Кафедраның құрылы тарихи

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі химиялық технологиялар кафедрасы 1996-1997 оқу жылында «Химия» кафедрасының базасында құрылды. Бұл 1993-1994 оқу жылында университет алғаш төмендегідей мамандықтарға студенттерді қабылдауымен байланысты болды: 390140-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және 390240- «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» және 1997 жылдан бастап кафедра осы мамандықтар бойынша жүргізілетін пәндердің барлығын сапалы түрде беруді қамтамасыз етті. Университет басшылығы осы мамандықтарды ашуды өзекті деп санады, себебі Павлодар қаласында үш үлкен химиялық өнеркәсіп жұмыс істейді. Олар: ААҚ «Павлодархимиялық зауыты», АҚ «Павлодар мұнай химиялық зауыты» және АҚ «Алюминий Қазақстан», сондай – ақ Ақсу темірқорытпа зауыты, аудандағы энергетикалық өнеркәсіптердің химиялық цехтары және химиялық технологияны қолданатын басқа фирмалар қатары.

Химия және химиялық технололгиялар кафедрасы химик-технологтардың 16 рет түлегін шығарды және олар аудандағы химиялық өнеркәсіптер үшін таптырмайтын мамандар болып саналады. Қазіргі уақытта БЗХТ, ОЗХТ, Химия мамандықтарының студенттер мен магистранттар саны 200-ге жуық адамды құрайды.

Қазіргі уақытта химия және химиялық технологиялар кафедрасы оқу үрдісіне ғылыми және өндірістік іс әрекетте жоғары деңгейде мамандандырылған оқытушы – профессорлар құрамын тартуда.

Кафедра бакалавриаттың және магистратураның келесі мамандықтары бойынша:

5В072100, 6М072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»;

5В072000, 6М072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»;

5В060600, 6М060600 – «Химия» шығарушы.

Кафедра университеттің бас ғимаратында орналасқан, мекен-жайы: Павлодар қ., Ломов көшесі 64, 511 кабинет. Кафедра құрамында 7 лаборатория бар: А - 502 физикалық және коллоидтық химия, А - 503 жалпы химия, А-504 органикалық химия, А-505 жалпы химия, А-516 талдаудың физика-химиялық әдістері, А – 518 органикалық химия, А-520 аналитикалық химия. Кафедраның байланыс телефоны: 67-36-51, ішкі 1173.

  

Кафедра басшылығы

Т.А.Ә.: Елубай Мадениет Азаматұлы

Лауазымы: кафедра меңгерушісі 

Ғылыми, академиялық дәрежесі: Химия ғылымдарының кандидаты 02.00.15 - Катализ

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті, қауымдастырылған профессор (доцент)

Білімі: Жоғары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Органикалық заттардың және материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы, 2006 ж.

Оқытатын пәндері: Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, Химиялық кәсіпорындардың жабдықтауы және материалтану, Мұнай және газды өңдеудің химиясы және технологиясы, Органикалық синтез, Мұнай, газ және полимерлерді өндеудің процестері, Мұнайгазды өңдеудің  машиналары мен аппараттары

Жұмыс өтілі: 10 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: 15-тен астам ғылыми еңбектері, соның ішінде:

1. Shakieva Т.V.,  Yelubay M.A. Тhe mechanism of phenol oxidation by oxygen at the presence of nitrogen oxides and cobalt complexes fixed on humic acid // III Международная конференция «Катализ: теория и практика». – Новосибирск. – 2007. – РР-II-115. – С. 375-376.

2.Емельянова В. С., Шакиева Т. В., Елубай М. А., Сулейменов М. А. Окисление и сульфоокисление фенола кислородом в присутствии оксидов азота и закрепленных на полиакриловую кислоту комплексов кобальта // Вестник КазНУ. Сер. хим. – 2010. – №1 (57). – С.189-194.

Ғылыми зерттеу саласы: Катализ, мұнай химиясы.

Кәсіби жетістіктері: Профессиональные достижения: Кандидаттық диссертацияны қорғады, 2010 ж. 

 

Біздің мекен-жайымыз: С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ломов к-сі, 64, каб. 511

Тел. 8(7182) 673651, ішкі 1173

 

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Оқу-зертханалық база

Профессор-оқытушылар құрамы

«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының 2012-2013 оқу жылындағы жетістіктері

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Оқу-әдістемелік жұмыс

Тәрбие жұмысы

Үздік түлектері

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары