Біліктілікті арттыру орталығы
Біліктілікті арттыру орталығының директоры - Бастенова Сания Каратайқызы
Қызметінің бағыты:
Біліктілікті арттыру факультеті ПМУ-дың білім беру қызметін лицензиялау шеңберінде университеттің профессорлық-оқытушы құрамының, сонымен қатар түрлі саладағы ұйымдар басшылары мен мамандарының біліктілігін арттыруын жүзеге асырып, ұйымдастыратын С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімі болып табылады.
Басты мақсаттары мен міндеттері:
- қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын игеру үшін жағдай жасау;
- университеттің, ішкі ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерінің кәсіптік қайта даярлануын және біліктілік деңгейін арттыру;
- басымды отандық және шетелдік тәжірибедегі ғылым мен техниканың сәйкесінше салаларында болып жатқан жаңа жетістіктер туралы білім алуда мамандар қажеттілігін арттыру;
- қала ұйымдары мен мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша кеңес беру;
- бағдарламалар, жобалар, ұсыныстар және жұмыс саласы бойынша басқа да құжаттар мен материалдардың ғылыми негіздемесі;
- университет қызметкерлерін, басқа ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау сапасын арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік материалдарын жасау;
- Апробация, оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін енгізу, білім беру және басқа кәсіптік іскерл ікті ақпараттандыру, халықаралық коммуникативтік желіге шығу;
- ғылыми-техникалық, ғылыми-экономикалық және ғылыми-педагогикалық тәжірибені оқып-білу, жалпылау, әрі тарату.
Қосымша ақпарат
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан және Ресей аймағындағы Сібірдің 40-тан аса жоо-ды байланыстыратын "Сібір ашық университеті" Ассоциациясы мүшелерімен шарт жасалды.
Біліктілікті жоғарлату формалары белгілі мамандықтар бойынша курстар, семинарлар, кафедра және кәсіпорындағы өндірістен үзбей жеке сынақ істер, тренингтер, жазғы мектептер болып табылады. Қазақстан және жақын шет елдердің жетекші ғылымдары арнайы пәндердің оқытудың өзекті мәселелері бойынша арнайы семинарлар жүргізу үшін шақырылады.
С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың бліктілікті арттыру факультеті мамыр - маусым айында семинар өткізеді:
• 2012 жылдың 23-25 мамыр айында облыстық депутаттары үшін.
Тақырыбы: «Нұр Отан» ХДП-ның азаматтық қоғамның құрылуындағы ролі».
• 2012 жылдың 26-28 маусым айында ЖОО-ның шет тiлдерiнiң оқытушыларға үшін.
Тақырыбы: «Integrating the interactive web into teaching English as a Foreign Language».
Студенттер үшін курстар
Кәсіпорындағы еңбекті қорғаудың маңызды эргонометриялық сұрақтары.
Бөлім қызметкерлері:
Байланыс мәліметтері:
Павлодар к., Ломов к., 64
БОК, А-222, А-340
тел.: +7 (718-2) 673657 (11-62, 11-82)
e-mail:
Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек.