Студенттердің кәсіподақ комитеті
Жетекшісі: Сапабеков Досмұхаммед Қылышбекұлы - филология магистранты, «Педагогика және психология» мамандығының PhD докторанты.
Мақсаты:
- студенттердің құқықтарын қорғау;
- студенттерді әлеуметтік жағынан қорғау;
- студенттердің бос уақытын ұйымдастыру.
Студенттердің кәсіподақ комитеті студенттердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы, бос уақытын ұйымдастыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттерінің кәсіподағы Скауттық қозғалыс, Павлодар облысының балалар және жастар қауымдастығы, Жастар маслихаты сияқты қаланың ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасайды.
Студенттер кәсіподағы түрлі форматтағы іс-шараларды өткізеді: жеңілдіктері бар студенттік киносеанстарды, дискотекалар, футбол, бильярд және боулинг бойынша чемпионат, көрмелер, акциялар, КТК және т.б. Жыл сайын университет Наурыз-мейрамын тойлайды. 2007 жылдың наурызында орталық алаңдағы киіз-үйдік қалада 13 киіз-үй тұрғызылды.
Студенттердің кәсіподақтық комитеті түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді. С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттерімен бірлесе отырып, «Балалар баспанасы» мемлекеттік мекеме және «Малютка» сияқты балалар үйлерінде қайырымдылық шаралары өткізілді.
Одан басқа, студенттердің кәсіподақтық комитеті студенттер Үйлерінде Жаңа Жыл шыршасын өткізеді. Мұнда түрлі сайыстар өткізіледі, жеңімпаздар түрлі жүлделермен марапатталады.
Мекен-жайы:
Ломов к-сі 64-үй (С.Торайғыров атындағы ПМУ, Бас оқу ғимараты) – 340 каб.