Ата-аналар өкілінің жадынамасы
1. 2011 жылғы қорытынды аттестаттау
Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:
- ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ);
- жалпы білім беретін пәндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өткізіледі.
ҰБТ-ға:
- орта білімнен кейін немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдіргендер;
- жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер;
- жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер;
- үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері қатысады.
Дәстүрлі түрде қорытынды аттестаттаудан:
- ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер;
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық ғылыми жобалар жарысы мен олимпиадалардың қатысушылары, жалпы орта білім беретін ұйымдардың халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылары, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың және жалпы білім беретін мектептерде ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің бітірушілері, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған бітірушілер өтеді.
2. ҰБТ-ны өткізу тәртібі
ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және ЖОО-ға қабылдаудың Тпптік ережесіне сай таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәні бойынша өткізіледі.
ҰБТ бойынша мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.
Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті.
ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.
ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.
ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.
3. Өтініш беру уақыты
ҰБТ-ға қатысуға өтінішті мектеп бітіруші 2011 жылдың 10 наурызынан 25 сәуіріне дейін өзі білім алып жатқан білім беру мекемесінде бере алады.
Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- 2 фотосурет (3х4 өлшемді).
Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:
- Мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;
- Тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.
4. Емтихан мерзімі
Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 10 маусымға дейін жүргізіледі.
5. Емтихан уақыты
ҰБТ-ның басталу уақыты – сағат 09.00.
ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат.
6. Апелляция
Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтінішті тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін тек өзі беруі керек және өтініш апелляциялық комиссиямен бір тәулік мерзімінде қаралады.
Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасын әкелуі керек.
7.Аттестатқа бағалар қою
Балдарды аттестаттың бағаларына ауыстыру шкалаға сәйкес жүргізіледі
| № |
Пән |
2 (қанағаттанарлықсыз) |
3 (қанағат) |
4(жақсы) |
5(үздік) |
| 1 |
Қазақ тілі |
0-3 |
4-13
|
14-20 |
21-25 |
| 2 |
Орыс тілі |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
| 3 |
Қазақстан тарихы |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
| 4 |
Математика |
0-3 |
4-11 |
12-19 |
20-25 |
| 5 |
Физика |
0-3 |
4-11 |
12-19 |
20-25 |
| 6 |
Химия |
0-3 |
4-11 |
12-19 |
20-25 |
| 7 |
Биология |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
| 8 |
География |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
| 9 |
Дүниежүзі тарихы |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
| 10 |
Қазақ әдебиеті |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
| 11 |
Орыс әдебиеті |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
| 12 |
Ағылшын тілі |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
| 13 |
Неміс тілі |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
| 14 |
Француз тілі |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
| 15 |
Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі |
0-3 |
4-11 |
12-17 |
18-25 |
| 16 |
Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі |
0-3 |
4-11 |
12-17 |
18-25 |
8. Сертификаттың қолданыс мерзімі
ҰБТ тапсырған бітірушілерге беріледі:
- ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат.
- Сертификаттың жарамдылық мерзімі - 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
8.Білім беру гранты
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде тек қана қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі.
Конкурсқа қатысу үшін 50 балдан төмен жинамау керек («Жалпы медицина» мамандықтарына – 55 балл), соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған ҰБТ пәндерінен (оның ішінде қазақ мектептерінде оқытылатын орыс тілі мен орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілінен) 4 балдан төмен болмауы керек.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылдайды.
Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссияларында тапсырады.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.
Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі.
Назар аударыңыз!!!
Бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне рұқсаттамада көрсетілген күні өзімен бірге келесі құжаттарды алып келу керек:
- ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама;
- жеке басын куәландыратын құжат;
ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады:
- орнынан тұруға және орын ауыстыруға;
- кез-келген материалдар және заттармен алмасуға;
- ұялы байланыс телефондарын немесе басқа да ұтқыр байланыс құралдарын, фото және видеоаппараттарын, портативті жеке компьютерлерін (ноутбуктар және жеке қалта компьютерлерін, т.б.) қолдануға және аудиторияға алып кіруге.
- анықтамалық материалдар мен шпаргалкаларды қолдануға;
- Тестілеу кезінде ереже бұзушылықтардың алдын алу үшін және тестіленушілерді қорғау мақсатында, тестілеуге кіргізу кезінде барлығы металіздегіштердің көмегімен тексеруден өтеді.
Бітіруші аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғанда және тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда Министрлік өкілі шешімімен бітіруші қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады және оның тест нәтижелері жойылады.
Тәуелсіз бақылаушылар ретінде, балалары тест тапсырмайтын ата-аналардың аудиторияларға кіруге құқылары бар.
ҰБТ кезінде бақылаушыларға тыйым салынады:
- ҰБТӨП-ке ұялы байланыс телефондарын немесе ұтқыр байланыс құралдарын, фото және видеоаппараттарын, портативті жеке компьютерлерін (ноутбуктар, жеке қалта компьютерлерін, т.б) әкелуге;
ҰБТӨП-те тестілеу уақыты кезінде көрсетілген материалдарды және құралдарды пайдалануға тыйым салынады
- Емтихан кезінде ҰБТӨП-те жүруге.
Ұлттық тестілеу орталығы