Тәрбие және әлеуметтік мәселелер департаменті
Тәрбие және әлеуметтік мәселелер департаментінің негізгі міндеттері:
- департаменттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың уставы бойынша және сапа менеджмент жүйесінің құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Қазіргі таңда және болашақ бағытта мамандарды даярлау үшін, қажеттілікті алдын-ала болжау мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, мамандықтарға лицензия алу;
- әлеуметтік және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, қадағалап және басқарып отыру, университеттің бөлімшелеріндегі тәрбие жұмыстарына басшылық жасау;
- ағымдағы және күнделікті жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
- мамандарды сапалы дярлау мониторингі;
- кураторлар тәжірибесін жинақтау, студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында қолданылатын жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізу;
- университеттің ғылыми кеңесінің шешімі мен ректораттық, ректор мен проректорлардың стратегиялық жоспарларын дер мезгілінде әрі сапалы жүзеге асырып отыру, есеп беретін құжаттарды, және ағымдық ақпараттарды даярлау;
- қазіргі таңның талабы бойынша департамент мамандарының біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру;
- тәрбие жұмыстарына нәтижелі басшылық жасау, университетте берілетін білімдік қызметінің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ететін менеджмент жүйесінің бағыттарын дамыту;
- тәрбие процесінің сапалы болуы үшін әлеуметтік және тәрбие жұмыс департемантінің қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, мотивация жүйесінде және ішкі жағдайды қолайлы ортада қалыптастыру;
- тәрбие ісіне қатысушылардың белгілі бір нәтижеге жетуін қамтамасыз ету;
- университет (имидж) мәртебесін қалыптастыру және оны қолдау;
Тәрбие және әлеуметтік мәселелер департаментінің атқаратын қызметтері:
- университеттің жұмыс жоспары мен даму концепцияларын іске асыру мен жобалауға қатысады.
- жоспардың жүзеге асуын ұйымдастырады, университеттің мерекелік шаралар жоспарын, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің сапаға байланысты мақсаттарын және саясатын, университеттің Ғылыми кеңесі мен ректораттың шешімдерін, ректор мен проректорлардың стратегиялық жоспарлары бойынша тапсырмаларын, әлеуметтік және тәрбиелік жұмыстарда, ағымдық ақпараттар мен есеп беру құжаттарын даярлау;
- университеттің тәрбие істерінің жүзеге асуын қадағалау, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің сапа менеджмент жүйесін талап ету;
- тәрбие істерінің ағымдық және алдағы кезеңдерде істерін жспарлауда ұйымдастыру;
- тәрбие жұмыстары келесі бағыттарда ұйымдастырылады: отансүйгіштік, интернационалдық, құқықтық, эстетикалық, экологиялық, денсаулық бағыттары бойынша;
- жалпыуниверситеттік мерекелік щараларды даярлау;
- студенттердің өзін-өзі басқару ісін ұйымдастыру;
- белгілі даталар мен мейрамдарға арналған мерекелік шараларды ұйымдастыру;
- топ кураторларының семинар оқуын ұйымдастыруға қатысу;
- кураторлар кеңесіне басшылық жасау;
- университеттің әлеуметтік-психологиялық паспортын жасау:
- «Баянтау» демалыс үйінің, емдеу бөлімінің, мұражайдың, студенттер филармониясының және Студенттер үйінің жұмысын бағыыттап отыру;
- әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз етуге қатысу;
- студенттер үйіндегі студенттердің тұрмыс-жағдайын бақылау;
- студенттердің демалыстарын ұйымдастыру: дискотекалар, үйірме жұмыстарын, шығармашылық жұмыстарға қатысуын, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық фестивльдар мен жарыстарға қатысу;
- студенттер арасында құқықтық, заңды әрекеттерді қадағалап, бақылап отыру;
- факультет, кафедралар мен бөлімшелердегі тәрбие жұмыстарын үйлестіріп отыру;
- факультетте жүргізілген тәрбие жұмыстарын талдап отыру;
- университетте жүргізілген тәрбие жұмыстарының нәтижелілігіне баға беріп, анализ жасау, мониторинг жүргізу.
Департамент жүйесі
Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі
Қоғамдық тамақтандыру орындары
Байланыс мәліметтері:
Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64










































