Кәсіби білімдердің тиімділік деңгейін арттыру мақсатында, жұмысшылардың кәсіптік сапаларын жетілдіру мен олардың жаңа еңбек функцияларын орындауға даярлау, сондай–ақ бірыңғай жалпы университеттік инновациялық инфрақұрылымды құру мақсатында 2012 жылғы 18 сәуірде С. Торайғыров атындағы ПМУ Инновациялар мен технологиялар трансфертінің аймақтық орталығы ашылды. Орталық өзінің қызметін ғылыми зерттеулердің тиімділігін, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар мен жаңа ғылымды қажет ететін өнімді тудыру бойынша қосалқы мен терең зерттеулерді жүргізуді, оқу үрдісінде өндірісте алынған нәтижелерді пайдалануды тездетуді, ғылыми жұмыс пен университеттегі оқу - тәрбиелік үрдіспен ынтымақтастықты әрі қарай дамытуды қамтамасыз етуді, ғылыми - зерттеу саласындағы халықаралық сферада байланыстардың нығаюын арттыру мен дамыту үшін жүзеге асырады.

Мақсаты: Аймақтың өнеркәсіп экономика секторы мен университеттің білім беру мен ғылыми потенциалының интеграциясы, университеттің ғылыми - техникалық потенциалды және Павлодар облысының мүдделі кәсіпорындарымен инновациялық қызметтің даму жолымен толық пайдалануды қамтамасыз ету, кәсіпкерліктің дамуы, тездетілген индустриалды - инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыруына көмектесу.

Міндеттер: Ғылыми зерттеулердің, ашылымдар мен өнертабыс нәтижелерін өндіріске енгізуге қызметі бағытталған, аймақтағы инновациялық кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайлы инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуы, университет ғалымдарының ғылыми зерттеме нәтижелерін ұсыну мен олардың жаңа тауарлар мен инновациялық технологиялар түрінде нарыққа шығуы, ашылымдар, өнертабыстар мен инновациялар облысында бірыңғай жалпы республикалық ақпараттық кеңістіктің қалыптасуында университеттің қатысуы, университеттің ПОҚ, магистранттар мен PhD докторанттарды инновациялық өнімге мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша сайыстарға белсенді тарту.

Қызметі: кіші және орта инновациялық кәсіпорындардың ұйымдастырылуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайларды жасау, ЖОО ғалымдардың, оқытушылардың, студенттердің, магистранттар мен PnD докторанттардың ойлап табуларын, ғылыми – зерттеу мен тәжірибелі – конструкторлық жұмыстар нәтижелерінің өндірістік игерілуі үшін бақталастыққа қабілетті, экспортты–бағытталған және импортты–орын ауыстыратын технологияларды, тауарларды, қызмет көрсетулерді құру мен оларды тұтынушыға коммерциялық негізде жеткізу.

Инновациялар мен технологиялар трансфертінің аймақтық орталықтың негізгі штат қызметкерлер саны 3 адам: директор - Смаилов Сергей Темірболатұлы, біліктілігі жоғары деңгейлі мамандар – Абылхасанов Т. Ж., Құсайнова Ж. С.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңару – Қазақстан дамуының негізгі векторы» атты жолдауы мен 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның тездетілген индустриалды – инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламаны орындау шегінде, іздеушілік, республикалық және облыстық, бас ғылыми бағыттар бойынша ғылыми – техникалық бағдарламалардың жүзеге асуында қатысады.

Университеттің ғалымдарымен «Инновациялық нәтижеге бағытталған университет ғылымының мақсатты дамуы» мен «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» ҚР БжҒМ бюджеттік бағдарламалар шегінде 18 инновациялық ғылыми жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Сондай –ақ, шаруашылық келісім-шарт тематика шегінде ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

Негізгі тапсырыс берушілер Павлодар аумағының «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, «Кастинг» ЖШС, «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Казэнергокабель» АҚ, Ертіс ауданының «Қызылжар Курумсы» ТШ ЖШС, Ақтоғай ауданының «Ақтоғай-Агро» ЖШС, Павлодар облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы және басқалары болып табылады.