Дайындық курстары

С. Торайғыров атындағы ПМУ жоғары оқу орнына дейінгі оқу және кәсіптік бағдар факультетінде ҰБТ және кешенді тестілеуге арналған дайындық курстары жұмыс істейді.
Әр айдың 10 күндері әртүрлі оқу мерзімі бойынша жаңа топтар құрылып отырады. Сабақтар ҰБТ және кешенді тестілеуді тапсыру үшін қажетті пәндер бойынша мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі. Дайындық курстарында жоғары мамандандырылған және талапкерлермендайындауда тәжірибелері мол ұстаздар жұмыс істейді: Донцова Валентина Васильевна, Алпыспаева Минар Жұмажанқызы, Сачанов Асхат Төлегенұлы, Кокорева Нина Викторовна, Музалевская Нелли Николаевна, Шпакова Ирина Михайловна, Меркушева Нина Вадимовна, Қасымжанова Роза Қасымжанқызы, Мұсагажинова Айгүл Амантайқызы.
Оқудың төлемақысы оқудың мерзіміне, сағат санына және таңдалған пәндердің сағатына байланысты.
С. Торайғыров атындағы ПМУ түсетін ауыл мектептерінің түлектері үшін жексенбілік тегін дайындық курстары әр күн сайын, сағат 10.00-ден 12.50-ге дейін өткізіледі.
Жыл сайын дайындық курс түлектерінің 80 пайызы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнындарына мемлекеттік гранттарының иесі болады.
Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қ., Ак. Шөкин к., 139, кабинет №202
(металлургия, машина жасау және көлік факультетінің корпусы)
тел. (8-7182)-673650