
«Foundation» факультетінің мақсаты:
• Бәсекеге қабілетті талапкерлерді дайындау, білім алушыларға қамтамасыз ету:
- - тереңдетілген көп тілдік дайындық;
- - 1 курста қайта есептеу құқығымен жоғары оқу орнының пәндерін оқыту;
- - ҰБТ және кешенді тестілеуді тапсыру үшін қажетті пәндер бойынша терең дайындықты қамтамасыз ету.
• Оқушыларға болашақ мамандығын таңдау кезінде көмек көрсету үшін кәсіби бағдар беру жұмысын өткізу.
Факультеттің негізгі функциялары:
• кәсіби бағдар қызметі бойынша шараларды жоспарлап, іске асырады;
• кәсіби бағдар мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік, ұйымдық-практикалық қызметті үйлестіріп, қамтамасыз етеді;
• кәсіби бағдар бойынша кепілдік минимумы қамтамасыз етілетіндей қызмет көрсетеді;
• кәсіби ақпараттандыру мен кеңес берудің тиімді әдістері мен құралдарын енгізеді;
• қызмет саласы мен кәсіби дайындық, қайта дайындық түрін таңдау туралы ақпарат береді, консультация өткізеді;
• кеңес беріледі;
• университет пен колледжде жүргізілетін мамандықтар бойынша университетке қабылдау ережелері жайлы мағлұматтар береді;
• дайындық курстары жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу үшін дайындықты ұйымдастырып жүзеге асырады;
• базалық сыныптар жүйесі арқылы жоғары оқу орындарына түсу үшін тиісті сала бойынша тереңдетілген дайындықты ұйымдастырып жүзеге асырады;
• аудандық тірек мектептерінде үш жақтық келісімшарт негізіне сәйкес «университет – аудандық білім беру бөлімі – оқушы» дайындық курстарын ұйымдастырып, жүргізеді;
• жарнамалық қызмет (БАҚ-та мақала жариялау, сөз сөйлеу, жарнамалық өнім шығару) жүргізеді;
• қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
• талапкерлерге кешенді тестілеуді ұйымдастырып, өткізеді;
• жоғары оқу орнына тіркеуді жүзеге асырады.
![]() |
Айжан Ермекқызы Кудерина
«Foundation» факультетінің деканы |
| Білімі: |
1985 ж. – Павлодар педагогикалық институты, «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы. 2003 ж. – Павлодар университеті, «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы. 2008 ж. – педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алуға диссертациясын қорғау (Қарағанды қ.). |
| Еңбек жолы: |
1985-1989 жж. – Лебяжі ОМ, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі; 1989-2009 жж. – Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, қазақ тілі және орыс тілі пәндерінің оқытушысы, директор орынбасары; 2009-2012 жж. – С. Торайғыров атындағы ПМУ, қазақ тілі кафедрасының доценті, менеджмент және сапаны бағалау, білім беру және стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы; 2012-2013 жж. – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысының біліктілікті арттыру институты, басқару және білім беру сапасы кафедрасының меңгерушісі, кафедра доценті; 19. 04. 2013 ж. бастап – «Foundation» факультетінің деканы. |
| Ғылыми дәрежесі, лауазымы: |
Педагогика ғылымдарының кандидаты, ПМУ доценті. Педагогикалық білім беру халықаралық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.). |
| Жалпы еңбек өтілі: | 28 жыл, соның ішінде ПМУ - да 2009 жылдан бастап |
| Жұмыстары:: | 1 оқулық (ҚР БжҒМ бекітілген, 2 қайта басылым), 2 оқу құралы, 1 монография (ұжымдық жинақта), 30-дан астам ғылыми мақала |
| Марапаттаулар: |
«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2004 ж.) «Педагог -зерттеуші» (2007 ж.) «Жылдың үздік оқытушысы» Облыстық Гран-при байқауының иегері (2006 ж.) |
| Жұмыс телефоны: | 8-7182-67-36-74 (ішкі 1104) |
«Foundation» факультетінің қызметкелері
Валентина Васильевна Донцова - факультет деканының орынбасары
Надежда Михайловна Дмитриенко - факультеттің жоғары санатты әдіскері
Дюсенова Алуа Жаканқызы - факультет әдіскері
Молдабаева Айжан Саинқызы - факультет әдіскері
Балтабаева Назира Даниялқызы - факультет әдіскері
Карменова Алма Шакенқызы - факультет әдіскері
Туғымбаева Алмагүл Әлімжанқызы - факультет әдіскері
Foundation факультетінде талапкерлер үшін ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуге дайындайтын курстар жұмыс жасайды.
Әр айдың 10 күнінде әртүрлі оқу мерзімі бойынша жаңа топтар құрастырылады. ҰБТ тапсыру үшін қажетті пәндер бойынша 16:30 - 19:15 уақыт аралығында сабақтар өткізіледі. Сабақтың формасы – дәріс-тәжірибелік болса, білімді бақылау, тексеру үшін сынақ тестісін жүргізеді.
Байланыс телефондары: 8(7182) 67-37-73, 8(7182) 67-36-50, 8(7182) 67-36-74
Мекенжайымыз: Ломов, к. 64, каб.128,111
Ак. Шөкин, к. 139, каб. 202 (дайындық курстары)
«Foundation» факультетінің 2012-2013 оқу жылындағы сапа саласындағы жетістіктері




































