Біліктілікті арттыру және жоспарлау орталығы
Біліктілікті арттыру және жоспарлау орталығы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі. Қызметі «Қосымша кәсіби оқыту» мемлекеттік лицензиясының қосымшасына сәйкес келеді.
Жұмыстың мақсаты:
Жүйелі, мақсатты бағытталған біліктілікті көтеру және университеттің профессор-оқытушылар құрамының қызметінің нәтижелілігі мен кәсібилігі үшін жағдай жасау.
Қызметтің бағыты:
Университеттің профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін көтерудегі тұтастықтағы ғылыми-әдістемелік жүйе.
Біліктілікті арттыру және жоспарлау бөлімінің жұмысы «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарымен» және «Біліктілікті арттыру орталығының 2012-2013 оқу жылдарына арналған жұмыс жоспарымен» келісілген.
Мақсаты мен міндеттері:
- қосымша кәсіби білімнің білім бағдарламасын меңгеру үшін жағдай жасау;
- алдыңғы қатарлы отандық және шет елдік тәжірибеде ғылым мен техниканың сәйкес салаларында жаңа жетістіктер туралы білім алуда мамандардың қажеттілігін қанағаттандыру;
- оқытушыларда заманауи кәсіби ойлауды қалыптастыру. ЖОО аралық, халықаралық келісімдер мен бағдарламалар негізінде ПОҚ біліктілігін арттыруды жоспарлау мен ұйымдастыру;
- профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру жүйесін заманауи материалдық-техникалық қамтамасыз етілген және ЖОО-ның басым ғылыми бағыттары саласында жоғары білікті мамандары бар ҚР-ның, жақын және алыс шет елдердің ірі университеттерінің базасында одан әрі дамыту;
- апробация, жаңа технология мен оқытудың әдістемесін енгізу, білім беруді және басқа кәсіби қызметті ақпараттандыру, халықаралық жаһандық коммуникациялық желілерге шығу;
- ғылыми-техникалық, ғылыми-экономикалық, ғылыми-педагогикалық тәжірибені үйрену, жалпылау және тарату.
Біліктілікті арттыру бағыттары:
- тар шеңбердегі мамандықты,
- педагогикалық,
- ұйымдастырушылық-әдістемелік.
Біліктілікті арттыру формалары:
- кафедра пәндері бойынша ҚР және Ресей Федерациясы ЖОО ғалымдарын шақырып арнайы семинар өткізу;
- біліктілікті арттыру курстарында оқу үшін оқытушыларды ҚР және Ресей Федерациясының ЖОО-ларына жіберу;
- басқа ЖОО базасында жеке жоспар бойынша оқу-әдістемелік сынақ мерзімін өткізу;
- қала мен облыстың кәсіпорындарында мамандық бойынша ғылыми-өндірістік сынақ мерзімін өткізу (өндірістен қол үзбей).
«С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру кестесі» ҚР білім беру жүйесінің жетекші және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін көтеру Республикалық институтының педагогикалық мамандық оқытушыларының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ бөлімшесінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша бекітілген. «Өрлеу» БАҰО» АО өткізген курстар Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ базасында (Алматы қ.) бір оқу жылы бойында өткізіледі.
ҚР БжҒМ республикалық бас ЖОО базасында профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мемлекеттік бағдарламасы қызмет жасайды.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мемлекеттік бюджеттік қаржыландыруға енгізілген ҚР ЖОО-ның кесте-жоспарына сәйкес шақыру бойынша курстарға қатысады.
Академиялық мәселелер бойынша департамент «Болон үрдісін ҚР-да іске асыруға ықпал ететін шаралар кешенін» жасаған.
Біліктілікті арттыру бойынша шаралар тақырыбы мыналарды қамтиды:
- «Білім алушылар білімін бағалаудың құралы мен формалары», тыңдаушылар – кафедра меңгерушілері, ПОҚ, офис-тіркеушілер;
- «С. Торайғыров атындағы ПМУ-дағы оқу үрдісін жоспарлаудың жаңа форматы бойынша семинар» тыңдаушылар-декандар, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, АСД
- «Академиялық ұтқырлық – әлемдік білім кеңестігіне интеграциялау жолы» тыңдаушылар – кафедра меңгерушілері, ПОҚ, офис-тіркеушілер, АСД;
- «ҚР ЖОО-да Болон үрдісін іске асыруға ықпал ететін шараларды жоспарлау» тыңдаушылар-декандар, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, АСД
- «С. Торайғыров атындағы ПМУ-да оқытудың кредиттік технологиясы негізінде оқу үрдісін автоматтандыру» - университет профессор-оқытушылар құрамы үшін
- «С. Торайғыров атындағы ПМУ-дағы оқытудың дуальдық технологиясы» тыңдаушылар – кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, офис-тіркеушілер;
Курстар 2012-2013 оқу жылының екінші жартыжылдығында өтеді.
Тел. 8(7182)673657, ішкі тел. 11-82,11-62.