Міржақып Дулатов

Жамалдың жайын жаздық бұл кітапта,

Бақытсыз бір қыз екен осы шақта.

Біреуге хас нәрсе емес һәм болған іс,

Жайылған бұл бір ғұрып һәр қазақта.


Жамал – сағынып көрген баланың алды болған соң, ата-анасы қолдан келгенше әлпештеп өсіріп, жасы тоғызға жетті.

Жамалды еркек балаша киіндіріп жүрген соң, білмеген кісі қыз деп ойламаушы еді. Қыз деп айтқан адамдарға ашуланып та қалған күндері болды...

(«Бақытсыз жамал» романынан үзінді)



                                                        



             

Ахмет Байтұрсынов

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,

Сап-сары, аяқтары ұзын маса:

Өзіне біткен түсі өзгерілмес

Дегенмен қара, яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша,

Ұйқысын да аз да болса

бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?!

(«Маса» жинағынан үзінді)