Тәрбие жұмысы
Факультетте оқу және ғылыми жұмыстарымен бірге, жастардың саналы азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға, адамгершілік қасиеттерін, мәдени, жалпы адами құндылықтарды сақтауға және көбейтуге талпыныстарын қалыптастыруға, сонымен бірге жан жарасымды дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстары да жүргізіледі.
«Өзін-өзі басқару декадасы» шеңберінде 2012 жылдың 16 қазанында мемлекеттік тілде кәсіби терминологияны білуге байланысты оқытушылар мен студенттерге арналған «Тіл шебері» сайысы өткізілді. «Табиғат сырлары» атты ХТжЖФ командасы сайыстың жеңімпазы болды және «Тіл шебері 2012» дипломымен марапатталды.
Қазақтан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған мерекелік іс-шаралардың шеңберінде, 2012 жылдың 1 желтоқсанда «Қазақстан жасасын! Елбасы жасасын!» атты викторина-концерті өтті. ХТжЖФ «Нұршуақ» командасы факультеттер арасындағы 9 команданың ішінде Гран-приге ие болды.
ХТжЖФ студенттері Таенова Гүлнұр (Б-101 тобы) және Мақатаева Махаббат (Тур-302 тобы) «Жандану» экологиялық ағарту жобасын жүзеге асыруға белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.
2012 жылдың 8 желтоқсанында География және туризм кафедрасының ПОҚ, студенттер, магистранттар Павлодар облысының II туристік мүмкіндіктің көрмесіне қатысты («Ең үздік көрме стенды» үшін 3-ші жүлделі орын).
2013 жылдың 22 наурызында факультет қызметкерлері «Наурыз мейрамы» атты мерекені өткізуге қатысты. Киіз үй байқауының нәтижелері бойынша факультет 3-ші орынға ие болды.
Н.Ә.Назарбаев ҚР Бірінші Президенті Күніне арналған мерекеге (01.12.2013 ж.) және ҚР Тәуілсіздік күніне (16-17 желтоқсан 2014 ж) арналған мерекеде факултеттің оқытушы құрамы профессор Р.А.Амреев Павлодар облысының акімінің құрмет граммотасымен, доцент Ю.М. Каниболоцкая С.Торайғыров атындағы ПМУ ректорының құрмет грамотасымен марапатталды.
С.Торайғыров атындағы ПМУ спорт кешенінде университеттің оқытушылар және қызметкерлер құрамының арасында спорттың 6 түрі бойынша өткен «Денсаулық зор байлық» атты спартакиаданың қорытындысы бойынша факультеттің командасы 3 орынға ие болды.
«Туризм» мамандығы бойынша білім алып жатқан факультеттің студенттері Павлодар облысының туриз басқармасы мен «Эком» қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен қткізілген «Туризм, алга!» атты көрме олимпиадаға белсене қатысып, факультеттің командасы бағалы сыйлықтар, сертификаттар және құттықтау қағаздарын иеленді.
Факультеттің студенттері, магистранттары және оқытушылар құрамы үнемі қаладағы театр, концерттерге барады және университеттің кітапханасындағы жаңа оқу құралдарын таныстыруға арналған ақпараттық шолуларға қатысады, студенттер университеттің мәдени іс-шараларына: «Super Star ПМУ», «Студенттік көктем» фетивалі, Сұлулар байқауы сияқты шараларға қатысады














































