loading
 
 

Сізді С.Торайғыров атындағы ПМУ-де қандай факторлар қызықтырады?










Нәтижелер
 

Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

Қазіргі уақытта порталда 576 қонақтар 
 

Қашықтықта оқыту

 
 

«ХІI Сәтбаев оқуларыі» конференция, 2012 жылдың 11-13 сәуірі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сізді 2012 жылдың 11-13 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен жас ғалымдардың, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХІI Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына шақырамыз. Конференцияға қатысуға ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, магистранттар, студенттер және оқушылар  шақырылады.

Конференция аясында қазіргі ғылымның әр түрлі саладағы көкейкесті мәселелері бойынша төмендегі секциялардың жұмысы жоспарланып отыр.

1.Академик Қ.И. Сәтбаев және оның білім беру мен ғылымдағы рөлі

2. Филология

3. Тарих және этнология

4. Философия

5. Саясаттану және әлеуметтану

6. Жалпы педагогика және психология

7. Математика және информатика

8.Жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар

9. Өнертану

10. Экономика

11. Ауылшаруашылық ғылымдары

12. Техникалық ғылымдар

13. Медицина;

14. Экология және табиғатты қорғау;

15. Юриспруденция және құқық;

16. Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Ғалымдар, аспиранттар, магистранттар, студенттер, оқушылар және оқытушылар конференцияға ғылыми материалдарын жариялау үшін 2012 жылдың  15 наурызына дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жолдауы тиіс: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 238а кабинеті, ғылым департаментінің ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі, тел.: 8(718-2)673683, факс: 8(718-2) 673704, E-mail: Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек. ; көрсетілген үлгі бойынша өтініш және аталмыш тілдердің бірінде: қазақ (KZ Times New Roman), орыс (Times New Roman), ағылшын тілдерінде MS WORD (2003,2007) редакторында терілген 5 беттен аспайтын және А4 форматтағы ақ қағазға басылған мақаланы флэш-тасымалдаушыда жолдауыңыз керек (материалдар  қайтарылмайды).

Баянадамаларды ресімдеуге қойылатын  талаптар:

•    шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman /12 pt/; аралық - бір, үстіңгі жағы – 2,5 см., астыңғы жағы - 2,5 см., сол жағы – 3 см., оң жағы – 2 см.;

•    беттің үстіңгі жағында – бас әріппен жазылған баяндаманың аты, оның астында екі аралықта, бас әріппен автордың аты-жөні және тегі, кіші әріппен қаласы және жұмыс орны, содан екі аралықтан кейін мәтін берілуі керек;

•    формулалар Microsoft Equtioin формуласының редакторы үлгісінде орындалуға тиіс, суреттер (қара-ақ, бояусыз) сканерлеу JPEG, JPG формасында 300 dpi кем емес.

Толтыру үлгісі:

Материалдар ұқыпты тексерілген және баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптарға дәлме-дәл сәйкес болуы керек.

Анық толтырылған тіркеу парағы мен жарнаның төленгені туралы анықтама ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөліміне тапсырылуы міндет (Ломов көш., 64-үй, 2-қабат, 238а каб.) Аталған талаптарға сай ресімделмеген мақалалар жинаққа енгізілмейді.

Мақаланың мазмұн сапасына автор жауап береді. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қызметкерлері мен магистранттары үшін тіркеу жарнасының көлемі - 2500 теңге, университет студенттеріне – 2000 теңге және мектеп оқушыларына – 1500 теңге,  басқа оқу орындары мен мекемелердің өкілдері үшін – 3000 теңге (20$). Конференцияға қатысушылар конференция материалдары  жинағының  бір  данасын  алады.  Жарна  «Цеснабанк» бөлімшелері немесе С.Торайғыров ат. ПМУ кассасы арқылы «ХІI Сәтбаев оқулары»  деген белгімен есеп айыру шотына аудару жолымен төленеді.

Жол жүру және тұрғын үй шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен.       

Конференцияға қатысулырыңыз, келулеріңіз және тұрғын үйге өтінімді 2012 жылдың 15 наурызына дейін хабарлауыңызды сұраймыз  (тел. 67-36-83).

 

 

С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті

Павлодар қ., Ломов көш., 64-үй, Павлодар қ.

Тел/факс: 8(7182) 67-37-04

РНН 451 800 030 073

БИН 990 140 004 654

 

АО «Цеснабанк»

ИИК KZ 579 98 FTB 000 000 3310

БИК TS  ES KZ KA

 


ТІРКЕУ ПАРАҒЫ

Тегі_____________________________________________________________________________

Аты_____________________________________________________________________________

Әкесінің аты______________________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы____________________________________________________________

Ұйым, қызмет_____________________________________________________________________

Мекен – жайы_____________________________________________________________________

Телефон/факс____________________________________________________________________

Е-mail____________________________________________________________________________

Секция __________________________________________________________________________

Баяндаманың аты (толық аты)_______________________________________________________

Қосымша баяндамашы туралы мәлімет_______________________________________________

Тұрғын үй қажет болса_____________________________________________________________

Қажетті техникалық құралдар________________________________________________________

 

 

Мен:

Секция мәжілісінде баяндама жасаймын

Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;

Сырттай қатысамын.


Қолы ____________________

 

 

ҚҰРМЕТПЕН,
ҰЙЫМДАСТЫРУ  КОМИТЕТІ

 
 
 

Портал бойынша іздеу


Бізбен болыңыздар: Twitter Facebook Youtube
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21
 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
 
   

   

   

      
С.Торайғыров Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2012, E-mail: