Академик С. Бейсембаев ат. ғылыми кітапхананың директоры
Исамадиева Саида Ахметовна, Тарих ғылымдарының кандидаты

Мен кітапханаларды ақыл-білім адамгершілік, парасат-иман ордасы, ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға тиісті ең жанкешті сақшылары санаймын.
Әбіш Кекілбайұлы, халық жазушысы
Қымбатты дос!

С.Торайғыров атындағы ПМУ академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасы Қазақстандағы ең ірі кітапханалардың бірі болып табылады. Кітапхана қоры 872235 дана құжатты құрайды, оның ішінде білімнің барлық салалары бойынша екі мың данадан астамы электронды тасымалдаушыларда. Жыл сайын кітапхана қорына 40 мың дана жаңа ғылыми және оқу басылымдары қағаз және электронды тасымалдаушыларда, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, ТМД елдері мен Еуропаның 400-ге жуық журналдары мен газеттері түсіп тұрады. Кітапхана қызметімен 13000 тұтынушы қамтамасыз етілген. Оларға 1 млн. данадан астам басылым беріледі.
Кітапхана құрылымында 8 технологиялық бөлім бар. Тұтынушыларға 4 абонемент, 10 оқу залы, медиатека, ғылыми-библиографиялық бөлім залы, автоматтандырылған каталогтар залы, сирек кітаптар қоры және электронды ресурс залы қызмет көрсетеді.
Кітапхана қоры жан-жақты саланы қамтиды. Құнды құжаттар қатарына диссертациялар мен диссертация авторефераттары, Қазақстанның және ТМД-ның ірі жоғары оқу орындарының еңбектері мен ғылыми жазбалары, ғылыми конференциялар материалдары, ҒЗЖ және ТКЖ бойынша есептер жатады. Университет сатып алған және қоғамдық ұйымдар сыйға тартқан шетел әдебиетінің түпнұсқалар коллекциясы бар. Құнды басылымдар ішінде: 22 томдық «World Book» энциклопедиясы, «The millennium» әлем мәдениетінің 250 үздік шығармаcының коллекциясы. Құрамында 18, 19 ғасырлардың және 20 ғасырдың басындағы басылымдары бар сирек кітаптар қоры ерекше мақтанышқа ие: «Святослав жинақтары» 1703 ж., «Адамның пайда болуы» Ч.Дарвин 1872 ж., «А.Н.Плещеевтің өлеңдері» 1894 ж., В.Дальдің «Түсіндірме сөздігі» 1914 ж., «26 томдық Техникалық энциклопедия» 1927-1934 ж.ж. Бүгінде сирек кітаптар қорында 1,5 мың данадан астам кітап бар. Оның мазмұнын ашу мақсатында «Сирек кітаптар коллекциясы = Коллекция редких книг» көрсеткіші жасалған.
Кітапхананың Анықтамалық-іздеу аппараты жан-жақты іздеу мүмкіндігін береді және оның құрамына дәстүрлі де, электронды да элементтер кіреді: каталогтар, картотекалар, «Кітаптар», «Мақалалар», «Диссертациялар» библиографиялық мәліметтер базасы, Павлодар Прииртышьесі, Біздің университет және Академик С.Бейсембаев туралы университет оқытушыларының оқу-әдістемелік басылымдарының (ТДБ) толық мәтінді деректер базалары бар. Толық мәтінді деректер базасы республикалық - «Заң = Закон», «Казпатент» деректерімен толықтырылып отырады. «Студенттік электронды кітапхана» ақпараттық-іздеу жүйесін толықтыру жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады.
Жаңа әдебиеттерді насихаттау мақсатында ай сайын Ақпарат күні, жаңа кітаптар көрмесі өткізіледі, «Жаңа кітаптар» бюллетені шығарылып, ПМУ сайтының «Ғылым» бөлімінде жарияланады. Кітапхана өткен жыл бойына ғылыми кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттер туралы бюллетень деректерін жариялайтын «ПМУ ҒК кітаптарының жылнамасы» ақпараттық көрсеткішін шығарады. Көрсеткіш электронды түрде таратылады.
Ақпараттық-библиографиялық қызметте библиографиялық көрсеткіштер, «Жаңа кітаптар» әдебиеттер тізімін жасау ерекше орын алады. «ПМУ ғалымдары», «Павлодар облысының әдебиеті және өнері» сериялы библиографиялық көрсеткіштер, «Қазақ жерінің ғылым озаттары» өлкетану библиографиялық көрсеткіші, «Кітапхана ісі: теория және тәжірибе» библиографиялық тізімі жасалады. С.Торайғыров атындағы ПМУ өткізген конференциялар материалдарының көптомдық басылымдарына көмекші көрсеткіштер шығарылды: «Сатпаев оқулары», «Алғашқы Ержанов оқулары», «Торайғыров оқулары», «1 Педагогикалық оқулар». Көмекші көрсеткіштер көптомдық басылымға енген материалдарды тез табу мақсатында жасалған. Дәл осы мақсатта «ПМУ хабаршысы» журналы мазмұнының көрсеткіші» жасалды.
Университеттің оқу-тәрбие процесіне көмек үшін үлкен жұмыстар атқарылады. Басты көңіл ПМУ ғалымдарының еңбектерін насихаттауға, өлкетану тақырыптарына, қызметкерлерге, салауатты өмір сүру, мәдени мұралар, экология, студенттер шығармашылығына бөлінеді. Жыл сайын 25-тен астам іс-шара өткізіледі. Едәуір қызықты және оқырмандарға ұнаған осы жылғы шараларға «Тіл және мәдениет: қызметі мен қарым-қатынасы», «Әлем таныған Қазақстан» оқырмандар конференциясы, павлодарлық ақын В. Семерьяновтың шығармашылық кешін жатқызуға болады. Этномәдени бірлестіктердің гректік «Эльпида», еврейлік «Меркас», қазақстанның корей бірлестігінің кездесуі болды.
Кітапхана қызметінің оқырмандарды қанағаттандыруын және оқу процесіндегі рөлін анықтау мақсатында оқырмандар арасында ұдайы сауалнама жүргізіліп тұрады. «Кітапхана менің өмірімде» атты соңғы сауалнамада кітапхана қызметінің барлық саласы қамтылған: қордың жағдайы, жұмыс мазмұны, оқырмандар мен кітапханашылардың қарым-қатынасы. Сауалнама 15 сұрақтан тұрды, қорытынды ретінде «Кітапхана менің өмірімде» тақырыбына эссе жазу ұсынылды.
Жылдан жылға кітапхана қызметінің ауқымы өсе түсуде, технологиялар жетілдіріліп, материалды-техникалық база жақсартылуда, келбеті оқырмандардың көз алдында өзгеруде. Осының барлығы кітапхананы жетілдіру жобалары мен бағдарламалары нәтижесінде жүзеге асуда. «Ғылыми кітапхананы автоматтандыру», «2006-2008 ж.ж. академик С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананы жетілдіру бағдарламасы» нәтижелі аяқталды: компьютерлендіру енгізілді, жаңадан екі бөлім ашылды, кітапхана қоры едәуір толықтырылды, қызметкерлердің кестелік саны өсті, ай сайын кітапхана қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіліп тұрды, кітапхана аумағы кеңітілді. Бүгінгі күнде мемлекеттік тілде оқушыларды мамандықтар бойынша кітаппен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында 2008-2010 ж.ж. «С.Торайғыров атындағы ПМУ-да мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету» Бағдарламасы жұмыс істейді. Аталған Бағдарламаға сәйкес мемлекеттік тілде 105 мың дана басылымды 120 млн. теңгеге сатып алу және шығару жоспарланып отыр.
ПМУ ғылыми кітапханасы жоғары оқу орындарының, колледждер мен мамандандырылған аймақтық лицейлер кітапханаларының облыстық әдістемелік орталығы болып табылады, қарамағындағы кітапханалармен ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық және құрылымдастырушылық жұмыстар жүргізеді.
Ғылыми кітапхана – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының Ассоциациясының мүшесі, Қазақстан кітапханаларының Ақпараттық консорциумының мүшесі.
Академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана – бұл 53 жыл бойы жинақталған бірегей қоры бар, жетілдірілген ақпараттық технологиясы бар, оқырмандарға жайлы жағдай жасалған, жоғары санатты мамандардан тұратын тұрақты да, жұмысқа қабілетті ұжымы бар заманауи білім ошағы, мәдениетті де рухани қарым-қатынас орталығы.
Жұмыс уақыты:
|
Абонемент 9.00 – 19.00 Демалыс күні: жексенбі Емтихандық сессия кезінде: |
Оқу залдары 9.00 – 19.00 Демалыс күні: жексенбі ММжКФ: 10.00-18.00 сенбі 9.00-17.00 АҚФ: 10.00-18.00 сенбі 9.00-17.00 Емтихандық сессия кезінде: |
Каталог залы 9.00 – 19.00 Санитарлы күн - Демалыс күні - жексенбі |
Бүгінгі кітапхана – бұл 8 бөлімнен тұрады:
- Оқу әдебиетімен қызмет көрсету бөлімі
- Ғылыми әдебиеттермен қызмет көрсету бөлімі
- Ғылыми-библиографиялық бөлім
- Қорды толымдау бөлімі
- Әдебиеттерді ғылыми-техникалық өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі
- Әдістемелік жұмыс бөлімі
- Ақпараттық-кітапханалық үрдістерінің компьютерлік секторы
- Қорларды сақтау бөлімі
- 4 абонемент
- 10 оқу залы
Кітапхана тарихы
| 1960 ж. (қараша) | Кітапхананың Павлодар индустриалды институт болып тууы. № 1 тіркеу кітабына бірінші кітаптар жазылды. |
| 1962 ж. | Алғашқы оқу абонементтің ашылуы. |
| 1975 ж. | Кітапхананың арнайы мекемеге ауыстырылуы. |
| 1978 ж. | КСРО Министрлігі жоғары және орта мамандандырылған білімінің шешімі бойынша кітапхана әдістемелік орталығы аталды. |
| 1984 ж. | Кітапханашылар шеберлігінің алғашқы сайысы өтті. |
| 1988 ж. | «ЖОО кітапханасының мәні, сапасын көтеру, оқу-тәрбие жұмысын көтеру» атты тәжірибешілік семинарының өтуі ППИ кітапханасының негізінде. |
| 1990 ж. | ПИИ кітапхана негізінде қалалық Кітапханашы күнін өткізді. |
| 1995 ж. | Кітапхана үрдісін автоматтандырудың басы ҚазМТУ топтау бөлімі (бұрыңғы ПИИ). |
| 1998 ж. | «Кітапхана 4.02» бағдарламасын алуы, электронды каталогты жасау. |
| 1999 ж. | Қазақстанның ЖОО кітапханалар Ассоциациясына кіруі. |
| 2000 ж. | «Колледж кітапханашылар жұмысының білімді ақпараттандыруға жағдай жасау» атты С. Торайғыров ат. ПМУ-дың ҒК негізінде республикалық семинардың өтуі. |
| 2001 ж. | ҒК құрылымында бірінші медиатеканың ашылуы. |
| 2002 ж. | Университет кітапханасының толық қайта өңдеу жұмысы өткізілді. С. Торайғыров ат. ПМУ-дың Ғылыми кеңесінің шешімімен 2002 жылғы тамыздың 13-і университеттің ғылыми кітапханасына академик Серікбай Бейсембаевтың есімі берілді. |
| 2003 ж. | «Жаңа ақпараттық қоғамға жаңа кітапхана» атты республикалық конференция өтті. |
| 2006 ж. | «Кітапханашының оқырманға қызмет көрсетуі» атты ПМУ ҒК негізінде республикалық семинар өтті. |
| 2006 ж. | «2006-2008 ж.ж. академик С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың дамуы» Бағдарламасын бекіту. |
| 2008 ж. | «2008-2010 ж.ж. С.Торайғыров атындағы ПМУ-да мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету» Бағдарламасын бекіту. |
| 2010 ж. |
Қазақ әдебиеті секторын ашу. |
| 2010 ж. |
«Қазақстан халқы кітапханасы» оқу залын ашу. |
| 2011 ж. |
«Қазақстан халқы кітапханасы» оқу залын ашу. «Ирбис» ақпараттық-кітапханалық бағдарламасын енгізу. |
| 2012 ж. |
ҒТАҰО желісіне қосылу |
1998 жылдан бастап жаңадан түскен электронды каталог арқылы «Казахстаника», «ПМУ ғалымдарының еңбегі», «Мақалалар», «Оқулықтар» жүргізіледі. Қазіргі кезде ЭК-ғы жазылған мәліметтер өлшемі 225630.
Оқырмандардың сұрауы бойынша қосымша қызмет көрсетіледі:
- сөздіктерді, анықтамаларды, кітаптарды CD немесе дискетаға көбейту
- университет бойынша анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету
- жаңа әдебиет туралы ақпарат беру
- ақпараттық-библиографиялық ізденіс әдістемесі кеңес беру
- ғылыми жұмыстың библиографиялық ресімдеу жолдарына кеңес беру
- университет студенттері мен оқытушыларына мәдени шаралар өткізу
Кітап қоры 872235 астам баспа бірлігінен, 2995 жуық CD-дискіден, бейнекассеталардан және аудиокассеталардан тұрады. Бір жыл ішінде қор 40 мың жаңа кітапқа, 400 атаудан астам журнал мен газетке толықтырылады.
Байланыс мәліметтері:
Павлодар қ., Ломов к-сі, 64, ГУК
тел. 8-7182-67-36-84
(ішкі тел.: 12-37 ғылыми-библиографиялық бөлім; 12-02 қазақ әдебиеті секторы; 11-44 ҒК директоры; 11-45 абонемент)
e-mail:
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.





































