С.Торайғыров атындағы ПМУ-ң тәрбие және әлеуметтік мәселелер департаментінің әлеуметтік бөлімі:
- ұжымдық келісім-шарт шеңберінде ЖОО-ның әлеуметтік қызметін жүзеге асырады, ОПҚ-нің, қызметкерлердің, студенттердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;
- университеттің даму тұжырымдамасын және жұмыс жоспарларын жасауға қатысып, оларды іске асырады;
- ПМУ-ң әлеуметтік салада болашақ және ағымдағы жоспарларын, сапа саласындағы ПМУ-нің саясаты мен мақсаттарын, университеттің іс-шараларының жоспарларын, университеттің Ғылыми кеңесінің және ректораттың әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмыстары жөніндегі шешімдерін, есеп беру құжаттарын және ағымдағы оперативті ақпараттарды ұйымдастырып, жүзеге асырады;
- әлеуметтік бағыттағы жалпы университеттік іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады;
- факультеттер, кафедралар және бөлімшелердің жұмыстарын үйлестіру арқылы университеттің әлеуметтік қызметін ұйымдастырады;
- С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің асханасында тегін тамақ беру үшін жетім студенттер тізімін жасайды;
- ұжымдық келісім-шарт шеңберінде қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуы қамтамасыз ету жұмысын үйлестіреді;
- мына категориялар бойынша әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастырады: С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің ардагерлерімен, жетім студенттермен, аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттермен, мүгедек студенттермен.
- С.Торайғыров атындағы ПМУ асханаларында жетім студенттерді тегін тамақтандыруды қамтамасыз етеді;
- С.Торайғыров атындағы ПМУ ардагерлерімен, жетім, мүгедек, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан, сонымен қатар ата-анасы зейнеткер, мүгедек студенттермен әлеуметтік жұмыс ұйымдастырады;
- Студенттер үйіне студенттерді орналастыру жұмысын жүргізеді;
- білім алушылар контингентінің әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет қалыптастырады;
- С.Торайғыров атындағы ПМУ білім алушылары мен қызметкерлері үшін әлеуметтік қоржынды жылдан-жылға жетілдіре түседі;
- Жеңілдікпен несиелендірудің мемлекеттік бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізіп, құжаттарды жинауды жүзеге асырады;
- университеттік «Баянтау» демалыс үйінде қызметкерлер, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің жазғы демалыс ұйымдастырады;
- университет асханаларының бақылауын іске асырады.
Әлеуметтік бөлімнің мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асырады:
- әлеуметтік мәселелерді ұйымдастыру, бақылау және реттеу, университет факультеттерінің әлеуметтік жұмыстарына жалпы басшылық жасау;
- әлеуметтік жұмыстарды болашаққа және ағымдағы жоспарлау;
- жоспарларды, университеттің Ғылыми кеңесінің және ректораттың, ректордың тапсырмалаларын, ТЖ жұмысы және ӘМ департаментінің шешімдерін, есеп беру құжаттары мен ағымдағы оперативті ақпараттардың сапалы және дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету;
- әлеуметтік жұмыстардың сапасын басқару жөніндегі әлеуметтік мәселелер бөлімнің барлық деңгейдегі қызметтерін орындауда қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру;
- әлеуметтік жұмыстардың сапасын басқару жөніндегі әлеуметтік мәселелер бөлімнің барлық деңгейдегі қызметтерін орындауда қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру;
- университеттің имиджін қалыптастыру және қолдауға қатысу.


























