Неге Сіз С. Торайғыров атындағы ПМУ оқуды таңдадыңыз?






Нәтижелер
 

Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

Қазіргі уақытта порталда 275 қонақтар 
 

Қашықтықта оқыту

 
 

Ғылыми-библиографиалық бөлім

 

Бөлім меңгерушісі - Курбатова Надежда Константиновна

ППҚ мен студенттерге сапалы түрде анықтамалы-библиографиялық ақпараттарды жеткізуде бұл бөлім келесі қызметтерді көрсетеді:

  • Құжаттардың библиографиялық деректерін анықтау;
  • Құжаттың орналасқан жерін анықтау;
  • Фактографиялық деректерді анықтау;
  • Деректердің базасында, картотекаларда, рефераттық журналдарда және басқа библиографиялық басылымдарда тақырып бойынша әдебиеттерді іздеу;
  • Диссертациялық және мақалалық әдебиеттер тізімдерін тексеру;
  • Ағымдағы әдебиеттер туралы үнемі ақпарат беру (Ақпарат күні, жаңа әдебиеттермен танысу, «Жаңа кітаптар» бюллетені);
  • Библиографиялық көрсеткіштер мен тізімдерді алу және құрастыру.

Бөлімде үлкен анықтамалық-библиографиялық қор бар (универсалды, тақырыптық және салалық энциклопедиялар, сөздіктер және анықтамалар, библиографиялық көрсеткіштер, библиографиялық және мәтіні толық деректер базасы)

 

Оқырмандарға ғылыми-библиографиялық бөлім ұсынады:

  • ақпараттық қажеттілікті барынша толық қанағаттандыру;
  • библиографиялық қызметті «сұрақ-жауап» тәртібі бойынша көрсету;
  • қажетті тақырып бойынша және кітапхана қорына түскен жаңа әдебиеттер жайында жүйелі түрде ақпараттық қызмет көрсету (Ақпарат күні, жаңа әдебиеттер байқауы, «Жаңа кітаптар» бюллетені, оқытушы-професорлық құрамды іріктеп (саралап) және сигналдық ақпараттандыру).

 

Ғылыми-библиографиялық бөлімнің басылымдары:

- ПМУ хабаршысы=Вестник ПГУ. Указатель содержания 1997-2004 г.г.;

- ПМУ ҒК кітаптарының жылнамасы=Ежегодник книги НБ ПГУ;

- Справочный том к изданию «В рамках программы Этнокультурные исследования Павлодарского Прииртышья (2001-2003 г.г.)».

Библиографиялық көрсеткіштердің сериялары:

- ПМУ ғалымдары;

- Бұрынғы ойшылдар (Ж. Баласағұн, М. Қашғари, М.-Ж. Көпеев);

- Павлодар-Ертіс өңірінің әдебиеті мен өнері=Литература и искусство Павлодарского Прииртышья

 

Библиографиялық деректер базасы

  • «Кітаптар» БДБ-сы кітапхананың құжаттық (кітаптар, кітапшалар, электрондық және мультимедийлік құжаттар) қорын көрсетеді.
  • «Мақалалар» БДБ-сы мерзімді және жалғасты басылымдар, соның ішінде ПМУ ғалымдарының еңбектері жайлы ақпарат береді.

 

«Заң» толықмәтінді деректер базасы

«Заң» ТДБ – мемлекеттің қазақ және орыс тілдеріндегі заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілердің толық электрондық жиынтығы, қазақстандық ақпараттық-құқықтық жүйе.

 

Карточкалық каталогтар

  • Алфавиттік каталог (қазақша және орысша тілдердер)
  • Жүйелік каталог (қазақша және орысша тілдердер)
  • Шет тілдеріндегі бейімделмеген әдебиеттердің жүйелік каталогі
  • «Медиатека» атты жүйелік каталог
  • Нөмірленген каталог

 

Алфавиттік каталог

Каталог жеке авторлардың кітаптарының сипатнамасынан және алфавит бойынша қойылған жинақтардың атауларынан тұрады. Алфавиттік каталог бойынша кітапханада кітаптың барын не жоғын білуге болады.    

 

Жүйелік каталог

Кітапхананың қорын мазмұны бойынша ашады. Тақырып бойынша жалпы не шағын сұрақтар бойынша жұмыстарды алуға болады. Құжаттардың индекстелуі «Кітапханалы-библиографиялық жіктеу» және «Универсалды жіктеу» кестелерінің негізінде жасалады.

Жүйелік каталогтардың барлық бөлімдері жіктеу тәсілі бойынша бірінен кейін бірі орналасқан. Авторлар мен кітап атаулары алфавитті түрде қойылған.

 

Жүйелік каталогқа терминдердің және ұғымдардың алфавитті-пәндік көрсеткіштері  (АПК)    

АПК – жүелік каталогқа кілт. Терминдер мен ұғымдардың алфавиттік тізімінен және жүйелік каталогтың салалық бөліміне сілтегіштен тұрады.  

 

Нөмірленген каталог

Бұл каталогта нормативтік, ғылыми-техникалық құжаттар қоры сақталады (МЖСТы, СНИПы және т.б.)

 

Электронды каталог      

Электронды каталог - академик С. Бейсембаев ат. Ғылыми кітапхана каталогтардың ішіндегі ең негізгі бөлігі болып табылады. Ол басылымның тіліне, түріне, пішініне қарай құжаттарды реттеуге көмектеседі.

  •   «Кітаптар» мәліметтер базасы (80 610 жазбалар)
  • «Мақалалар» мәліметтер базасы (74 815 жазбалар)
  • «ПМУ ғалымдардың еңбектері» мәліметтер базасы (4236 жазбалар)
  • «Сирек кездесетін кітаптар» мәліметтер базасы (912 жазбалар)
  • «Мультимедиялық басылымдар» мәліметтер базасы (2426 жазбалар)
  • «Әлемдік кітаптар» мәліметтер базасы (3337 жазбалар)

√ 2009 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәліметтер 

 

Шет тілінде бейімделмеген әдебиеттердің жүйелілік каталогы

Каталогта барлық салалаларға байланысты ағылшын, неміс және т.б. тілдердегі мәліметтер жатады.

 

«Медиатека» жүйелілік каталог     

Каталогта барлық салалаларға байланысты ағылшын, неміс және т.б. тілдердегі мәліметтер жатады. 

 

Картотекалар:

  • Мақалалардың жүйелілік картотекасы
  • Қазақстан Республикасы
  • Павлодар – Ертіс өңірі – С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті

С.Торайғыров ат. ПМУ ғалымдарының еңбектері 2001 жылдан бастап картотекалар жабық, бірақ қажетті мәліметтерді іздеуге болады. 

 

мекенжай:

Павлодар қ., Ломов көш., 64

БОК

тел. 8-7182-673684

e-mail: Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек. , Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек.

 
 
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті реттейтін заңнама туралы білімді тестілеу

Конкурс туралы ереже
Тестілеу
Конкурстың нәтижелерi

 
 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

 2011
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
 
   

   

   

      
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2011, E-mail:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21