«Діни үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы» (ары-қарай – ЭжКҮЗАҒПО, Орталық) 2011 жылдың 3 қараша күні құрылды, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2012 жылдың 1 маусымнан бастап қазіргі таңдағы жағдайдың қажеттіліктеріне байланысты, сонымен қатар заңнамалық, нормативтік-құқықтық базада өзгерістер мен толықтырулар болғандықтан орталық «Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы» ретінде қайта ұйымдастырылды.
Этносаралық және конфессияаралық қатынастардың қазіргі заманғы жағдайына байланысты Орталық қызметінің негізгі Миссиясы ретінде этносаралық және конфессияаралық қатынастардың қазақстандық моделінің іргелі ғылыми-зерттеу базаның дамуына қатысу болып табылады.
Орталықтың мақсаты – Қазақстанның ұлттық бірлігінің нығаюына, үйлесімді этносаралық қатынастардың, толеранттық сана-сезімнің және конфессияаралық келісімнің дамуына жәрдемдесу.
С. Торайғыров атындағы ПМУ Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеу аймақтық ғылыми-практикалық орталығың ұйымы кезекті отырыста 2012-2013 оқу жылында атқарылған жұмыстың қорытындысын жасады және келесі жылға міндеттерін белгіледі.
Жастар ортасында этноконфессиялық саясатты өткізу мәселесінде Орталық өз қызметін атқаруына сәйкес бағыттар бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттеседі. Сонымер қатар, облысымыздың бұқаралық ақпарат құралдарымен, С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің медиа-орталығымен, факультеттер деканаттарымен және ғылыми-практикалық орталықтарымен тығыз байланыста қызмет етеді.
Этносаралық және конфессияаралық қатынастар, этноконфессиялық келісім мен мәдениаралық толеранттылықты нығайту саласындағы ғылыми-білім берушілік, зерттеу қызметінің мәселелерінде Орталықтың міндеттерін және Миссиясын жүзеге асыру әрекетінде Орталықтың негізгі серіктесі – философия және мәдениеттану кафедрасы болып табылады.
Орталық мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, діни бірлестіктермен табысты әрекеттеседі: Қазақстан Республикасының дін істері жөніндегі Агенттігі; Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халықтары Ассамбелясының Хатшылар Алқасы; Қазақстан Республикасының дін істері жөніндегі Агенттігінің Павлодар облысының дін істері бойынша Департаменті; Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы; Мемлекеттік мұрағат; Павлодар облысының Қазақстан халықтарының Ассамблеясы; Павлодар облысының ішкі саясат басқармасының КМБ «Конфессияаралық қатынастарды талдау мен дамыту орталығы»; Павлодар облысының ҚХА жастар этномәдени бірлестіктерінің үйлестіруші кеңесі; Деструктивтік діни ағымдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарының ассоциациясы» атты заңды тұлғалар ассоциациясы; «Адал» жастар қоғамдық бірлестігі.
Орталықпен ұйымдастырылған жұмыстың ішінде әртүрлі сипаттағы іс-шаралар өтті: ғылыми-зерттеу, әдіснамалық, сонымен қатар ақпараттық-танымдық сипаттағы іс-шаралар.

Жылдың демеушілері: "PrimaLux" типографиясы, Шоранов О.А. – белгілі кескіндемеші, КСРО, Қазақстан Республикасының суретшілер, Одағының мүшесі, ҚР көркемөнер Академиясының Павлодар филиалының директоры, Молдобаев А.С. – «Баян Сауда» ЖШС директоры, Пархоменко А.В. – «Профи» фотостудияның директоры.
Біздің жетістіктеріміз:
Орталығымыз ҚР БҒМ-нің «Іргелі және қолданбалы зерттеулер» атты бағыты бойынша жеңімпаз болып атанды. Жобаның тақырыбы «Қазақстандағы жаңа діни ағымдар».
Аталған жобаның аясында Павлодар облысының ішкі саясаты басқармасының басшылығымен Орталық қызметкерлерінің қатысуымен барлық қалалар мен аудандарда «Діни саласындағы қазіргі заманғы беталыстар. Этноконфессионалдық мәселелердегі мемлекеттік органдар мен қоғамдқ институттардың үйлестіруші рөлі» атты тақырыпта семинар-практикум ұйымдастырылды. Осының арқасында жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен байланыс құру бойынша Кеңестің мүшелеріне, құзыретіне этноконфесионалдық мәселелер жататын мемлекеттік органдардың, мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлеріне ақпараттық-әдіснамалық көмек көрсетілген.

Орталықтың қызметкерлері Қашыр ауданында өткен көшпелі семинар-практикумда

Қашыр ауданында өткен көшпелі семинар-практикумның қатысушылары
Ғылыми іс-шараларды өткізудің әртүрлі форматтары қолданылады. Мысалы, философия және мәдениеттану кафедрасымен бірге «Көпұлтты және көпконфессионалдық қоғамда мәдениаралық әрекеттестік» атты ғылыми-әдіснамалық семинар және С.Торайғыров атындағы ПМУ-де э.ғ.д., профессор, ректор С.М.Өмірбаевтың төрағалығымен «Жаңа діни қозғалыстар және Қазақстанның қауіпсіздігі: жастардың көзқарасы» атты ғылыми студенттік конференция өткізілді.
Өткен оқу жылында орталықтың кызметкерлері әр түрлі баспа беттерінде өз мақаларын жариялады, оның ішінде: «Ұлттық бірліктің қазақстандық моделі және Ұлт көшбасшысы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары жинағында (2013 ж. қаңтар), «Саясат-Policy» атты ақпараттық-аналитикалық журналда (№9-10 2012 ж.), «Евразиелік қоғамдастық: экономика, саясат, мәдениет» (№4(80) 2012 ж.), Г.Қ.Жапекованың «Шоқыну: тарихы және дәстүрі» атты мақаласы «Звезда Прииртышья»атты облыстық газетте (№7(18403) 2013 ж. 19 қаңтар), «Rukhani alem» сайтының «Мақалалар», «Жолдаудың жолында», «Білімдер қазынасы» айдарларында.
Оған коса, ақпараттық кітапшалар дайындалып, баспаға шығарылды: «Ислам», «Христиан діні: Православие. Бөлім 1», «Христиан діні: Православие. Бөлім 2», «Дәстүрлі емес діни ұйымдары қызметінің мақсаты және әдістері», «Діни экстермизмнің мәні және исламдық фундаментализмнің негізгі бағыттары», «Діни радикализмнің идеялық негіздері», 2012 жылдың төртінші тоқсанында өткен онлайн-конференциялар туралы.
Ағартушылық көмекті көрсету ісі тәжірибелік сабақтар түрінде өткізіледі. Мысалы, «Адал» жастар қоғамдық бірлестігімен бірге декандардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен топтардың кураторлары үшін «Студенттік ортада діни экстремизмді алдын-алудың кейбір ерекшеліктері» атты тақырыпта семинар-тренинг ұйымдастырылған болатын.
![]() |
![]() |
Семинар – практикумның қатысушылары «Студенттік ортада діни экстремизмді алдын-алудың кейбір ерекшеліктері».
Ал ПМУ-нің жастар және студенттер бірлестіктерінің жетекшілері мен мүшелері үшін «Дәни радикализмнің бастаулары мен идеялық мазмұны және оғанқарсылық етудің әдістері» атты тақырыпта семинар-практикум өткізілді.
Мақсатты аудитория үшін шолу дәрістер түрінде ақпараттық-ағартушылық жұмыс, IT-технологияларды пайдалану тәжірибесі студенттер арасында да, профессорлық-ағартушылық құрамы арасында да белгілі бір қызығушылық тудырды.
Орталығымыз 2013-2014 оқу жылына арналған міндеттерді белгіледі, оның ішінде: ғылыми-зерттеу және баспа бағытында: «Әлемдік діндер тарихы» атты оқу құралын баспаға шығару, «Білім +» пилоттық жобасын іске қосу, діннің жеке өзекті мәселелері бойынша ақпараттық-әдіснамалық зерттемелерді жариялау; ұйымдастырушылық-практикалық және ақпараттық-ағартушылық бағытында: семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, мақсатты аудиториялар үшін дәрістер, жеке медиа-жоспар бойынша онлайн-конференцияларды өткізу.
Мұның барлығы рухани-адамгершілік құндылықтарды, конфессионалдық келісімді, этностық толеранттылықты сақтап қалу мен нығайту бойынша мәселелерде, «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының Жолдауында «Біз еліміздің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес болатын діни сана-сезімді қалыптастыру міндеттеміз. Біз тәрбиенің ең жақсы модельдерін алу керекпіз» атты белгіленген міндетті жүзеге асыруда студенттік жастармен жұмыс істеу әрекетінде үлкен жолдың бастауы ғана болғаны сөзсіз.
«Кеңес дәуірінен кейінгі елдердегі қазіргі жастардың этноконфессиялық идентификациясы және басымдылығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2014 жылдың 30 сәуірінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Кеңес дәуірінен кейінгі елдердегі қазіргі жастардың этноконфессиялық идентификациясы және басымдылығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның жұмысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.А. Өрсариев; ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының кеңесшісі, филол.ғ.к. Айнұр Әбдірәсілқызы; Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Е.М. Рахымжанов; Әлеуметтік-гуманитарлық факультеттің деканы, Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті теология және дүниежүзілік мәдениет кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор П.Л. Зайцев; Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану факультетінің деканы, филос.ғ.д., профессор Мухаммад Махфуз; И.И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінің гуманитарлық білім факультетінің деканы,филос.ғ.д. Н.А. Белоусов; Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінің теория, мәдениет тарихы және мұражай кафедрасының доценті, Мәскеу қ., Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің докторанты, мәдениеттану к. Е.Е. Тихомирова; филос.ғ.д., Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Д.Ө. Құсайынов, университеттің даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, оқу жұмыстары жөніндегі проректоры, факультеттердің декандары, декандардың орынбасарлары, кафедраның меңгерушілері, профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттары, магистранттары, студенттері қатысты.
Конференцияның мақсаты – жаһандықтың дамуы кезеңінде, соның ішінде, дүниетанымдық пен құндылықты дағдарысында, жаңа діни қозғалыстардың қызметінің жандандыру жағдайында кеңес дәуірінен кейінгі елдерде этноконфессиялық идентификация саласындағы зерттеу мәселесінің басымдылығын анықтау, қазіргі заманның көп конфессиялық әртүрлілік жағдайында жастардың патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие жүйесін алдағы жаңғыртуында жәрдемдесу.
Конференцияның бағдарламасына пленарлық бөлім және секциялық отырыстар кірді.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.
Конференция бойынша жинақ шығарылды.
![]() |
|
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
РЕЗОЛЮЦИЯ
2014 жылдың 30 сәуірінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Кеңес дәуірінен кейінгі елдердегі қазіргі жастардың этноконфессиялық идентификациясы және басымдылығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференци өтті.
Конференцияның жұмысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Амангелдіұлы Өрсариев; ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының кеңесшісі, филол.ғ.к. Айнұр Әбдірәсілқызы; Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Ержан Мэлсұлы Рахымжанов; Әлеуметтік-гуманитарлық факультеттің деканы, Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті теология және дүниежүзілік мәдениет кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор Павел Леонидович Зайцев; Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетініңисламтану факультетінің деканы, филос.ғ.д., профессор Мухаммад Махфуз; И.И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінің гуманитарлық білім факультетінің деканы,филос.ғ.д. Николай Александрович Белоусов; Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінің теория, мәдениет тарихы және мұражай кафедрасының доценті, Мәскеу қ., Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің докторанты, мәдениеттану к. Елена Евгеньевна Тихомирова; филос.ғ.д., Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Дауренбек Өмірбекұлы Құсайынов, университеттің даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, оқу жұмыстары жөніндегі проректоры, факультеттердің декандары, декандардың орынбасарлары, кафедраның меңгерушілері, профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттары, магистранттары, студенттері қатысты.
Конференцияның өзектілігі деструктивтік мағынадағы жаңа діни қозғалыстардың идеологиясының жандандыру динамикасының сақталу жағдайында лаңкестік пен экстремизмнің қауіп-қатеріне қарсы әрекет бойынша конструктивті шараны жасауда кеңес дәуірінен кейінгі елдердің ғылыми қауымдастықтың күшін біріктіру қажеттілігіне шартталған.
Конференцияның мақсаты – жаһандықтың дамуы кезеңінде, соның ішінде, дүниетанымдық пен құндылықты дағдарысында, жаңа діни қозғалыстардың қызметінің жандандыру жағдайында кеңес дәуірінен кейінгі елдерде этноконфессиялық идентификация саласындағы зерттеу мәселесінің басымдылығын анықтау, қазіргі заманның көп конфессиялық әртүрлілік жағдайында жастардың патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие жүйесін алдағы жаңғыртуында жәрдемдесу.
Конференцияның қатысушылары «Қазақстандағы этноконфессиялық идентификация мәселесі: мемлекет құраушы ұлт және заманауи сын-тегеуріндер», «Новая религиозность постсекуляризма: от слова к цифре» «Философия джихада в исламе» «Межэтнические и межконфессиональные отношения и проблемы формирования социального иммунитета» «Исламның саясатқа қатынасы және фундаментализм идеологиясы» «Роль языка в формировании этноконфессионального согласия и толерантной культуры» «К вопросу о социально-психологических основах межэтнических и межконфессиональных конфликтов» «Идеология новых религиозных движений и её влияние на культурно-историческую целостность Казахстана» «Религиозная грамотность ключевой аспект этноконфессиональной политики Казахстана» тақырыптарына баяндамаларды тындады және талқылады.
Дүниежүзілік қауымдастығында болып жатқан жаһандық үрдістердің жағдайында, кеңес дәуірінен кейінгі елдердің қазіргі жастардың дүниетанымдық позицияларының, этноконфессиялық идентификацияның өзекті мәселелерін талдау және талқылау нәтижесінде конференцияның қатысушылары басты бағыттарды жобалайтын жалпы стратегияны жасап шығарды:
1. Мемлекеттік саясаттың басты басымдылығы ретінде жастарды тәрбиелеу, себебі жоғары оқу орындары жоғары кәсіптік мамандарды дайындау бойынша және қазіргі жастарда азаматтық жауапкершілікті, құқықтық сана сезімін, рухтандырушылық пен мәдениетті, қоғамда табысты әлеуметтеніге және өзіндік қалыптасу білім жүйесінің негізгі бөлімі болып табылады;
2. Жастар ортасында этноконфессиялық төзімділікті қалыптастыруда тәжірибемен алмасу және конфессиялық салада бірлескен ғылыми зерттеулерді дайындауда және өткізуде философ, дінтанушы, мәдениеттанушы, саясаттанушы, тарихшы, әлеуметтанушы ғалымдар арасында Қазақстанның және Ресей Федерациясының шекарамен шектес облыстарымен жоғары оқу орны аралығында ынтымақтастықты нығайту;
3. Дінтану, философия, отандық тарих, құқық негіздері, әдебиет, ана тілі, мәдениеттану оқу курстарын оқыту үрдісінде құқықтық ағартуды, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің тәжірибесін, сақтау және дамыту;
4. Жастардың патриоттық санасын, рухани, діни құндылықтарына деген құрметті қалыптастыру және қоғамдық тыңдауды өткізу тәжірибесіне енгізумен адамгершілік тәжірибені табыстауда ұрпақтың тарихи сабақтастығын қамтамасыз ету бойынша мақсатты жобаларды, бағдарламаларды әзірлеу;
5. Ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар үлгісінде ғылыми қоғамдастықтармен, білім мекемелерімен, мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, дәстүрлі конфессиялармен бірлестік жұмыс арқылы дәстүрлі, рухани, ұлттық мәдениетке, өз Отанының тарихына, оның киелі жерлеріне, отандық мәдениеттің рухани қайнар көзіне жастардың қызығушылығын жаңарту;
6. Діни экстремизмнің идеологиясына ақпараттық қарсы әрекеттің негізгі факторы ретінде жастардың діни сауаттылығының сапасын арттыру.
«Кеңес дәуірінен кейінгі елдердегі қазіргі жастардың этноконфессиялық идентификациясы және басымдылығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушылары С. Торағыров атындағы ПМУ 2014 жылдың 30 сәуірі
«Діни радикализмге, экстремизмге, лаңкестікке қарсы шығу бойынша Қазақстан Республикасының Заңнамасы» атты семинар-практикум туралы
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеттің ғылыми кеңес залында 11 қарашасында сағат 15.00-де тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарлары, топ кураторлары, студенттік өзіндік басқармасының жастар құрамы мүшелері, жетекшілері үшін «Діни радикализмге, экстремизмге, лаңкестікке қарсы шығу бойынша Қазақстан Республикасының Заңнамасы» атты семинар-практикум өтті.
Семинар-практикум – ол «Қазақстан-2050» ҚР Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында белгіленген басымдықтың контекстінде өткізілетін студенттік ортаға діни экстремизм идеяларының енуін ескерту және алдын алу бойынша университеттің жоспарлы іс-шаралардың бірі.
Осы семинар-практикум діни радикализмге, экстремизмге және лаңкестікке қарсы күрес бойынша Қазақстан Республикасының заңды актілерін және 2013-2017 жж. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру, және студенттік жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатымен өткізілді.
Семинар-практикумды ұйымдастырушы - С. Тоорайғыров атындағы ПМУ Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы (ары қарай Орталық).
Семинар-практикумның жұмысында Н.Т. Ержанов, б.ғ.д., профессор, С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры; Е.М. Рахимжанов – Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы; Е.А. Зиядов - Павлодар облысы прокуратурасының бірінші басқармасы бөлімінің прокуроры; Ж.Ш. Слямов - Павлодар облысы ІІД экстремизммен күрес бөлімі басшысының м.а.
![]() |
![]() |
Семинар-практикумда экстремизмге және терроризмге қарсы күрес туралы ҚР заңнамасының негізі, осы облыста құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін тағы басқа нормативтік-құқықтық актілері түсіндірілді, террористік және экстремистік әрекетті істегені үшін әкімгершілік және қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді. Жұмыстың барысында діни жағдай, студенттік жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, діни экстремизмнің алдын-алу сұрақтарында студенттік құрамалардың рөлі туралы өзекті сұрақтар талқыланды.
Іс-шараның қатысушылары құқықтық мәдениетті арттыруға қатысты жастармен жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ой-пікір алысты, мемлекеттік органдармен университеттің ынтымақтастығының жаңа формалары белгіленді.
С. Торайғыров атындағы ПМУ Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы.
Білім+ жобасының алдағы үлесі...
2014 жылдың 10 ақпанында сағат 15.00-де С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор С.М. Өмірбаевтың төрағалығымен Ғылыми кеңес залында «Білім+» жобасының тұсаукесері өтті. Кеңестің жұмысында декандардың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері және тұсаукесердің қонақтары Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Ж.Ш. Слямов, облыстық «Машһүр Жүсіп» мешітінің наиб-имамы Н.Д. Манапбаев, «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ диреторы Г.М. Раздыкова қатысты.
![]() |
|
![]() |
![]() |
Қазіргі танда, дін саласында деструктивтік идеологияның таралуы жайлы баршамызға мәлім.
Әрине, бүгін көп конфессиялық әртүрлілік жағдайда діни мағынадағы ақпаратты, және жалған діни ағымдардың насихатын дұрыс қабылдау үшін нақты білім, мәліметтер қажет. Бұл діни экстремизмнің идеологиясына қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Сол себептен, университетте, магистранттар мен студенттер арасында діни сауаттылықты жетілдіру үшін белсенді түрде жұмыс атқарылып келеді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы Қазақстан Республикасы Жолдауында Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен белгіленген міндеттерге сәйкес, алдын алу іс-шаралары өткізілуде.
«Білім+» жобасы – бұл жастардың діни сауаттылығын көтеру бойынша университетте өткізілетін жоспарлы жұмыстардың қисынды жалғасы, осындай маңызды жоба, алғаш рет жүзеге асырылады.
Жоспардың идеясы - студенттер ортасында діни экстремизмнің идеологиясын қабылдамау икемділігін және тұрақты дағдыны қалыптастыру үшін мәнді ақпарат және студенттер арасынан ақпараттық-ағартушылық топ құру.
Жобаның ұйымдастырушысы және үйлестірушісі: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы.
«Білім+» жобаның жұмыс тобы әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық пәндердің оқытушыларынан, құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан, қызметкерлерінең, ғылыми мамандардан, «Қыз Жібек» клубының жетекшісінен, студенттік ұйымдардан құралған. Осы жоба магистранттар мен студенттердің қатысуымен орындалады.
«Білім+» жобасының ерекшелігі – оның қол жетімді түрінде.
Атаулы жоба студенттік жастардың діни сауаттылығын кешенді арттыруға бағытталған. «Білім+» жобасының аясында әр факультетте ақпараттық-насихаттау топтары құрылып, «Бірлігіміз жарасқан!» ұранмен жоба жоспарына сай жұмыс жасайтын болады.
Диалогтық алаңдар, кураторлық сағаттар, дәрістер, пікір талас, барлық іс-шаралар көпшілікке есептелген және университеттің концерттік залында, дәрістік аудиторияларында өткізіледі.
Және «Rukhanialem» атты жоғары оқу орнының ішкі сайтында Жобаның өткізілетін іс-шаралары туралы ақпараттық-анықтама материалын оқуға болады. Жобаны аяқтайтын ең маңызды іс-шараның бірі - «Кеңес дәуірінен кейінгі елдердегі қазіргі жастардың этноконфессиялық идентификациясы және басымдылығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
Аталған жобаны жүзеге асырып, жастарымыздың діни қөзқарасын дұрыс бағытқа салып, пайдалы және құнарлы нәтижеге жетсек – бұл Біздің осы тұрғыда жеткен үлкен жеңісіміз болады деп үміттенеміз.
Жастардың діни сауаттылығын жетілдіру мақсатында дайындалған «Білім+» жобасы бұл мәселеде өз үлесін қосады деп сенемін.
«Білім+» жобасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат университеттің ақпараттықпорталында және «Rukhanialem» жоғары оқу орнының ішкі сайтында көрсетілген.
С. Торайғыров атындағы ПМУ Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы.
ПМУ-ДА ЖАСТАР ПАТРИОТИЗМІНЕ АРҚАУ БОЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Жаңа қазақстандық патриотизм: жастардың көзқарасы» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге С.Торайғыров атындағы ПМУ Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы, «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы мұрындық болды.
Шараның мақсаты – жаңа қазақстандық патриотизмнің идеялық негізін насихаттау, жастар ортасында оларды дамыту бойынша нәтижелі әдістерді анықтау.
![]() |
|
![]() |
![]() |
Дөңгелек үстелдің модераторлық қызметін С.Торайғыров атындағы ПМУ философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.к. Гауһар Ахметова мен этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы басшысы Нұржамал Тышқанова атқарды.
Отырыс барысында т.ғ.к., «Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының орынбасары Арман Ешмұратовтың «Қазақстандық патриотизм: жағдайы, мәселелері мен қалыптасу жолдары», С.Торайғыров атындағы ПМУ гуманитарлық-педагогикалық факультеттің 3 курс студенті Әділет Мейірмановтың «Қазіргі патриот азаматтың рухани-адамгершілік құндылықтары мен мұраттары», Агротехнологиялық факультеттің 3 курс студенті Алтынай Архатованың «Патротизм – еліміздің ұлттық бірлігінің негізі заманауи қазақстандық патриотизмнің бағыты» атты баяндамалары мен басқа да қатысушылардың жастар арасындағы өзекті мәселелерге арқау болған баяндамалары оқылды.
Дөңгелек үстелде жастардың арасында өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастыруда студенттік ұйымдардың рөлі, жастардың әлеуметтік кемелденуі, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, дөңгелек үстел жұмысында студенттердің бойына елдің мәдени бірегейлігіне, рухани және ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер тудыратын адамгершілікке жат қылық (былапыт сөздер, нашақорлық, маскүнемдік) жемқорлық, экстремизм сияқты жат құбылыстарға азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге профессорлық-оқытушылар құрамының атсалысуы туралы да сөз қозғалды. Қатысушылар оқытушылардың студенттерді дәріс және тәжірибелік сабақтың мазмұнында тәрбиелеу бағыты бойынша өзара пікір алмасып, тұщымды ойлар айтты.
Баяндамашылардың қорытынды сөзі мен ұсыныстары ескеріліп, дөңгелек үстел жұмысы шеңберінде резолюция қабылданды. Дөңгелек үстел бойынша жинақ шығарылды.
Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы
«Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» басты ережелерін жүзеге асыру контекстінде өткізілген іс-шаралардың бірі
2014 жылдың 18 желтоқсанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жастар ортасында діни сауаттылықты жетілдіру және діни экстримизм идеологиясына қарсы әрекет мәселелерін көтерген семинар-кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Шараға С. Торайғыров атындағы ПМУ этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мұрындық болды. Бұл іс-шара деканат, құрылымдық бөлімше қызметкерлеріне, факультеттердің ақпараттық-ағартушылық топтардың, студенттік ұйымдардың мүшелеріне жастар ортасына деструктивтік бағыттағы дәстүрлі емес мұсылмандық ағымдар идеологиясының енуіне қарсы әрекет және лаңкестікке қарсы негіздерді түсіндіру мәселесі бойынша ақпараттық-кеңестік қызмет, әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізіледі. Семинар жұмысына факультет декандары, декандардың орынбасарлары, кафедралардың меңгерушілері, эдвайзерлер, магистранттар мен студенттер, діни сауаттылықты жетілдіру бойынша ақпараттық-ағартушылық топтардың мүшелері, студенттік өзін-өзу басқару жастар ұйымдарының басшылары және мүшелері, сондай-ақ, Павлодар облысы дін істері басқармасы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жөніндегі бөлім басшысы Зайда Асанбаева, теолог, исламтанушы, Павлодар қаласы «Ақ мешіт» мешітінің имамы Жолдас Бертымұратов қатысты.
Іс-шараның бағдарламасында онлайн-тәртіпте Ақтөбе облысы Дін істері басқармасы «Аңсар» орталығының теологтарымен тағылымды әңгіме орнады. Семинарға қатысушылар назарына теолог Асқар Сабдиннің «Қоран және қазіргі кезеңдегі ханафиттік мазхаб мектебінің шариғат негіздері» және теолог Төлеген Талдыбаевтың «Деструктивтік бағыттағы дәстүрлі емес мұсылмандық ағымдардың идеологтарының тарту түрлері мен әдістері және жастар аудиториясымен жұмыс жасау ерекшелігі» тақырыбын арқау еткен кеңестері ұсынылды.
![]() |
![]() |
Және де, қатысушыларға жастар ортасында діни экстремизмді насихаттауға қарсылықтың қазіргі түрлері мен әдістері туралы және радикалды идеологияның ықпалына түскен әдептермен жеке жұмыстың ерекшелігі туралы теологтардың кеңестері берілді.
Павлодар облысы Ішкі істер департаменті экстремимзге қарсы күрес бөлімі басшысының м.а. Жанат Слямов жиналғандарға діни экстремизмнің идеологиясына қарсы әрекет мәселесінде ҚР заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасындағы өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды.
![]() |
![]() |
Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің АҒПО директоры Нұржамал Тышканованың өз сөзінде Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттер контекстінде ақпараттық-ағартушылық жұмыстардың ерекшелігі туралы ақпарт берді.
Бағдарлама бойынша, Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің АҒПО мамандары қазақ, орыс тілдерінде дайындаған «Білу қажет» атты ақпартты бүктемелері студенттерге таратылды. Бүктемені дайындаған орталық маманы Айнаш Шаймерден және С. Торайғыров атындағы ПМУ гуманитарлық-педагогикалық факультет студенті Әділет Мейірманов. Бұл жұмысты көпшілік назарына Әділет Мейірманов таныстырып, таратты.
Семинар барысында «Білім+» жобасы бойынша материалдар жинағының тұсауы кесілді. Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы атынан «Білім+» ақпарттық-ағартушылық жобасын жүзеге асыруына, діни сауаттылықты жетілдіру мәселелеріне жан-жақты көңіл бөліп, жастардың діни санасын, рухани бағдарларын қалыптастыруға үлес қосқаны үшін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаевқа Құрмет грамотасын және жобанын белсенді қатысушыларына Алғыс хат табыс етті.
Тұсаукесердің қорытындысында, университеттің басшылығы атынан Жобаның қатысушылары Алғыс хатпен және сертификаттармен марапатталды.
Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Этноконфессиялық үдерістер және қазіргі уақыттағы жаңа діни қозғалыстар» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өтті.
Шараға С. Торайғыров атындағы ПМУ этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы және философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы мұрындық болды.
Фото: Руфина Торпищева |
|
Фото: Руфина Торпищева |
Фото: Руфина Торпищева |
Фото: Руфина Торпищева |
Фото: Руфина Торпищева |
Семинардың мақсаты: жаңа діни қозғалыстардың әрекетінің жандандыру жағдайында қазіргі этноконфессиялық үдерістермен байланысты өзекті сұрақтарды талқылау және талдау.
Семинар жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік жоғары оқу орындардың ғалымдары, магистранттары, студенттері мен С.Торайғыров атындағы ПМУ профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер, студенттік құрылымдардың мүшелері қатысты.
Семинардың жұмысына даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д. Арман Ақышев, Павлодар облысы дін істері басқарамасының басшысы Дәулет Закарьянов, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Жетпісбаев, т.ғ.д., профессор, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың басшысы Сәуле Мамытова қатысты. Өз сөзінде С. Торайғыров атындағы ПМУ тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Арман Ақышев бүгінгі қоғамдағы жаңа діни қозғалыстардың мәселелері турасында жастардың мейілінше ақпараттануы қажет екендігін атап өтті. «Студенттік жастар бүгінгі діни ахуалдан хабардар болып, діни сауатсыздықтың салдарын нақты түсіненгені абзал. Өйткені шынайы ақпаратқа қанық адам өзін, қоғамды арбаушылардан қорғай алады», – деді Арман Айтмұхаметұлы.
Онлайн-тәртіпте шетелдік ЖОО ғалымдары с.ғ.д., Әулие Климент Орхид атындағы София университетінің профессоры, «Көкше» академиясының Бейбітшілік, шиеленіс және медиация институтының басшысы, т.ғ.к., доцент, Қазақстан халқы Ассамблеясы сараптамалық кеңестің мүшесі Татьяна Дронзина, Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті теория, мәдениет тарихы және мұражай кафедрасының меңгерушісі Людмила Дрёмова, мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті теория, мәдениет тарихы және мұражай кафедрасының доценті Елена Тихомирова баяндамаларын оқыды.
Семинар қатысушыларының алдында филос.ғ.к., философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Майра Қожамжарова, с.ғ.к., философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Мейрамгүл Алтыбасарова, с.ғ.к., философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Ильдар Калиев, Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры Нұржамал Тышқанова және гуманитарлық-педагогикалық факультеттің Жур-202 тобының студенті, «Бірлік» студенттік Ассамблеясының төрағасы Рамиль Смаилов қазіргі уақыттағы діни қозғалыстардың өзекті мәселелеріне тоқталды.
Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы
Орталықтың мекен-жайы және байланысу телефондары:
637000, Павлодар қ., Ломов көшесі 64, С.Торайғыров атындағы ПМУ, каб. А-235, «Этносаралық және конфессияаралық үрдістердің зерттеудің АҒПО», Е-mail: Байланыс телефоны – 8 (718) 2 - 673704




























Фото: Руфина Торпищева
Фото: Руфина Торпищева
Фото: Руфина Торпищева
Фото: Руфина Торпищева
Фото: Руфина Торпищева




































