Серік Мәуленұлы Өмірбаев

2012 жылғы ақпанның 17-сінде ҚР Білім және ғылым министрі  Бақытжан  Жұмагұловтың бұйрығымен  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік  университетінің ректоры болып   экономика  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Серік Мәуленұлы Өмірбаев тағайындалды.

Серік Мәуленұлы Өмірбаев 1958 жылы  ақпанның 2-сінде Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында туған. Қазақ. Жоғары білім жүйесінде Серік Мәуленұлы Өмірбаев  Қарағанды мемлекеттік университетінің (ҚарМУ) экономика факультетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін, 1982 жылдан бастап жұмыс жасайды.  1982  жылдан бастап  1999 жылға дейін  Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-да ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі,  экономика  факультетінің деканы қызметтерін атқарды.

1999 жылдың маусым айынан бастап – ҚР Премьер-министрінің канцеляриясында Экономикалық бөлімнің әлеуметтік даму секторының кеңесшісі.  1999 жылдың желтоқсан айынан бастап  2001 жылға дейін  ҚР Білім және ғылым министрлігінде бөлім бастығы, Жоғары білім департаменті  директорының орынбасары және басқарма бастығы қызметтерін атқарды.  2001 – 2003 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университетінің оқу жұмысы жөніндегі проректоры.  2003 жылдан  2007 жылға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік білім беру стандарты және тестілеу ұлттық орталығы  директорының орынбасары, басқарма бастығы.  2007 жылдың қараша айынан  2011 жылдың қазан айына дейін – Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім мен халықаралық серіктестіктің даму стратегиясы департаментінің директоры. 

Мемлекеттік және халықаралық марапаттаулары,  сыйлықтары, құрметті атақтары:

• «Кұрмет» Ордені  (2008);

• Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі;

• Қазақстан Республикасы  Президентінің алғысы (2001);

• Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы (2007);

•  «Қазақстан Республикасы  білім беру ісінің үздік қызметкері» (2002), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін  (2003), «Қазақстан Республикасының  Қаржы  полициясының 15 жылдығына»  төсбелгілері (2009);

• «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі (2009);

• «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалі (2011).

150  шамасындағы ғылыми еңбектің,  сонымен қатар монография, ғылыми мақала, оқулық пен оқу құралының авторы.