С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы бөлімінің негізгі бағыттары:

Міндеттері – студенттердің азаматтық қалыптасуы, қазақстандық патриотизм, рухани жаңаруы:

  • Халықтық педагогиканың, оның халықтық дәстүрлерінің аса бай тәжірибесін пайдалану;
  • Жалпы адамгершіліктің негіздері – өз халқының дәстүрін құрметтеуге, достыққа, махаббатқа, балаларға, отбасына жауапкершілікке тәрбиелеу;
  • құқық бұзудың және қылмыстың алдын алу және ескерту: дөңгелек стөлге, әлеуметтік сауалдамаларға қатысу, психологтермен әңгіме;
  • тәрбиенің тұтас жүйесінің дамуына жағдай жасау: рухани мәдениет экологиялық сауаттылық, салауатты өмір салты, діни адамгершіліктің негіздері;
  • студенттер топтарында тәрбие қызметін жүзеге асыратын білім беру қызметкерлерінің деңгейін көтеруді қамтамасыз ету: оқытатын семинарларға, тренингтерге қатысу.

 

Негізгі мақсаттар мен міндеттер:

ТЖО С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің Жарғысына және менеджмент сапасы жүйесінің құжаттарына сәйкес мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

  • Студенттік өзін-өзі басқару шарттарын сезіну;
  • Жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
  • Жеке тұлғаның азаматтық ұстанымын дамыту;
  • Білім алушылардың кәсіби-адамгершілік мәдениетін дамыту;
  • Білім берудегі жалпыға міндетті мемлекеттік стандартты жүзеге асыру үдерісінде жоғары мәдениетті мамандарды, азаматтар мен патриоттарды қалыптастыру жөніндегі бірыңғай оқу үдерісінің міндеттерін орындау;
  • Мына мәселелерге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық, тәрбилеуші ортаны жасау:
    1. жеке тұлғаның шығармашылық жағынан өзін-өзі дамытуы және өзін таныта білдіруі;
    2. университет дәстүрін сақтау;
    3. азаматтық пен патриотизмді сақтау;
    4. білім алушылардың моральдік ынталандыру жүйесін қалыптастыру;
  • студенттік ортада аддитивті тәртіпте құқық бұзушылардың, наркомандардың және ВИЧ-инфекциясының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдасытыу;
  • университеттің факультеттерінде жалпы тәрбие жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын реттеу және бақылау, ұйымдасытру;
  • болашақтағы және ағымдағы тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
  • студенттермен тәрбие жұмыстарына жаңа әдістемелер енгізу

"Қазақша кітап оқиық" акциясы