loading
 
 

«Білік» газеті

1. Қазақстан халқы үшін Тұңғыш Президент күнінің маңызы қандай?

2. Астананың ЕХРО-2017 көрме иесі атану тарихи жағдай болып табылады. Бұл халықаралық көрме Қазақстанға не береді?

  Құрметті оқырмандар, аталмыш сұрақтарға өз ой-пікірлеріңізді адресіне жолдай аласыздар, үздік авторларды «Білік» газетіне жариялап, Елбасының «Стратегия Независимости», «На пороге XXI века» атты кітаптарын сыйға тартамыз.

  Сонымен қатар, «Білік» газетінде қандай мақалалар оқығыңыз келетіні жайлы ойыңызбен бөліссеңіз болады.


 

Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

Қазіргі уақытта порталда 396 қонақтар 
 
 
 

"Есеп және аудит" кафедрасы: Профессор-оқытушылар құрамы


Амеркулова Асель Ситуловна

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы

Павлодар қаласында 1982 жылдың 10 қараша айында дүниеге келді.

2004 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің «Бухгалтерлік есеп и аудит» мамандығы бойынша бітірді және экономист-бухгалтер біліктілігі тағайындалды.

2004 жылдан бастап «Есеп және аудит» кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді.

Негізгі оқытатын пәндер – Қазақ және орыс тілдерінде Бухгалтерлік есеп қағидалары, Қаржылық есеп 1, Қаржылық есеп 2, Бухгалтерлік есеп және аудит, Басқару есебі, ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп

Университетте жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің даму мәселесі бойынша 20 дан  аса мақалаларды жариялады.

Амеркулова А.С.  өзінің ғылыми және кәсіби деңгейін жоғарлатуда үнемі жұмыс жасайды. 2008-2011 жылдары «Қаржылық есеп 1», «Басқару есебі», «Салықтар»  курстарын «CIPA» бағдарламасы бойынша «Стиль» ЖШС де курстан өтіп, білікті емтихандар тапсырды.

Қазіргі уақытта өндірістік кәсіпорындарда шығындарды басқару аймағында зерттеушілік жұмысты жүргізеді.


Алтайбаева Жанат Калеловна

Экономика ғылымдарының кандидаты, «Есеп және аудит» кафедрасының доценті.

Жұмыс өтілі:

1985-1989 ж.ж. - Целиноград ауылшаруашылық институтында оқу, бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау бойынша экономист дипломы.

1989-1991 ж.ж. - Павлодар ауданы, Шакат ауылы, бухгалтер.

1991-1993 ж.ж. - Облыстық ауылшаруашылық техника, экономиканы басқарудың бас маманы.

1993-1995 ж.ж. - «Казахстанвереск» АПДФ, бас бухгалтер, басқарушы.

1998-2002 ж.ж. - С.Сейфуллин атындағы Ақмола атындағы аграрлық университетінің аспирантурасы.

2002-2003 ж.ж. - С.Сейфуллин атындағы Ақмола атындағы аграрлық университеті, аға оқытушы, "Экономикалық теория" кафедрасы.

2004 ж. - "Есеп және аудит" кафедрасының аға оқытушысы.

2004-2010 ж.ж. - "Есеп және аудит" кафедрасының аға оқытушысы, ПАУ.

15.04.2006 ж. - CAP версиясы бойынша сертификатталған практика бухгалтері.

2010 ж. - қазіргі уақытқа дейін - "Есеп және аудит" кафедрасының аға оқытушысы.

2004 жылдың 19 шілдесінде 80005 мамандығы бойынша "Ауылдық несиелік кооперативтерді ұйымдастыру" тақырыбы бойынша РосХНИЛ Ауыл шаруашылық институтында (Новосибирск қ.) кандидаттық диссертацияны қорғады.

2007 жылы кандидаттық диссертацияны қайта аттестациялау КНАСОН ҚР дипломы.

Кеңестер, комиссия, комитет, жұмыс топтарында қатысты:

- республика деңгейінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау және қадағалау Комитетінің №1368 18.11.2008 ж бұйрығына сәйкес ЖОО мемлекеттік аттестациясын жүргізуінде комиссия мүшесі;

- аймақ деңгейінде кәсіби бухгалтерлерді сертификаттауда аймақтық бақылаушы. 25 басылымы бар.

Халықаралық GEM 2007 "Кәсіпкерліктің ғаламдық мониторингі" атты бағдарламаға қатысты. 3 экономика магистрантын және 1 менеджмент магистрантын дайындады.

Біліктілікті жоғарлату:

2008 жылы "Қаржы жүйесі органдарының мамандарының біліктілігін жоғарлату, дайындау және қайта дайындау орталығы" АҚ келісімшарты бойынша "ҚЕХС сәйкес бухгалтерлік есеп" курсын жүргізу.

2006 жылы САР версиясы бойынша бухгалтер-практик сертификаты.

"Салық және салық салу" курсы (кәсіби бухгалтерлер серт.2011 жыл).

"Азаматтық құқық" курсы (кәсіби бухгалтерлер серт.2011 жыл).

Ғылыми қызметі шеңберінде 30 ғылыми жұмыс жарыққа шықты, соның ішінде 1 оқу құралы. Ғылыми конференцияларға қатысты, соның ішінде 9 халықаралық конференция.

Зерттеу тақырыбы: шығындарды басқару, басқарушылық шешімдерді қабылдағанда ақпаратты талдау.

Кәсіби бухгалтерлерді сертификаттауға қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Негізгі оқытатын пәндері – Қаржылық есеп 1, Қаржылық есеп 2, Кәсіпорындағы басқару есебі, ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп, Экономикадағы статистикалық зерттеулер, Басқару есебі.


Бархатова Тамара Петровна

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Есеп және аудит кафедрасының доценті

Бархатова Тамара Петровна, туған жылы 1947, орыс, 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. Жалпы еңбек тәжірибесі 40 жылды құрайды, оған қоса ғылыми-педагогикалық – 7 жыл. «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша Ұлттық шаруашылықтың Иркут институтын 1970 жылы бітірді.

2002 жылы қыркүйегінен бастап Бархатова Т. П. «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді. Өзінің ғылыми-педагогикалық әрекеті барысында Бархатова Т. П. дәрістер оқыды және барлық оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге келесі пәндер бойынша тәжірибелік сабақтарды өткізді: «Түрлі салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері», «Бухгалтерлік есеп», «Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп», «Мемлекеттік ұйымдардағы есеп және есеп беру», «Қаржылық ұйымдардағы есеп және есеп беру», «Бухгалтерлік есеп және аудит».

Бархатова Т.П. әрдайым өзінің ғылыми және кәсіптік деңгейін жоғарылатумен жұмыс істейді. 2004 - 2005 жылы «Қаржылық есеп - 1», «Басқармалық есеп», «Салықтар және құқықтар» курстары бойынша, «CIPA» бағдарламасы бойынша ТОО «Стиль» курстарын өтті және Қазақстан Республикасының кәсіптік аудиторлар мен бухгалтерлер Палатасымен берілген «Сертификацияланған бухгалтер-тәжірибеші» атты сертификатын алды. С.Торайғыров атындағы ПМУ БЖИ «Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша оқыту үрдісін ұйымдастыру» курсы бойынша 2005 жылдың наурызында сертификат алды. 2006 жылы біліктілікті жоғарлату шеңберінде С.Торайғыров атындағы ПМУ БЖИ «1С – Бухгалтерия» курстарында оқыды. Сертификат алынды.

Ғылыми әрекет шеңберінде Бархатова Т. П. түрлі деңгейдегі республикалық және ұлтаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысты. Қазіргі уақытта Т.П. Бархатованың ғылыми еңбектерінің 30 басылымдары бар. Маңызды басылымдар: «Қаржылық есеп берудің ұлтаралық стандарттары және олардың қазақстандық стандарттармен сәйкес келуі», «Есептік саясатты қайта қарау және МСФО-ға сәйкес келтіру», «Қонақ-үй бизнесінде шығындарды және өзіне қарасты құнды есептеу (қонақ-үй өндірісі)», «Жеке сауда кәсіпорындарында МСФО 14 қолдану».


Богданова Елена Александровна

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы

Ресейдің Калининград облысында 1966 жылдың 14 қаңтарында дүниеге келді.
1990 жылы «Электронды есептеуіш машиналар» мамандығы бойынша Омбы политехникалық институтын инженер-жүйелік технигі біліктілігімен бітірді.

1993 жылдан бастап С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарады.

Келесі пәндер бойынша сабақ береді: «Экономикалық ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар», «1С:Бухгалтерия», «Ақпараттық менеджмент», «Ехcеl-де бизнес-қосымшасын құру», «Эксперт-жоба».
С. Торайғыров атындағы ПМУ-да жұмыс істеу барысында 30-дан астам ғылыми мақалаларды дайындады, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысты.

Бухгалтерлік есептің бизнес-жоспарлануындағы мәліметтер талдауы аймағында біліктілікті жоғарлатудың 8 сертификаты бар. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары – экономикалық ақпараттық жүйелердегі анализдің мәселелері.



Буката Оксана Романовна

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Есеп және аудит» кафедрасының экономика магистрі, аға оқытушы.

2002 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің «Қаржы және несие» мамандығы бойынша қаржы-экономист біліктілігімен бітірді.

2004 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетіндегі «Экономика» бағыты бойынша экономика магистрі біліктілігімен магистратураны бітірді.

Келесі пәндер бойынша дәріс және тәжірибе сабақтарын өткізеді:

– Аудит;

– Тәжірибелік аудит;

– Ақша, несие, банктер;

– Қаржылық бақылау және аудит;

– Сақтандыру.

2004-2008 жылдар аралығында 15 ғылыми мақалаларын дайындады. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары – ҚР қаржылық бақылауын және аудитін жақсарту.


Голубева Людмила Николаевна

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Есеп және аудит» кафедрасының экономика магистрі, аға оқытушы.

2002 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің «Қаржы және несие» мамандығы бойынша қаржы-экономист біліктілігімен бітірді.

2004 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетіндегі «Экономика» бағыты бойынша экономика магистрі біліктілігімен магистратураны бітірді.

Келесі пәндер бойынша дәріс және тәжірибе сабақтарын өткізеді:

– Аудит;

– Тәжірибелік аудит;

– Ақша, несие, банктер;

– Қаржылық бақылау және аудит;

– Сақтандыру.

2004-2008 жылдар аралығында 15 ғылыми мақалаларын дайындады. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары – ҚР қаржылық бақылауын және аудитін жақсарту.



Ли Римма Сын-Ненновна

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың есеп және аудит кафедрасының доценті

Ли Р.С. Өзбекістанның Гурлен қаласында 1948 жылдың 15 тамызында дүниеге келді.

1969 жылы «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша Алматы ұлттық шаруашылық институтын бітірді. «Экономист» біліктілігін тағайындалды.

1994 жылдан бүгінгі күнге дейін С.Торайғыров атындағы ПМУ-да  Есеп және аудит кафедрасында жұмыс істейді.

Университетте жұмыс істеу барысында 38-ден астам ғылыми мақалаларды дайындады, ұлтаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысты, бухгалтерлік есеп бойынша 4 оқу-әдістемелік құралдарды жариялады.

Негізгі оқытылатын пәндері – бухгалтерлік есептің принциптері, Қаржылық есеп1, Қаржылық есеп 2, ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп, Шаруашылық субъектілердің есептік саясаты.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары – ірі өндірістік кәсіпорындарда қаржылық есеп берудің ұлтаралық стандарттарын қолдану.



Назаренко Ольга Васильевна

С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы.

Назаренко Ольга Васильевна Павлодар облысы Аққу ауданы Шоқа ауылында 1960 жылдың 1 наурызында дүниеге келді.

1982 жылы Барнауыл қаласындағы Алтай ауыл шаруашылық институтының «Ауыл шаруашылықтағы шаруашылық жұмыстың бухгалтерлік есебі және анализі» мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы ҚазМЮУ-ды «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірді.

2002 жылдан бүгінгі күнге дейін – С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушы.

Негізгі оқытатын пәндері: Статистика, Экономикалық статистика, Ұлттық шоттар жүйесі, Экономикалық талдау, Қаржылық талдау, Қаржылық есептілігін талдау

2002-2011 жж. аралығында 27 ғылыми мақаланы дайындап шықты,халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, Сатпаев оқылымдарына қатысты. «Статистика және ҰШЖ», «Экономикалық талдау ПХД», «Статистика», «Тәжірибелік басқару талдауы» пәндерінің оқу және оқу әдістемелік құралдардың авторы болып табылады.



Нурхалиева Дульпариз Мусакуловна

Экономика ғылымдарының кандидаты, «Есеп және аудит» кафедрасының доценті.

Білімі: Қырғыз мемлекеттік университеті, «Бухгалтерлік есеп» мамандығы. Мәскеу қаржылық институтының аспирантурасы.

Ғылыми- педагогикалық қызметінің өтілі – 30 жыл.

80-нен аса ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары жарияланды, соның ішінде есеп, аудит, қаржылық бақылау және стратегиялық жоспарлау саласында ҚР БҒМ грифі арқылы 2 оқулық, 4 оқу құралы, 6 ғылыми монография.

1993 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бухгалтерлік есеп қағидалары, қаржылық және басқару есебі, аудит бойынша кәсіби деңгейді жоғарлатудың сертификаттары бар. АҚШ Кентук мемлекеттік университетінде, Ұлыбританияда Шотландия мемлекеттік университетінде ғылыми тәжірибеден өтті.

Негізгі оқытатын пәндері – Бухгалтерлік есеп қағидалары, Аудит, Аудиттің халықаралық стандарттары.


Темирова Гульвира Габдылкаримовна

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы

Темирова Г.Г. Павлодар қаласында 1976 жылдың 23 қыркүйегінде дүниге келген.

1997 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. «Бухгалтер-экономист» біліктілігі тағайындалды.

1997-1999 жж – Павлодар университетінің оқытушысы, 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің есеп және аудит кафедрасында жұмыс жасайды.

Университетте жұмыс жасау барысында 20  ғылыми мақаланы дайындады, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысты, бухгалтерлер және аудиторлар (САР) сертификациялауына қатысып, барлық емтихандарды сәтті тапсырды.

Қазақ және орыс тілінде жарық көрген бухгалтерлік есеп және аудит атты бірқатар оқу құралдарының авторы болып табылады.

Негізгі оқытатын пәндері:   Аудит, Тәжірибелік  аудит, Ауыл шаруашылықта, құрылыста және транспортта бухгалтерлік есеп ерекшеліктері, Бюджеттік ұйымдардағы есеп, Туризмдегі бухгалтерлік есеп, Бухгалтерлік есеп және аудит

Пәндер мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары – мемлекеттік мекемелер үшін қаржылық есеп берудің Ұлтаралық стандарттарын қолдану.

2012 жылы «Экономика» бағыты бойынша магистратураны Экономикалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін иеленумен бітірді.


Хасанова Ольга Александровна

С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы.

2004 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент (әлеуметтік салада)» мамандығы бойынша бітіріп, экономист-менеджер біліктілігін алды.

2006 жылдан бастап «Есеп және аудит» кафедрасында қызмет атқарады.

Келесі пәндерді оқытады: Статистика, әлеуметтік-экономикалық статистика, Ұлттық шоттар жүйесі, Қаржы-банктік статистика, Кәсіби бағдарланған шетел тілі.

Қазіргі уақытта халықтың табиғи және механикалық қозғалысының төлем қабілеті және оған әсер ететін факторлар мен банкілік ликвидтің аясында 10-нан аса басылымы бар.

Зерттеу жұмысының негізгі бағыттары – Қазақстан Республикасы халқының өлшемдік анализі.



Чуб Людмила Ильинична

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы

Чуб Людмила Ильинична Павлодар облысының Екібастұз қаласында 1952 жылдың 7 қарашасында дүниеге келді.

1973 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институттың физика-математика факультетін бітірді.

1993-2000 жылдар аралығында ҚР Еңбек Министрлігінің ақпараттық-аналитикалық орталығының бас маман қызметін атқарды. Бүгінгі таңда «АИСТ» республикасының аумағында іске асырылатын жұмысқа орналасудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құрумен және қала кәсіпорындарындағы «Лука-Про» пакетінің бухгалтерлік міндеттерін енгізумен айналысты.

2004 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.

Келесі пәндер бойынша сабақ жүргізеді: «Экономикалық ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар», «1С:Бухгалтерия», «Ақпараттық маркетинг», «Ехcеl де бизнес –қосымшаларды әзірлеу»

2004-2008 жж. Аралығында 21 ғылыми мақалаларды жазды, Сатпаев оқуларында, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысты.

Бизнес жоспарлау, бухгалтерлік есеп кезінде мәліметтерді талдау облысында 8 біліктілікті жоғарлатуларға ие.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары – экономикалық есептердің автоматизациясы.



Бейсембаева Гульмира Кулхановна

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Есеп және аудит кафедрасының оқытушысы

Павлодар қаласында 17.12.1967 жылы дүниеге келді.

1989 ж. «Бухгалтерлік есеп және өнеркәсіптегі шаруашылық жұмыстың анализі» мамандығы бойынша Алматы ұлттық шаруашылық институтын бітірді, біліктілігі – экономист.

Кафедрада 1998 жылдан 2004 жылға дейін жұмыс істеді. Қазіргі уақытта 2008 жылдан бастап есеп және аудит кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады.

Біліктілікті жоғарлатудың бірнеше тізімі бар:

- 2008 жыл – «Басқарма есебі» семинары Павлодар қ., ТОО «Стиль»

- 2000 жыл – Алматы қаласының «Басқару есебі» университеттерінің оқытушылары үшін семинар

- 1998 жыл – Алматы қаласының Сертификацияланған Отырушы Бухгалтерлер Ассоциациясымен құрастырылған аккредитация бойынша бағдарламаға сәйкес оқу материалдарының негізіндегі бухгалтерлік есептің ұлтаралық стандарттары бойынша семинар.

Келесі пәндер бойынша сабақ береді – Статистика, Статистика және СНС, Ұлттық шоттар жүйесі, Басқарма есебі.

Шығындарды басқару және анализ жасау аймағында 15-тен астам басылымдары бар.

Ғылыми зерттеулердің аймағы - жиһаздық каркастар өнеркәсібінде шығындарды бақылау.



Темиргалиева Айжан Беркиновна

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың оқу ісі бойынша деканның орынбасары.

1982 жылдың 23 қыркүйегінде Павлодар қаласында дүниеге келді.

2003 жылы «Бухалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша С.Торайғыров ат.Павлодар мемлекеттік университетін тәмәмдады. «Бухгалтер-экономист» біліктілігіне ие болды.

2003 – 2005 жж аралығында есеп пен қаржы кафедрасының оқытушысы, 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін  С.Торайғыров ат.Павлодар мемлекеттік университетінің есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы.

Университетте жұмыс істеу барысында 18 ғылыми мақала дайындады, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты, (САР) бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттауға қатысты, «Сертификатталған бухгалтер» сертификатына ие.

Негізгі жүргізетін пәндері: Бухгалтерлік есеп қағидалары,  Қаржылық есеп -1, Қаржылық есеп 2, Салық есебі, Бухгалтерлік есеп және аудит.

Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты – Халықаралық қаржылық есеп беру стандартын қолдану.

2009 жылдың қазан айынан бастап қаржы экономикалық деканының оқу ісі бойынша орынбасары қызметін атқарады.


Бахралинова Хадиша Габбасовна

2009 жылдан бері С.Торайғыров атындағы ПМУ-да аға оқытушы болып жұмыс істейді.

«Ақпараттану» мамандығы бойынша магистр, ПМПИ, 2007 ж.

Оқытатын пәндері: АЭЖ жаңа технологиялар, 1С:Бухгалтерия, Бухгалтерлік есепте компьтерлік технологиялар,  Excel бизнес қосымшаларын әзірлеу.

Біліктілікті жоғарлату:

- 2002 ж. «Мәліметтер талдауында компьютерлік технологиялар»,  Алматы, КазЭУ;

- 2007ж. «Дистанционды оқыту технологиясы бойынша сабақ жүргізу», Павлодар, ПМУ;

- 2009ж. «МС ИСО серии 9000 сапа ПМПИ менджменті жүйесінің негізгі бөлімдері», Павлодар, ПМПИ.

Магистерлік диссертацияның тақырыбы: «Сандық әдістер – оқу курсын алгоритмдік және бағдарламалық әдістемелік қамтамасыз ету» магистерлік диссертацияның тақырыбы.

Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша мақалалар жариялады.



Жанахутдинова Асия Бариевна

1995 жылдың наурызынан 2011 жылға дейін «Павлодар мұнайхимия зауытында» жетекші бухгалтер қызметін атқарды.

2011 жылдан бері С.Торайғыров атындағы ПМУ-да жұмыс істейді.

Оқытатын пәндері:"Бухгалтерлік есеп және аудит".

Біліктілікті жоғарлату: «Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру»,  2011 жыл, Павлодар, ПМУ.

Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша мақалалар жариялады.

Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары: «Нарықтық қатынастар жағдайдағы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару».



Атажанова Дина Александровна

С. Торайғыров атындағы ПМУ оқытушысы.

Атажанова Д.А.  1986 жылдың 11 наурызында Алматы қаласында дүниеге келді.

2008 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-ды «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. «Есеп және аудит бакалавры» академиялық дәрежесі берілді. 

2010 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ «Экономика» мамандығы бойынша магистратураны «Экономикалық ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алумен бітірді.

2010  жылдан бері есеп және аудит кафедрасында оқытушы боып жұмыс істейді.

Негізгі оқытатын пәндері: Кәсіпорындардағы басқару есебі, ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп, Қаржылық есеп, Статистика.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: Қаржылық есептеудің халықаралық стандарттарын қолдану.



Гордова Марина Алексеевна

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың есеп және аудит кафедрасының оқытушысы.

Гордова М.А. С.Торайғыров атындағы ПМУ «Есеп және аудит» мамандығы бойынша «есеп және аудит бакалавры» академиялық дәрежесі берілумен бітірді.

2011 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-ды «Экономика» мамандығы  магистратурасы бойынша «Экономикалық ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алумен бітірді.

2010 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-да тендер бойынша өткізген «Бухгалтер ПК» жұмыссыздарды қайта даярлау, кәсіби дайындау курсын жүргізді.

2009 жылы «Сертифицированный бухгалтер-практик» CAP халықаралық біліктілігін иемденді.

2011 жылы «"С: Бухгалтерия 8.2» бағдарламасын игеру фирманың бухгалтер квалификациясын иеленудің Сертификатын алды.

2012 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-да тендер бойынша біліктілікті жоғарлатудың «Бухгалтер» курсын өткізді.

Гордова М.А. «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлердің палатасы» КБҰ мүшесі болып табылады.

Гордова М.А. өзінің біліктілігін жыл сайын жоғарлатып, келесі сертификаттарға ие болды:

- «№ 1 Қаржы есептілігінің ұлттық стандарты» курсының сертификаты, («Стиль» ЖШС, Павлодар қ.) 2008 жыл;

- «№ 1 Қаржылық есептілік» курсының сертификаты, («Стиль» ЖШС, Павлодар қ.) 2009 жыл;

- «Басқару есебі» курсының сертификаты, («Стиль» ЖШС, Павлодар қ.) 2009 жыл;

- «Салықтар» курсының сертификаты, («Стиль» ЖШС, Павлодар қ.) 2009 жыл;

- «Құқық» курсының сертификаты, («Стиль» ЖШС, Павлодар қ.) 2009 жыл;

- «№ 2 Қаржылық есептеу» курсының сертификаты, («Стиль» ЖШС, Павлодар қ.) 2009 жыл;

- «XXI ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларын енгізу» курсының «Болашаққа оқыту» Intel бағдарламасы бойынша сертификатқа ие, 2011 жыл;

- «Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру» курсының сертификаты (С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2011 ж.).

- «Жоғары мектеп педагогикасы» курсының сертификаты (С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2012 ж.).

Негізгі оқытатын пәндері: Қаржылық есеп 1, Қаржылық есеп 2, Кәсіпорындардағы басқару есебі, ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп, Excel-дегі бизнес қосымшаларын әзірлеу, Аудит, Тәжірибелік аудит, Басқару есебі.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: Қаржылық есептеудің халықаралық стандарттарын қолдану , экономиканың өндірістік секторында инновациялық кәсіпкерлікті қалыптастыру және дамыту.

 
 
 
 

Портал бойынша іздеу


Бізбен болыңыздар: Twitter Facebook Youtube
 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

 2013
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 

Мәдени мұра

 
                                           
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2012, E-mail: