Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің жетістіктері

Факультетте 2012-2013 оқу жылына жоспарланған барлық оқу-әдістемелік семинарлар өткізілген. Сонымен бірге, факультет кафедралары 22 ғылыми-әдістемелік семинарды өткізді. Сөйтіп, факультет және кафедралар жоспарды толығымен орындаған. Профессор-оқытушылар құрамы оқу жылы бойы ОӘӘ шығару жоспарына сәйкес оқу құралдарын әзірлеуді жүзеге асырды, сонымен бірге 195 ғылыми мақала әзірленген және жарияланған.

28.12.2012 ж. ҚР Үкіметі «Дарын-2012» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері «Ғылым» номинациясында Биология және экология кафедрасының б.ғ.к., доценті Қалиева А.Б. болды.

2013 жылдың маусым айында ACQUIN (Германия) Аккредитациялық комиссиясы С. Торайғыров атындағы ПМУ Бизнес-класстерінің оқу бағдарламалары (5В090200 – Туризм мамандығы) аккредитацияны табысты өткені туралы қарар шығарды.

Факультетте оқу және ғылыми жұмыстарымен бірге, жастардың саналы азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға, адамгершілік қасиеттерін, мәдени, жалпы адами құндылықтарды сақтауға және көбейтуге талпыныстарын қалыптастыруға, сонымен бірге жан жарасымды дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстары да жүргізіледі.

«Өзін-өзі басқару декадасы» шеңберінде 2012 жылдың 16 қазанында мемлекеттік тілде кәсіби терминологияны білуге байланысты оқытушылар мен студенттерге арналған «Тіл шебері» сайысы өткізілді. «Табиғат сырлары» атты ХТжЖФ командасы сайыстың жеңімпазы болды және «Тіл шебері 2012» дипломымен марапатталды.

Қазақтан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған мерекелік іс-шаралардың шеңберінде, 2012 жылдың 1 желтоқсанда «Қазақстан жасасын! Елбасы жасасын!» атты викторина-концерті өтті. ХТжЖФ «Нұршуақ» командасы факультеттер арасындағы 9 команданың ішінде Гран-при орынға ие болды.

ХТжЖФ студенттері Такенова Гүлнұр (Б-101 тобы) және Мақатаева Махаббат (Тур-302 тобы) «Жандану» экологиялық ағарту жобасын жүзеге асыруға белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.

Қазақтан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған мерекелік іс-шаралардың шеңберінде, 2012 жылдың 28 қарашасында ХТжЖФ студенттері «In Kaz» экология, туризм және кәсіпкерлік саласындағы Халықаралық Жастар инновациялық форумына қатысты. Волошин Станислав – Тур-302 тобының студенті (ғылыми жетекші – География және туризм кафедрасының аға оқытушысы Касенова Г.К.) «Болашақ қонақ үйі» жобасы («Туризм саласындағы ең үздік идея» номинациясында 1 орын); Нұрхамитова Батеш (ғылыми жетекші – Биология және экология кафедрасының б.ғ.к., доценті Каниболоцкая Ю.М.) – «Павлодар қ. қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесін кешенді шешу» жобасы («Экология саласындағы ең үздік идея» 1 орын).

2012 жылдың 8 желтоқсанда География және туризм кафедрасының ПОҚ, студенттер, магистранттар Павлодар облысының II туристік мүмкіндіктің көрмесіне қатысты («Ең үздік көрме стенды» үшін 3-ші жүлделі орын).

2013 жылдың сәуір айында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өткен республикалық студенттік олимпиаданың «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша ХТОВ-402 тобының студенті Салихов Данияр жеңімпаз болды.

2013 жылдың 22 наурызда факультет қызметкерлері «Наурыз мейрамы» атты мерекені өткізуге қатысты. Киіз үй байқауының нәтижелері бойынша факультет 3-ші орынға ие болды.

«Мой инновационный урок» атты мұғалімдердің 1 Халықаралық байқауына қатысқаны үшін п.ғ.к., доцент Есимова Д.Д., г.ғ.к.. профессор – Царегородцева А.Г. І дәрежедегі Дипломмен; аға оқытушы Касенова Г.К. марапатталды.

Павлодар облысы әкімінің өкімімен жоғары білім саласын дамытуға үлкен үлес қосқаны үшін профессор А.Г. Царегородцева құрмет грамотасымен марапатталды, 2013 ж.

«Ертіс – Дарыны» директорының өкімімен профессор А.Г. Царегородцева жас буынның шығармашылық дамуына қосқан үлкен үлесі үшін марапатталды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінде химиялық-технологиялар мамандықтары бойынша «дипломдық жобалар» атты республикалық байқаудан А.С. Головатая – ІІ дәрежедегі дипломмен және Ж.Ж. Калиакбарова ІІІ дәрежедегі дипломмен оралды.

«Биология» бағыты бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өткен Республикалық студенттер олимпиадасына биология мамандығының студенттері белсене қатысып, командалық есепте ІІІ Дәрежедегі дипломмен марапатталды. Команданың құрамы: Ғалымжанқызы Диана (Б-302), Жунусова Мадина (Б-202), Жүсіп Мукаррам (Б-201). Жетекшісі – б.ғ.к., биология және экология кафедрасының доценті Калиева А.Б

Л.Н. Гумелев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті мен Павлодар облысы әкімдігі арасындағы өзара ғылыми-білім ынтымақтастық келісім-шарты аясында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Баянтау» демалыс үйінде «Заманауи биологияның өзекті мәселелері» атты І Жазғы биологиялық мектеп жұмыс жасады.

Айтулы мектеп жұмысына С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінде «Биология» және «Экология» мамандықтары бойынша білім алып жүрген магистранттар мен PhD докторанттар және Л.Н. Гумелев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Биология» және «Биотехнология» мамандықтарының магистранттары мен PhD докторанттары қатысты.

І Жазғы биологиялық мектептің бағдарламасы бойынша теориялық семинарлар, тәжірибелік ғылыми зерттеулер және дәрістер оқылды. ҚР ҰҒА академигі, б.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумелев атындағы ЕҰУ Жалпы биология және геномика кафедрасының меңгерушісі Р.Берсімбай, б.ғ.к., Л.Н. Гумелев атындағы ЕҰУ Биотехнолгия және микробиология кафедрасының меңгерушісі Р. Омарова, б.ғ.к., Л.Н. Гумелев атындағы ЕҰУ Қоршаған орта саласындағы басқару және инжниринг кафедрасының доценті Ж. Маслимова, б.ғ.к., Жалпы биология және геномика кафедрасының доценті А.Дінмұхамедова, С.Торайғыров атындағы ПМУ атынан Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің деканы, б.ғ.д., профессор Қ. Ахметов, профессор Ұлықпан Қаман дәріс оқыды.