Неге Сіз С. Торайғыров атындағы ПМУ оқуды таңдадыңыз?






Нәтижелер
 

Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

Қазіргі уақытта порталда 266 қонақтар 
 

Қашықтықта оқыту

 
 

«Сұңқар» жастар қоғамының бірлескен спорттық клубы

Жетекші: Пономарев Василий Васильевич.

Қазақстан Республикасының спортының құрметті қайраткері, Қазақстан Республикасының ғылым және білім беру министрлігінің дене шынықтыру Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы кеңесінің мүшесі. Павлодар облысының бастаушы спортсмендерінің тәрбиешісі, халықаралық кластың спортының мастері. В.В. Пономаревтің спорттық мансабы әскердегі спортпен байланысты. Киев пен Львовтың спорттық ротасында қызметін бастады. Ол Кеңестік армияның спорттық бөлімшесінде қызмет етті, жеңіл атлетика бойынша ҚазССР ұлттық құраманың мүшесі болды, Москвада ЦСКАда ішкі әскер подполковник  атағымен әскери қызметін аяқтады.

1975 жылы Павлодар қаласының Илличевский ауданының спорттық комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 12 жыл ішінде (1982 жылдан бастап 1994 жылға дейін) «Динамо» спорттық қоғамының облыстық кеңесінің төрағасы болды.

Тікелей ұйымдастырушы және «Сұңқар» спорттық клубының құрылған күнінен (2002 ж) бастап жетекшісі. Н.Ә. Назарбаевтің  2005 жылғы президенттік сайлауының сенімді адамы, Қазақстан Республикасының Президентінің облыстық таңдау штабының мүшесі.

Мақсаты:

•    Дене шынықтыру мен спорттың облысында студенттік жастардың әр алуан қызығушылығын қанағаттандыру
Міндеттері:

•    Студенттердің спорттық және денсаулықты нығайту бағытында, көптік-денешынықтыру мен спорттық шараларды ұйымдастыру;

•    Студенттер спорт федерациясының халықаралық ұлттық және аймақтық байланысты нығайту, үлкен дәрежедегі спортсмендердің және спорттық резервтер жүйесін құрастыруды жетілдіру, ЖОО көптік физикалық мәдениетті массалық жетілдіру көмегі;

•    Халықаралық және аймақтық жарыстарда студенттердің жиын командалардың қатысуын қамтамасыз ету.

Қызметі:

Спорт қайраткерлері мен ҚР еңбегі сіңген тренерлерді тартуда студенттер арасында әртүрлі спорт түрлерді популяризациялауды өзіне кіретін, «Дені сау өмір салты» ҚР Президенті бағдарламасын С. Торайғыров атындағы Павлодар Мелекеттік Университетінде іске асыру. Сонымен университетте біздің аймаққа жаңа спорт түрлерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі, садақпен ату мен регби сияқты, бос емес жастардың үлкен пайызын алуға мүмкіндік береді.

С. Торайғыров атындағы Павлодар Мелекеттік Университет оқытушылар мен студенттердің ынталары арқылы пайда болған ұйымдастырылған «Сұңқар» жастар қоғамының бірлескен спорттық клубы коммерциалық емес болып табылады.

Университетте спорттың 25 түрі таралған. Секциялар мынадай спорт түрімен жұмыс жасайды: бадминтон бойынша 2 секция, 3 – баскетбол, 2 –волейбол, 5 – бокс,  2 – жеңіл атлетика,  4 – үстел теннисі, 4 –футбол, 3 – шаңғы жарысы, 2 – регби, 3 – жалпы физикалық дайындық, 2 – садақ ату, 2 – тоғыз құмалақ, сонымен қатар «ПГУ-Норд» шаңғы туризмі, коньки тебетін спорт, шахмат, гирлік спорт, дзю-до күресі және қазақша күрес. Спорттың ұлттық түрінің дамуына ерекше көңіл аударады: соңғы екі жылда тоғыз құмалақтан 4 спорт мастері және қазақша күрестен спорт мастерінің  6 кандидаты даярланды.

Спорттық секциялар мен үйірмелердің жұмыстары тек университеттің қаражатының есебінде қызығушылықпен тегін өткізіледі.

Университетте Қазақстан Республикасының жоғары лига чемпионатына қатысатын 5 команда құрылды: әйелдер волейболы; ерлер волейболы; ерлер баскетболы; ерлер регбиі; ерлер үстел теннисі. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрама командасы үстел теннисі бойынша Венгрияда студенттердің арасында өткен XV Әлем Чемпионатына қатысты – 9 командалық орын, 36 команда қатысты.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің спортсмендері мен командалары қаланың жоғары оқу орындарының арасында комплексті спартакиада жыл сайын бірінші орын алады.

Университетте 6 Халықаралық класс спортының мастері, 48 спорт мастері, спорт мастерінің 115 кандидаты  жаттықтырылады.

Біздің спорттық командалар мен секцияларды тек қана біздің республикамызда ғана емес, шекаралас елдерде де спорттың дамуына недәуір үлес қосып жатқан Қазақстанға әйгілі спортсмендер жаттықтырады:

Вахитов Рафаиль Гайсич – бокс бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 35 спорт мастерін және 6 Әлем Чемпионатының қатысушыларын, 2 Олимпиадалық ойындарының қатысушыларын тәрбелеуші. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бокс бойынша жаттықтырушысы.

Кривец Оксана Александровна – регби бойынша спорт мастері, баскетболдың спорт мастері, баскетбол бойынша Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, баскетбол (жоғары лига) бойынша Ресей чемпионы, регби бойынша 1992 жылдан бастап Қазақстан чемпионы, 1994 жылы Шотландиядағы Әлем Чемпионатының қатысушысы, 1995 жылы Голландияда клубтық командалар арасында Еуропа Чемпионатының жеңімпазы – 1 орын, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің регби бойынша жаттықтырушысы.

Ковалевская Наталья Юрьевна – регби бойынша спорт мастері, 1992 жылдан бастап регби бойынша Қазақстан чемпионы, 1994 жылы Шотландияда, 1998 жылы Голландияда Әлем Чемпионатының қатысушысы, клубтық командалар арасында 1995 жылы Голландияда – 1 орын, 1996 жылы Италияда, 1997 жылы Испанияда, 1998 жылы Италияда Еуропа Чемпионатының жеңімпазы, 2000 жылғы Азия Чемпионатының жеңімпазы  – 1 орын, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің регби бойынша жаттықтырушысы.

Клопков Александр Александрович – футбол бойынша спорт мастері, «Трактор» футбол командасының ойыншысы. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің футбол бойынша жаттықтырушысы.

Шепотько Сергей Васильевич – садақ ату бойынша спорт мастері, садақ ату бойынша Қазақстан Республикасының бірнеше мәрте чемпионы,  Қазақстан Республикасының ұлттық құрама мүшесі, 2001-2005 жылдар аралығында Бельгия мен Францияда жаттықтырушы болып жұмыс атқарды: 2001 жылы ақпанда  Намюр провинциясында чемпион – 2 орын, 2001 жылы наурызда Интернационалды турнир (Франция) – 1 орын, 2002 жылы қаңтарда провинция чемпионы – 1 орын, 2002 жылы қарашада Бельгияда садақ атудан рекорд, 2003 жылы қаңтарда Бельгия чемпионы – 3 орын. 2004 жылдың қаңтарынан бастап 2005 жылдың қаңтарына дейін халықаралық сертификатты алумен  А.D.E.P.C. жаттықтырушыларының кәсіби курстары өтті.

Рогоза Светлана Сергеевна – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің садақтан ату бойынша тренер, садақтан ату бойынша Қазақстан Республикасының дүркін –дүркін чемпионы, садақтан ату бойынша спорт шебері.

Роева Нина Михайловна – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Президенттік көптеген күрестер бойынша тренер, жазғы және қысқы көптеген күрес бойынша тренер, ардагерлер арасында көптеген күрес бойынша Әлем кубогінің иегері, ардагерлер арасында шаңғы бәйге және полиатлон бойынша Қазақстан Республикасының бірнеше рет чемпионы, Қазақстан Республикасының шаңғы бәйге және полиатлон, президенттік көптеген күрес сияқты спорттың үш түрі бойынша спорт шебері.

Филипенко Игорь Александрович – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қыздар футболы бойынша тренері, 1982 жылы Ленинградтағы және 1997 ж. Белгиядағы халықаралық жарыстардың жүлдегері, 1996 ж. Франциядағы Әлем Чемпионатының қатысушысы, акробатика бойынша СССР-дің спорт шебері, 1990-1997 жж. Қазақстанның бірнеше рет чемпионы.

Сафронова Анастасия Николаевна – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жеңіл атлетика бойынша тренері, жеңіл атлетика бойынша Қазақстан Республикасының бірнеше рет чеипионы, жеңіл атлетика бойынша спорт шебері.

Рогальская Светлана Юрьевна – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тренері, Қазақстан Республикасының бірнеше рет чеипионы, акробатика бойынша спорт шебері.

«Сұңқар» спортклубының жұмысында еңбегі сіңген тренерлер белсенді қатысады, олар: Шелепов Ю.В., Тейхриб В.Е. – бадминтон және үстелде ойналатын теннис бойынша тренер; Қосынтаев Б.Б. – футбол бойынша тренер; Көкішев К.К. – волейбол бойынша тренер; Кулак А.В. – жеңіл атлетика бойынша тренер; Кенжебалин Ж.Т. – дзю-до бойынша тренер; Куватов А.Ж. – тоғыз құмалақ бойынша тренер; Токтарбаев Д.С., Оралтаев Е.Р. – бокстан тренер; Балтабаев Е.Р. – қазақша күрестен тренер; Воркунов М.С., Выдрин Е.Н. – шаңғы жарыстан тренерлер; Степанова Н.М. – гандболдан тренер; Омаров Т.С. – баскетбол бойынша тренер.

Біздің жетістіктеріміз

Біздің университет ең үлкен деңгейдегі жарыстарда көрсетеді университет студенттері қалалақ және облыстық командалар жиынының мүшелері болып табылады, университет өз шәкірттерінің спорттық дәрежесімен мақтан етеді.

Худиев Рустам, Юрий Юда – Афинадағы Олимпиадалық ойындардың қатысушылары.

Беляев Алексей – Туринадағы Олимпиадалық ойындардың және конькимен жүгіру бойынша Бүкіл әлемдік қысқы Универсиада қатысушысы.

V орын алған,  волейболисткалар Эзау Елена, Матвеева Ирина Азия ойындарында қатысты.

Еркін күрес бойынша Азия Чемпионатында Черкашина Ольга II орын, Сағитов Талғат  - III орын ұтты.

Қытайда регби бойынша Азия ойындарында ең үздік ойыншылар Зеленский Антон, Хмелёв Олег атанды.

Тоғыз-құмалақ ұлттық ойынында қаржы және экономика факультетіндегі, БГМУ-11к тобының студенті Ахтаев Серік, пауэрлифтингта (ауыр атлетика) металлургия, машина құрастыру және транспорт факультетіндегі, ТМ-52 тобының студенті Зиновьев Дмитрий Қазақстан Республикасы абсолюттік чемпионы болды, халықаралық ресми жарыстарда келесі нәтижелерге жетті, Қазақстан Республикасы бастамасында және чемпионатында, республикалық жарыстарда шығуда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет спортсмендері 2006 жылы жетті.

34 чемпиондық атағын алған университеттің 29 студенті Қазақстан Республикасы Чемпионы атанды.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 14 студенті спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы біріншілігінде және  чемпионатында күміс жүлдегері атанды.

Университет студенттерінің 19 спортсмені Қазақстан Республикасы біріншілігінде және  чемпионатында үшінші орынға ие болды.

Кикбоксинг бойынша қаржы және экономика факультетіндегі БЭК-32 тобының студенті Нұрғалиев Нұрлан; химия және биология факультетіндегі БЭ-23, Смағұлов Азамат бокс бойынша Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Сейілханов Саян қаржы және экономика факультетіндегі, БФ-21к тобының студенті джиу-джицу бойынша Азия

Чемпионы атанды.

7 спортсмен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды, олар:

Арынов Даурен – шет тілі факультеті – джиу-джицу,

Джумабаев Ринат – қаржы және экономика факультеті – шахматтар,

Садовник Екатерина – қаржы және экономика факультеті – жүзу,

Арефина Наталья – шет тілі факультеті,

Байдусенова Жолдыз, Куразова Залина – құрылыс және архитектор факультеті – баскетбол.

Черкашева Ольга – құқық және тарих факультеті – еркін күрес.

Ефимова Александра және Гончарова Юлия химия және биология факультет студенттері гандбол бойынша Азия ойындарында күміс медалдарға ие болды.

Шахмат бойынша ФИДЕ шебері атағына лайықты болған құрылыс және архитектор факультетіндегі Мельников Егор және құқық және тарих факультет студенті Ташимова Надия, ФИДЕ халықаралық шебері атағына лайықты қаржы және экономика факультет студенті Джумабаев Ринат болды.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің 32 студенті спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары құрамы тізімінде.


 
 
 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

 2011
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
 
   

   

   

      
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2011, E-mail:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21