Мектептер, лицейлер, гимназиялар берген  білім туралы құжаттарды растау және нострификациялау рәсімін жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізімі

1) білім буралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат);

2) аттестатқа келесі ақпаратты қамтитын қосымша (түпнұсқа):

•    иесінің аты-жөні;

•    аттестат сериясы, нөмірі;

•    бағалары қойылған өткен оқу пәндерінің бар болуы;

•    директордың, хатшының тегі мен инициалдары.

Аттестат апостилизациядан немесе легализациядан өтуі шарт.


Кәсіби мектептер, колледждер, институттар, университеттер берген  білім туралы құжаттарды растау және нострификациялау рәсімін жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізімі

1) білім буралы құжаттың түпнұсқасы (диплом);

2) дипломға келесі ақпаратты қамтитын қосымша (түпнұсқа):

•    иесінің аты-жөні;

•    диплом сериясы, нөмірі;

•    өткен оқу пәндері мен тәжірибелер сағатының саны;

•    алған қорытынды бағалары;

•    курстық жұмыстар/жобалар;

•    оқу орнын аяқтағандағы қорытынды біліктілік жұмыстары;

•    ректордың, деканың, хатшының тегі мен инициалдары.  

Дипломдар апостилизациядан* немесе легализациядан* өтуі шарт.

*апостиль (білім туралы мемлекеттік құжаттарда) – бұл 1961 жылғы Гааг конвенциясына қатысқан (оның ішінде Қазақстан) кез келген мемлекетте көрсетілетін құжаттардың заңдылығы туралы мәліметтерді толтыру үшін халықаралық стандартизациялау үлгісі

*легализация – куәландыратын жазба үлгісіндегі өзге мемлекетте берілген құжаттың түпнұсқалығы мен заңды күшін растау.

3) диплом мен оның қосымшасының нотариуспен бекітілген мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасы мыналармен жүзеге асырылады: 

•    Қазақстан Республикасы аумағындағы нотариус Республики Казахстан;
или

•    Құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары;

•    кей жағдайларда (мысалы, прецендент жөніндегі қабылдауды растау кезінде) құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырған аудармалар ұсынылуы мүмкін.

4) жеке куәлік немесе паспорттың нотариуспен бекітілген мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасы.

5) оқу орнының мөрімен бекітілген және мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аударылған оқу мекемесі лицензиясының көшірмесі; немесе оқу орнының мөрімен бекітілген және мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аударылған оқу орнының аккредитациядан өткені туралы куәліктің көшірмесі

6) төлем туралы түбіртектің көшірмесі;

7) жеделтіккіш (пластик).