Магистратура және PhD докторантурасы
Магистратура
С. Торайғыров атындағы ПМУ-да магистрлерді дайындау 44 мамандық бойынша жүргізіледі.
Магистрлерді ғылым кандидаттары мен магистрлерінен, докторларынан тұратын жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы оқытады.
Толығырақ
PhD докторантурасы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2010 жылғы 05 сәуірдегі №697-1783/10-3 хатына сәйкес С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті PhD докторантураның төмендегі 4 мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алды:
1. 6D010300 Педагогика және психология;
2. 6D050600 Экономика;
3. 6D060700 Биология;
4. 6D071800 Электрэнергетика
PhD докторантураның ашылуының негізгі мақсаты мамандарды дайындаудың (бакалавриат - магистратура – докторантура) дүниежүзілік стандартына сәйкес жүргізілуі аймақтағы жоғары оқу орындары арасында бәсекелестікте рейтингтік көрсеткішін жоғарылатады.
Докторантурада оқу тек қана күндізгі түрі бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыс негізінде жүргізіледі.
«Кіру» кезінде докторант докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеру үшін барлық пререквизиттерін алу керек. Қажетті пререквизиттердің тізімін жоғары оқу орны дербес белгілейді. Қажетті пререквизиттері болмаса докторант оларды төлем ақы негізінде меңгереді.
Тек қана докторант толық барлық пререквизиттерін меңгеріп алғанда ғана докторантурада оқу басталады.
Докторантура басты оқу корпусында орналасқан. Мекен-жайы: Ломов көш.64, А-219а кабинеті, байланыс телефоны 673-689 (ішкі 1184).