ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 2014 жылдың 30 сәуірінде «Кеңес дәуірінен кейінгі елдердегі қазіргі жастардың этноконфессиялық идентификациясы және басымдылығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияның ғылыми бағыттары:

1. Қазақстандағы және шектес мемлекеттердегі жаңа діни қозғалыстар.

2. Этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынастардың әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық-саяси және экономикалық құрамдастары.

3. Қазіргі кезеңдегі конфессиялық саладағы мемлекеттік-құқықтық саясат.

4. Этноконфессиялық мәселелерді айқындаудағы және лаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекет жасаудағы БАҚ-тың рөлі.

5. Діни фундаментализм мен экстремизмді алдын алу саласындағы өзекті мәселелер.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Конференция материалдарын жариялау үшін 2014 жылдың 15 cәуріне дейін толтырылған тіркеу парағы мен Microsoft Оffice Word (2003,2007, 2010) редакторында терілген А4 форматтағы 5 беттен аспайтын мақаланы жауапты хатшының This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жолдауыңыз тиіс. Әр файлда бір ғана жұмыс болуы және мақала авторының тегімен аталуы қажет. Ғылыми мақала секцияның тақырыбымен сәйкес, өзекті, ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы тиіс. Сонымен қатар төменде көрсетілген орфография, тыныс белгілерінің ережелеріне және ресімдеу талаптарына сай болуы қажет.

Баянадамаларды ресімдеуге қойылатын талаптар:

• шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman /12 pt/; аралық - бір, үстіңгі жағы – 2,5 см., астыңғы жағы - 2,5 см., сол жағы – 3 см., оң жағы – 2 см.; абзац шегінісі – 1 см.

• беттің үстіңгі жағында – кіші әріппен жазылған баяндаманың аты, оның астында бір аралықта, кіші әріппен автордың тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері, кіші әріппен жұмыс орны және қаласы, содан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек;

• формулалар Microsoft Equtioin формуласының редакторы үлгісінде орындалуға тиіс, суреттер (қара-ақ, бояусыз) сканерлеу JPEG, JPG формасында 300 dpi кем емес;

• пайдаланған әдебиеттер тізімі мәтін соңында көрсетіледі және тізім ретімен сәйкес теріледі. Әдебиетке сілтеме тізімдегі жұмыстың нөміріне сай «төртбұрышты» жақшаға алынады. Сілтемелерді қолдану кезінде пайдаланған әдебиеттің парағын көрсету қажет. Мысалы: [1, 12 б.].

Толтыру үлгісі:

Жауапты хатшы аталған талаптарға сай рәсімделмеген материалдарды қабылдамауға құқылы. Мақалалардың қабылдануы жөніндегі ақпарат мақаланы ашқан сәттен бастап 1 тәулік ішінде Сіздің электрондық адресіңізге жіберілетін болады.

Мақаланың жинақ басылымына қабылдануы мақұлданған жағдайда тіркеу жарнасының құны «Цеснабанктің» жергілікті бөлімшесі немесе университеттің есептік шотына аудару арқылы төленуі тиіс. Ғалымдар үшін жинақтың бағасы - 2500 теңге, магистранттарға, студенттерге – 2000 теңге, ТМД және алыс шет елдердің қатысушылары үшін – 3000 теңге (16 $). Конференцияға қатысушылар конференция материалдары жинағының бір данасын алады. Жарна «Цеснабанк» бөлімшелері арқылы «Этноконфессиялық идентификациясы» деген белгімен есеп айыру шотына аудару жолымен төленеді. Төленген туралы түбіртектің электрондық көшірмесін үш күн ішінде жауапты хатшының электрондық поштасына жіберіледі.

Конференция сұрақтары жөнінде мына мекен-жайға хабарласыуыңызға болады: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 238а кабинеті, ғылым және инновациялар Департаментінің ғылыми-әдістемелік бөлімі, тел.: 8 (718-2) 673-683. Жол жүру және тұрғын үй шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен.

Конференцияға қатысулырыңыз, келулеріңіз және тұрғын үйге өтінімді 2014 жылдың 15 сәуіріне дейін хабарлауыңызды сұраймыз.

Төлем үшін реквизиттер: С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар қ., Ломов көш., 64-үй, РНН 451 800 030 073, БИН 990 140 004 654, АО «Цеснабанк», ИИК KZ 579 98 FTB 000 000 3310, БИК TS ES KZ KA.

 

ТІРКЕУ ПАРАҒЫ

Тегі_______________________________________________________________________

Аты_______________________________________________________________________

Әкесінің аты_______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы____________________________________________________

Ұйым, қызмет______________________________________________________________

Үй мекен-жайы_____________________________________________________________

Телефон__________________________________________________________________

E-mail____________________________________________________________________

Секция___________________________________________________________________

Баяндаманың аты (толық аты) _______________________________________________

Қосымша баяндамашы туралы мәлімет _______________________________________

 

Мен:

• Секция мәжілісінде баяндама жасаймын;

• Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;

• Сырттай қатысамын.

 

Қолы________________

 

Аталған ақпаратты мүдделі тұлғаларға таратқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.

ҚҰРМЕТПЕН,
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ