Мақсаты: Дарынды студенттік жастарды қолдау, мемлекеттік жастар саясатын дамыту аясында шығармашылық қабілеттері мен зияткерлік әлеуетті дамыту.
Міндеті: ЖОО-ның дәстүрлерін сақтап қалу мен дамыту; жастардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттіктерін ашып дамыту; студенттік жастарды қоғамдық жұмысқа тарту; келешек журналистика мамандығы иегерлерінің тәжірибелік, профессионалды өрісін арттыру болып табылады.
Қызметі: Жастардың қызығына айналған радио орталық - университеттегі маңызды ғылым, білім және ойын-сауық саласындағы ақпараттарымен қамтамасыз етіп, студенттер мен оқытушыларды оқу үрдісіндегі өзгерістермен, университет қабырғасындағы өтіп жатқан ректорат, жастар ұйымдарындағы жүргізіліп жатқан түрлі шаралары мен жұмыстарымен таныстырады.