Түсу үшін құжаттар тізімі және мерзімі
ҰБТ-ны тапсырған, түлектер, мемлекеттік білім грантын беру конкурсына қатысу үшін ЖОО-ң қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды береді:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
2) жалпы орта білім жөнідегі құжат (түпнұсқа);
3) мемлекеттік сертификат;
4) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (нарко-, психдиспансер мөрімен) + көшірме, екпе картасының көшірмесі, флюрография (түпнұсқасы), RW-ға қан тапсыру;
6) жеңілдік беретін құжаттар (жетім балалар екі ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлікті көрсетеді, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, және де бала күнінен мүгедек балалар таңдаған мамандық бойынша оқу үшін зарарлығы жоқтығын белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын көрсетеді.);
7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
8) бауы бар папка, конверт.
Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғарғы оқу орнының қабылдау комиссиясы жүргізеді. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.
«Дизайн», «Сәулет», «Бейнелеу өнері және сызу», «Денешынықтыру және спорт», «Журналистика», «Музыкалық білім», «Аспаптық орындау» мамандықтары бойынша өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 1 шілде аралығында жүргізіледі, шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.
Кешенді тестілеуге қатысу үшін жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш
2) аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа)
3) тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек
4) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет
5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (нарко-, психдиспансер мөрімен) + көшірме, екпе картасының көшірмесі, флюрография (түпнұсқасы), RW-ға қан тапсыру
6) жеңілдік беретін құжаттар (жетім балалар екі ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлікті көрсетеді, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, және де бала күнінен мүгедек балалар таңдаған мамандық бойынша оқу үшін зарарлығы жоқтығын белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын көрсетеді.)
7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
8) бауы бар бума, конверт
Мемлекеттік білім грантын беру конкурсына қатысуға өтінішті қабылдау мерзімі 23 шілдеден 31 шілдеге дейін.
Студенттер қатарына қабылдауды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы 10-25 тамыз аралығында өткізеді (қабылдау үшін қажетті ең кеміндегі деңгей – 50 балл, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл).
С. Торайғыров атындағы ПМУ-ға жоғарғы кәсіптік біліммен түсу үшін қажетті құжаттар 20 маусымнан 25 тамызға дейін:
• қабылдау туралы өтініш
• диплом қосымшасымен (тұпнұсқа) + көшірме
• 3*4 көлеміндегі 6 фотосурет
• медициналық анықтама (086-У нысаны) нарко-, психдиспансер мөрімен + көшірме, флюрография, RW-ға қан тапсыру
• жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
• СТТН (РНН) көшірмесі
• бауы бар папка, конверт
Кешенді тестілеуге төлеу үшін банк реквизиттері:
ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК
010011 Астана қ., Жеңіс пр., 60
РНН 600300086081
БИН 000140001853
ИИК KZ536010111000001515
БИК HSBKKZKX КБЕ 16
«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ
Төлемақы 780 теңге
Қабылдау комиссиясы: тел. (8-7182) - 67-37-73
Дайындық курстары: тел. (8-7182) – 67-36-50
С. Торайғыров атындағы ПМУ қош келдіңіз!!!
Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қ., Ломов к., 64, 132 А каб