Кредиттерді қайта есептеу
1. Қазақстан Республикасы кредитттерінің КАЕЖ (ECTS) кредитттеріне қайта есептеу аударма коэффициенті негізінде жүзеге асырылады.
2. ҚР кредитттерінің КАЕЖ кредиттеріне қайта есептеу кредит коэффициенттеріне аудару қажеттілігіне байланысты КАЕЖ-ң 1 кредиті төменде берілген коэффициентке сәйкес аударылады:
- Бакалавриат бойынша – 1,5-1,8
- Кәсіптік және ғылыми –педагогикалық магистратура бойынша - 2-2,4
- Докторантура бойынша – 2,7-3,2
Осыған байланысты кредиттер толық бірлікте қалыптасады.
Қазақстан Республикасы кредитттерінің КАЕЖ кредитттеріне қайта есептеу ҚР кредитттерін ҚР–ң әр пәнге және білім беру бағдарламаларының деңгейіне байланысты 2 тармақта көрсетілген аударма коэффициентіне көбейту негізінде іске асырылады.
Көрсетілген аударма коэффициенттері теориялық білім беру (аудиториялық және өзіндік жұмысты қоса алғанда) кредиттерін қайта есептеу үшін қолданылады.
3. Оқу жұмысының басқа да түрлерін қайта есептеу 2 тармаққа сәйкес келесідей аударма коэффициенттеріне байланысты жасалынады.
Тәжірибе: оқу-танымдық- 0,5-тен 0,6, педагогикалық –1-ден 1,2, өндірістік-2,5-тен 3, зерттеу -4-тен 4,8-ге дейін.
Магистранттың(докторант) ғылыми-зерттеу жұмысы -4-тен 4,8-ге дейін.
Білім алушының қорытынды аттестациясы -3,2-ден 4,5.
4. КАЕЖ бағалау шкаласына 5 балдық бағалау жүйесі енеді (А-дан Е-ге дейін), ҒХ бағасы, оны өзгертуге болады және кредитсіз Ғ бағасы.
5. ҚР білімді бағалау жүйесі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға балдық –рейтингтік, әріптік жүйесі негізінде 10 бағадан құралады (А-дан Д-ға дейін) және ол берілген кредитттердің меңгерілуімен кредитсіз қанағаттанарлықсыз Ғ бағасын қарастырады.
6. Білім алушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін балдық рейтингілік әріптік жүйеге сай КАЕЖ бойынша бағалау төмендегі 1-2 қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.
1-қосымша
Білім алуышылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесін КАЕЖ бағалау жүйесіне ауыстыру кестесі.
|
ECTS бойынша бағалар
|
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
%-тік құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
| A |
A |
4,0 |
100 |
Өте жақсы |
| B |
B+ |
3,33 |
85 |
Жақсы |
| C |
B |
3,0 |
80 |
| D |
C |
2,0 |
65 |
Қанағаттанарлық |
| E |
D |
1,0 |
50 |
| FX, F |
F |
0 |
0 |
Қанағаттанарлықсыз |
2-қосымша
Балдық- рейтингілік жүйесін КАЕЖ бағалау жүйесіне ауыстыру кестесі
|
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
%-тік құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
ECTS бойынша бағалар
|
| A |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
A |
| A- |
3,67 |
90-64 |
| B+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
B |
| B |
3,0 |
80-84 |
Жақсы |
C |
| B- |
2,67 |
75-79 |
| C+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
| C |
2,0 |
65-69 |
Қанағаттанарлық |
D |
| C- |
1,67 |
60-64 |
| D+ |
1,33 |
55-59 |
| D |
1,0 |
50-54 |
Е |
| F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
FX, F |