«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының 2013-2014 оқу жылындағы жетістіктері

1. Оқу-әдістемелік жұмыс

2013-2014 оқу жылында кафедраның 3 оқытушысы «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендия иегерлері болды және University of Reading (Ұлыбритания), Lund University (Швеция) уиверситеттерінде ғылыми тағылымдама өтті.

Кафедра оқытушылары Несмеянова Р.М., Кузьмин В.С., Ковтарева С.Ю., Оралтаева А.С., Тугамбаева Т.Б. «ПМХЗ» ЖШС кәсіпорнында өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқу және тағылымдама өтті.

2. Академиялық ұтқырлық және шетелдік дәріскерлер

– студенттер мен магистранттар арасында академиялық ұтқырлықтың сыртқы және ішкі бағдарламалары жүзеге асырылады:

- 2013-2014 оқу жылында 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 5В072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтарының 5 студенті күзгі және көктемгі семестрлерде University of Warsaw (Польша) және Рига техникалық университетінде (Латвия) оқу процесіне қатысып білім алды.

- «Химия» мамандығының магистранттары Карибаева А. Томск ғылыми зерттеу ұлттық политехникалық университетінде (Ресей) және Ақыш З. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде (Алматы) оқыды.

- 2013-2014 оқу жылында кафедрада шетелдік ғалымдар Dr. Tibor Pasinszki (Венгрия), Dr. Peter Szalay (Венгрия), Dr. Gyorgy Tarczay (Этвас Лоранд Университет, Венгрия) және дәрістер жүргізді.

3. Ғылыми жұмыс

- 2012-2013 оқу жылы ПОҚ 5 оқу-әдістемелік зерттеме және 29 ғылыми мақала жарияланды;

- студенттер кафедраның ғылыми зерттеу жұмысында белсенді қатысады. 2013 жылы ПОҚ және студенттер бірігіп 9 мақала жариялады;

- «Компания Нефтехим LTD» ЖШС базасында кафедра филиалы 2 бағыт бойынша жұмысын жалғастыруда: 1) студенттердің өнеркәсіптік тәжірибеден өтуі мен бар технологияларға сәйкес курстық және дипломдық жобаларды орындау; 2) ПОҚ зауыт жұмыскерлерімен бірге INTECH-ENERGY XIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағында «Новые процессы, технологии и материалы в нефтяной отрасли XXI века» (Мәскеу қ.) мақаласы жарияланды;

- «Компания Нефтехим LTD» ЖШС кәсіпорнында кафедраның филиалы келесі бағыттағы жұмысын жалғастыруда: студенттердің кәсіптік тәжірибе өтуі және кәсіпорындағы бар технологияларға сай курстық және дипломдық жобаларды орындау;

- студенттер М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік химия-технологиялық университетінде (Шымкент қаласы) химия-технологиялық мамандықтар бойынша өткен дипломдық жобалардың Республикалық байқауына қатысты. Онда студент Головатая А. 5В072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша ІІ дәрежелі диплом, ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Масакбаева С.Р., ал студент Калиакбарова Ж. 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша ІІІ дәрежелі дипломға ие болды, ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Тугамбаева Т.Б.;

- жас ғалымдар, магистранттар, студенттер және мектеп оқушыларының «XIV Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясында ХТОВ-302 тобының студенті Кучерявых В.К. 1 орынға, осы топтың студенті Тулегенов А.М. – 2 орынға, ал ХТОВ-202 тобының студенті Смельская А.В. 3 орынға ие болды.