Оқу-әдістемелік жұмысы
Факультетте 2013-2014 оқу жылына жоспарланған барлық оқу-әдістемелік семинарлар өткізілген. Сонымен бірге, факультет кафедралары жоспарға сәйкес ғылыми-әдістемелік семинарды өткізді. Сөйтіп, факультет және кафедралар жоспары толығымен орындалған. Профессор-оқытушылар құрамы оқу жылы бойы ОӘӘ шығару жоспарына сәйкес оқу құралдарын әзірлеуді жүзеге асырды, сонымен бірге 190 ғылыми мақала (соның ішінде: БжЭ кафедрасы – 67 мақала, ГжТ кафедрасы – 78, ХжХТ-44 мақала) әзірленген және жарияланған.
Соңғы 3 жылда академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде алыс және жақын шет елдерге факультет студенттері мен магистранттарына бір академиялық кезеңде білім алуларына жағдай жасалынған. Мысалы, 2011 ж. – 4, 2012 ж. – 11 адам. Оның ішінде ішкі ұтқырлық бойынша 2011 ж. – 3, 2012 ж. – 5 студент, ал сыртқы ұтқырлық бойынша 2011 ж. – 1 студент, 2012 ж. – 6 студент; 2013-2014 оқу жылы – 15 студент, оның ішінде ішкі ұтқырлық бойынша – 3 студент.
Сонымен қатар, факультетте арнайы шақырылған шетелдік ғалымдар студенттерге дәріс өткізу шаралары қолға алынған. Атап айтқанда, 2011 ж. – 4 ғалым, 2012 ж. – 5 ғалым; 2013-2014 жж. - 6 ғалым (Tibor Pasinszki, Венгрия; Peter Szalay, Венгрия; Gyorgy Tarczay Венгрия; Sagi Tamas, Будапешт; Игнас Сивек, Словения; Istvan Venekei, Будапешт) шақырылды.














































