедрасы;

- «Қозғалтқыш және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасы;

- «Машина құру және стадартизация» кафедрасы;

- «Металлургия»  кафедрасы.

Факультеттің өз оқу-зертханалық корпусы бар. Оқу корпусында Технопарк, оқу залы, медпункт, асхана бар.

 

Факультеттің оқу-әдістемелік жұмысы

Қайта құру кезеңдегі процессті еске ала отырып факультет білім берудің жолын өзгертті. Оқу процессі негізінде мамандықтардың жаңа стандарты енгізілді және оның негізінде мамандырдың жаңа моделі қайта өңделді.

  
 

Оқу-әдістемелік жұмыс мынаған бағытталған:

- мамандықтың жаңа стадартын құру;

- оқу-әдістемелік кешенің өңдеу;

- технологиялық сөздікті қайта өңдеу;

- ҒЗЖ әдістемесін енгізу.

Мамандардың моделі негізінде обективті түрде екі фактор енгізілген:

- ғылыми-техникалық процесс;

- еңбек нарығының талабы.

Факультетте қозғалтқыштың ғылыми-өндірістік орталығы бар және студенттік құрау бюросы бар, ол студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жақсы серпін береді.

Факультет қызметкерлерімен кемінде 100 авторлық күәлік алынған, ғылыми-әдістемелік 1500 жұмыс шығарылды.

 

Басқа оқу орындармен байланысы

Факультет көп жылдар бойы Харьковь техникалық университетімен тығыз байланысты, Мәскеу автомобиль жол университеті, Бауман атындағы МВТУ, Алтай мемлекеттік техникалық университеті, Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті, Тынышбаев атындағы транспорт және коммуникация академиясы, басқа да шет ел университеттерімен байланыс орнатылған. Ортақ байланыста ғылыми және әдістемелік консультациялар өткізіледі, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары бар, конференциялар өткізіледі.

Халықаралық байланыс шеңберінде мамандарды дайындауда студенттер практикадан өту үшін шет елге жіберіледі, сонымен қатар жұмыс іссапарларына жіберіледі. 1997 жылы студент М.Т.Макашев өндірістік тәжірибиені Швецияда «Скания» үлкен машина жасау зауытында өтті. Падеборнды университет келісімімен үш студент (Н.Непп, Сапарғалиев, М.Карибаев) маманданудан өтті. Қазіргі уақытта М.Карибаев «Болашақ» стипендиясының иегері және Ильминау (Германия) қаласында доктотарунтарада оқиды.

Факультет студенттері Сыздықов Сәкен, Бабкина Анастасия, Ысқақов Берік, Жакупов Қазбек «Студенттердің академиялық мобильдігі» шеңберінде Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ге бір семестрге оқуға жіберілді.

 

Факультеттің материалды базасы

Факультеттің 7000 шаршы метрлі оқу корпусы мен 270 шаршы метр ауданды құрайтын жеке зертханалық блогы бар.

 Дайындауды жүзеге асыратын барлық мамандықтар оқу мамандандырылған кабинеттермен және зертханалармен жабдықталған: автокөлікті, тракторларды, қозғалтқыштарды, жылу жүйелерін, ішкі жану қозғалтқыштарын, универсалды станоктарды, ЧПУ станоктарын, нақты желілік және бұрыш өлшемдерін, ТММ, машина бөлшектерін және ОКМ, механиканы, қысыммен металлдарды өңдеу, металлургиялық үдерістерді, металлдарды өңдеу және металл бұйымдарын жасау кіші цехын сынау. Сондай-ақ автотренажерлар мен автодромдар класы бар.

 Бұл зертханаларда: 

- автомобильді диагностикадан өткізу стендісі;

- ішкі жану қозғалтқышты зерттеу стендісі;

- автомобильдің электр жабдығын тексеру;

- жағар-май құрылғысын тексеру;

- металлды қыздыру мен балқыту пеші;

- жуып тазалау машинасы;

- стерженді машина;

- пневматикалық балға;

- қоспа мен буға қарсы бояулар;

- барабанды тазалау;

- Бринель, Роквелл қаттылықты тексеруші;

- Жабдықтар паркі;

- электронды оптимертлер;

- интерферометр.

   
 

 

Ғылыми-бағыттар мен қосымша зерттеулер

1.1. Пирометаллургиялық процесстің негізін ғылыми зерттеуі- фазалық құрылысы және физика-химиялық айналысы.жоғары деңгейлік технологияның физика-химиялық бағамы.

1.2. Шет ел өндірісінің қара металл өнімін қайта өңдеу теориясы;

1.3. Ғылыми-техникалық қызметтің инфрақұрылымы және қазіргі кезгі технологиялық кадрларды дайындау;

1.4. Машина динамикасын зерттеу әдісі, манипуляциялық жұмыс пен технологиялық процесс басқару жүйесі;

1.5. Элементтерді есепке ала отырып механикалық жүйені өңдеу, басқару әдісі мен технологиялық машинаның қозғалысы кезінде тұрақтылықты сақтау, машина құрудың сапасын арттыру;

1.6. Жел энергетикасының мәселесі мен механикалық , электр, жылу энергетикасы жолы арқылы даму мәселесі мен дәстүрлі емес жаңартылған экологиялық энергияның таза жолын алу;

1.7. Рухтық, мәдениет пен ғылымның тұрақты зерттеу негізі. Гуманистикалық құндылықты құру мен қазақстан қоғамының философия, саясаттану мен тарихи-мәдениеттік аспектінің дамуы. Батыс және шығыстың ғылымға деген көзқарасы;

1.8. Сапалықты арттыру бойынша зерттеу және ДВС жұмысының сапасы;

1.9. Параметрдің оптимизациясы және трактордың тұтынушылардың және нарықтың талабына сай ету;

1.10. Әдістерді өңдеу және диагностика құралын қарау, реттеу және техникалық қызмет көрсету, дизельді жағар-май жүйесін жабық қалпақпен әртүрлі тип арқылы жабу;

 

Фундаменталды зерттеуден инновациялық зерттеуге дейін

Факультет қызметкерлері әртүрлі конкурсқа қатысуда. 2005 жылы Ғылыми қордың ашық сайысында грантқа ие болғандар:

- «Жүк платформалы 0,9 т.с. классты дөңгелектік трактордың конструкциясын құру». Жобаның жетекшісі т.ғ.к., профессор Т.Т.Тоқтағанов.

Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының 2-ші инновациялы конгрессте «Ең жақсы инновациялы жоба» номинациясының дипломының жүлдегері болып табылады.

- «Форсункалары тетіктірілген жағар-май жүйесінің қолдануы мен өңдеуі, жағар-май жүйесінің жөңдеу инновациялы зауытының өндірісі үшін құрылысын жасау».Жоба жетекшісі т.ғ.д.профессор А.Қ.Қарақаев. 

 

 

Факультеттегі тәрбие жұмысы

Кафедра студенттері университеттің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады. Мысалы, «Студенттерді қабылдау кеші», «Наурыз», Бірінші мамыр демонстрациялары, факультеттер арасында спорттың әртүрлі іс-шараларына қатысады. 

  

Оқытушылар университеттің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады. Олар Баянауыл ауданындағы Мәшһүр Жүсіп кесенесін салуға қатысты.  

 

Оқытушылар факультеттік команда құрамында, сондай-ақ университеттің қызметкерлері арасында «Сергектік пен денсаулық» спартакиадасына жыл сайын белсенді қатысады. 

 

 

Академиялық күнтізбе

  • күндізгі оқу нысаны
  • сыртқы оқу нысаны