Білім беруді ақпараттандыру Орталығы (БАО) білім беруді ақпараттандыру және ғылым аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында құрылған.

БАО үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі және жоғары оқу орындарының жаңа құрылып келе жатқан ақпараттық инфрақұрылымының негізгі түйіні, Қазақстан Республикасының «КазРЕНА» ғылыми білім беру компьютерлік желісі пайдаланушылар қауымдастығының аймақтық желілік операциондық  орталығы болып табылады.

 

Жұмыс бағыттары

- ҚР ақпараттандыру аясында федералдық бағдарлама бойынша аймақтық деңгейде (аймақаралық деңгейде мамандандырылғандар үшін) жұмыстың координациясы, оның білім беру қызығушылықтарына бейімделуі.

- Жоғары оқу орнының білім беру жүйесінің бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастыратын жобаларды қамтамасыз ету, құру және ұйымдастыру.

- АКТ-ны оқытуда, ғылыми және ұйымдастырушылық іс-әрекетте қолдану аймағында профессорлық-оқытушылық құрамын даярлау (жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру), кәсіби қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату.

- Педагогикалық бағдарламалық құралдарды, жоғары оқу орнында қашықтықтан оқытуда қолданылатын электрондық оқу курстарын, білім беру мекемелерінің тапсырысы бойынша білім беруді ақпараттандыру аймағында тауарлық өнімді жасау.

- Білім беру саласындағы АКТ-ны кешенді қолдану облысында фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу.

- Кәсіби білім және мәліметтер қоры, мәдениет және білім беру аймағында ақпараттық аймақтық ресурстардың қалыптасуы және жүргізілуі.

- ҚР ғылым және білім берудің бірыңғай ақпараттық-телекоммуникациялық ақпараттық желісіндегі аймақтық тораптарының қызметтерін орындау.

 

Миссия

БАО университеттің құрылымдық бөлімшелеріне, колледжіне, лицейіне қызмет көрсететін және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аймағында мамандандырылған, сонымен қатар университеттің ақпараттық мүмкіндіктерін дамыту мақсатымен көлденең байланыстарын қалыптастыруды және жоғары мектептің аймақтағы инфрақұрылыммен байланысын қамтамасыз ететін С.Торайғыров атындағы ПМУ-ң құрылымдық бірлігі болып табылады.

 

Маңызды мақсат пен міндеттер

  • Білім беруді ақпараттандырудың бірыңғай мемлекеттік саясатын жүргізу;
  • Білім беру аймағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды координациялау және қамтамасыз ету;
  • Университеттің электронды оқу құралдарын құру;
  • С.Торайғыров атындағы ПМУ-ң ақпараттық білім беру желісін құру;
  • С.Торайғыров атындағы ПМУ-да жоғары ақпараттық мәдениетті қалыптастыру және оны жоғары білікті кадрлар арқылы тарату.

 

Орталықтың құрылымы

  1. Оқыту үрдісін ақпараттандыру бөлімі
  2. Университетті басқаруды ақпараттандырудың бөлімі
  3. Университетті ақпараттандыруды техникалық қамтамасыз ету бөлімі
  4. Қашықтықтан оқыту және IT-promotion бөлімі



1_k

 

Білім беруді ақпараттандыру орталығы директорының м.а. - Павел Юрьевич Шеломенцев.

Білімі: жоғары: С. Торайғыров атындағы ПМУ «Экономика және машина жасаудағы басқару» мамандығы

Жұмыс тәжірибесі: 16 жыл

Жұмыс телефоны: 673633 (ішкі 1271)

Электрондық адресі: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кабинет нөмірі, корпус: БОҒ, А1-103

 

 

 

Офистің мекен-жайы:

Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, А1-103.

тел.: +7(7182) 673633 (1271)

Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.