Кафедраның құрылу тарихы
1960 жылы Павлодар индустриалдық институты ашылғаннан бастап дене шынықтыру және спорт кафедрасы қызметін атқарады. Кафедра дене шынықтыру бойынша сабақтарын өткізуін қамтамасыз етеді. Кафедраның спорттық клубы қызмет атқарады, онда 10 жылдың ішінде 22 спорт шеберлері және спорт шеберіне үміткерлері, 3206 дәрежелі спортшылары дайындалған болатын.
2008 ж. университет 050108 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша лицензия алған. 2008 жылы сырттай оқыту формасы ашылды. Жеткілікті материалдық-техникалық база, білікті профессорлық-оқытушылық құрамы арқылы дене шынықтыру және спорт саласы бойынша мамандардың сапалық даярлығы қамтамасыз етіледі.
Кафедра басшылығы

Юрий Анатольевич Мастобаев - п.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі. Ол 1989 жылы дене мәдениеті және спорт мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын аяқтап, 2006 жылы психология мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді.
2007 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде біріктірілген диссертациондық кеңесінде «13.00.08 – Кәсіптік білім теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ЖОО-ның қызметкерлерін басқарушыларының шешім қабылдауын қалыптастыру» тақырыбындағы педагогикалық ғылым кандидатының ғылыми дәрежесіне ізденуші диссертациясын қорғады.
2011ж. доцент (ассоциацияланған профессор) ғылыми дәрежесіне ие болды. 35-тен астам публикациялары бар, электронды оқу құралына авторлық куәлікке ие болды, Қазақстандық және Ресей ЖОО-ның ОҚЖ біліктілігін жоғарлату үдерісінде зерттеу нәтижелері еңгізілген.
2013 жылы «Оқу үдерісіндегі қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану» атты тақырыбы бойынша 72 сағат көлеміндегі біліктілікті жоғарлату курсынан өтті.
2013 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі құрмет грамотасымен «Көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен тәрбиелеу ісіндегі жеткен жетістіктері үшін» марапатталды.
Кафедраның орналасқан мекен-жайы: С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ломов к-сі, 64, дене шынықтыру және спорт кафедрасы (спортзал), тел. 8(7182) 673669, (1148).




































