КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

 

Кафедра 1995 жылы ұйымдастырылған «Есеп және қаржы» кафедрасының құқық мирасқоры болып табылады.

Оның негізделген күнінен бастап төрт жыл бойы кафедраға ҚР аудиторлар палатасының мүшесі, э.ғ.к., профессор И.Т. Шукумов жетекшілік етті.

«Қаржы» кафедрасын э.ғ.к., С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры - Кафтункина Наталья Сергеевна меңгереді.

Қазіргі уақытта кафедрада 22 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 1 доктор, 5 экономика ғылымдарының кандидаты, 1 техника ғылымдарының кандидаты. 10 экономика магистрі, кафедраның 1 оқытушысы магистрант болып табылады және ЖОО-ң экономика ғылымдарының кандидатының басшылығымен экономика әр түрлі салаларында ғылыми зерттеу жұмысымен айналысады.

Қаржы кафедрасы келесі мамандықтар бойынша бакалаврлар мен магистарнттарды дайындайды:

- 050509, 5В050900 «Қаржы»;

- 6М050900 «Қаржы».

Кафедра С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің қаржы-экономика факультетінің салалық бөлімі болып табылады.

 

 

КАФЕДРА БАСШЫЛЫҒЫ

 

Айгужинова Динара Зейнуллақызы - экономика ғылымдарының кандидаты, «Қаржы» кафедрасының доценті, 2013 жылдың 02 қыркүйегінен бастап «Қаржы» кафедра меңгерушісінің міндет атқарушысы

Экономика ғылымдарының кандидаты, «Қаржы» кафедрасының доценті. ПМУ-да 2004 жылдан бастап жұмыс істейді.

Оқытылатын пәндер: «Ақша Несие Банк», «Жобаларды талдау», «Ақшалай – несие саясаты», «Салықтық жоспарлау».

Негізгі табыстары:

Айгужинова Д.З. құрылыс ұйымының сапа менеджменті аумағындағы методикалық сұрақтарды оқытуды қарастыра отырып, мемлекеттік ғылыми стипендияны иемдену конкурсына қатысу үшін ғылыми зерттеу материалдарын ұсынады.

Республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысады, студенттiк ғылыми жұмыстарды басқарып жүзеге асырады, экономика пәндерiнiң сабақ берілуін қазіргі дамуды ала отырып жүзеге асырады.

2004 – 2010 жж. – «Салалық экономика» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды;

2011 ж. - осы уақытқа дейін «Қаржы» кафедрасының доценті.

Екі патенті бар (интеллектукалдық меншік объектісін мемлекеттік реттеу туралы куәлік). Қорғауға «Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапа менеджменті: мәселелері және әдістемелік аспектілері» тақырыбына диссертацияны дайындады.

Біліктілігін жоғарлату курсы:

2005 ж. – курсы «Электрон кестелеріндегi мәлiметтер талдау» курсы;

2006 ж. – «Оқытудың несие жүйесi бойынша оқу процессiн ұйымдастыру» курсы;

2008 ж.– «Инновациялық маркетинг: жобаларды басқару» курсы;

2011 ж. –«Қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпаратты-коммуникациялық технологиялары» курстары;

2011 ж. – э.ғ.д., профессор Любомира Цивинаның дәріс курсы тыңдалды (Праждік банк университеті, Чехия);

2011 ж. - Хайльбройнн, г-на Олаф Хенгерер университетінің профессоры MBI-дің дәрісі тыңдалды (Германия);

2011 ж. - тақырып бойынша вебинареге қатысу: «Халықтық IPO»;

2012 ж. – Ноболев лауреаты Роберт Манделла профессорының дәріс курсын тыңдады.

Басып шығарылған жұмыстар: 20 шамасында ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде:

- Құрылыс өнімінің сапасын басқару мәселелері (Павлодар облысының материалдарында);

- Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына әсер ететін факорларды бағалау;

- Қазақстан Республикасында ақпараттық нарықтың қалыптасу тенденциялары;

- Павлодар облысында инновациялық үрдістердің даму жағдайы;

- Павлодар облысында шағын кәсіпкерліктің инновациялық даму болашағы.

 

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы

 

Павлодар қ, Ломов көш 64, С. Торағыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің "Қаржы" кафедрасы

тел: 8(7182) 673643 (ішкі 172)

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

 Үздік түлектер

 Материалдық-техникалық база

 Оқу-әдістемелік жұмыс

 Тәрбиелік жұмыс

 Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра жетістіктері