loading
 
 

«Білік» газеті

1. Қазақстан халқы үшін Тұңғыш Президент күнінің маңызы қандай?

2. Астананың ЕХРО-2017 көрме иесі атану тарихи жағдай болып табылады. Бұл халықаралық көрме Қазақстанға не береді?

  Құрметті оқырмандар, аталмыш сұрақтарға өз ой-пікірлеріңізді адресіне жолдай аласыздар, үздік авторларды «Білік» газетіне жариялап, Елбасының «Стратегия Независимости», «На пороге XXI века» атты кітаптарын сыйға тартамыз.

  Сонымен қатар, «Білік» газетінде қандай мақалалар оқығыңыз келетіні жайлы ойыңызбен бөліссеңіз болады.


 

Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

Қазіргі уақытта порталда 396 қонақтар 
 
 
 

"Есеп және аудит" кафедрасы: Үздік түлектер

 

Амеркулова Асель Ситуловна

С. Торайғыров атындағы ПМУ Есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы

Павлодар қаласында 1982 жылдың 10 қараша айында дүниеге келді.

2004 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің «Бухгалтерлік есеп и аудит» мамандығы бойынша бітірді және экономист-бухгалтер біліктілігі тағайындалды.

2004 жылдан бастап «Есеп және аудит» кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді.

Негізгі оқытатын пәндер – Қазақ және орыс тілдерінде Бухгалтерлік есеп қағидалары, Қаржылық есеп 1, Қаржылық есеп 2, Бухгалтерлік есеп және аудит, Басқару есебі, ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп

Университетте жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің даму мәселесі бойынша 20 дан  аса мақалаларды жариялады.

Амеркулова А.С.  өзінің ғылыми және кәсіби деңгейін жоғарлатуда үнемі жұмыс жасайды. 2008-2011 жылдары «Қаржылық есеп 1», «Басқару есебі», «Салықтар»  курстарын «CIPA» бағдарламасы бойынша «Стиль» ЖШС де курсты өтіп, білікті емтихандар тапсырды.

Қазіргі уақытта өндірістік кәсіпорындарда шығындарды басқару аймағында зерттеушілік жұмысты жүргізеді.

 

 

 

Темирова Гульвира Габдылкаримовна

С.Торайғыров атындағы ПМУ «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы

Темирова Г.Г. Павлодар қаласында 1976 жылдың 23 қыркүйегінде дүниге келген.

1997 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. «Бухгалтер-экономист» біліктілігі тағайындалды.

1997-1999 жж – Павлодар университетінің оқытушысы, 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің есеп және аудит кафедрасында жұмыс жасайды.

Университетте жұмыс жасау барысында 20  ғылыми мақаланы дайындады, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысты, бухгалтерлер және аудиторлар (САР) сертификациялауына қатысып, барлық емтихандарды сәтті тапсырды.

Қазақ және орыс тілінде жарық көрген бухгалтерлік есеп және аудит атты бірқатар оқу құралдарының авторы болып табылады.

Негізгі оқытатын пәндер   Аудит, Тәжірибелік  аудит, Ауыл шаруашылықта, құрылыста және транспортта бухгалтерлік есеп ерекшеліктері, Бюджеттік ұйымдардағы есеп, Туризмдегі бухгалтерлік есеп, Бухгалтерлік есеп және аудит

Пәндер мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары – мемлекеттік мекемелер үшін қаржылық есеп берудің Ұлтаралық стандарттарын қолдану.

 


 

Темиргалиева Айжан Беркиновна

С.Торайғыров атындағы ПМУ оқу ісі бойынша деканның орынбасары.

1982 жылдың 23 қыркүйегінде Павлодар қаласында дүниеге келді.

2003 жылы «Бухалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша С.Торайғыров ат.Павлодар мемлекеттік университетін тәмәмдады. «Бухгалтер-экономист» біліктілігіне ие болды.

2003 – 2005 жж аралығында есеп пен қаржы кафедрасының оқытушысы, 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін  С.Торайғыров ат.Павлодар мемлекеттік университетінің есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы.

Университетте жұмыс істеу барысында 18 ғылыми мақала дайындады, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты, (САР) бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттауға қатысты, «Сертификатталған бухгалтер» сертификатына ие.

Негізгі жүргізетін пәндері: Бухгалтерлік есеп қағидалары,  Қаржылық есеп -1, Қаржылық есеп 2, Салық есебі, Бухгалтерлік есеп және аудит

Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты – Халықаралық қаржылық есеп беру стандартын қолдану.

2009 жылдың қазан айынан бастап қаржы экономикалық деканының оқу ісі бойынша орынбасары қызметін атқарады.

  

 

Жанахутдинова Асия Бариевна

1995 жылдың наурызынан 2011 жылға дейін «Павлодар мұнайхимия зауытында» жетекші бухгалтер қызметін атқарды.

2011 жылдан бері С.Торайғыров атындағы ПМУ жұмыс істейді.

Оқытатын пәндері:"Бухгалтерлік есеп және аудит".

Біліктілікті жоғарлату: «Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру»,  2011 жыл, Павлодар, ПМУ.

Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша мақалалар жариялау.

Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары: «Нарықтық қатынастар жағдайдағы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару».

 

 

Атажанова Дина Александровна

С. Торайғыров атындағы ПМУ оқытушысы.

Атажанова Д.А.  1986 жылдың 11 наурызында Алматы қаласында дүниеге келді.

2008 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ «Есеп және аудит» мамандығын бітірді. «Есеп және аудит бакалавры» академиялық дәрежесі берілді.

2010 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ «Экономика» мамандығы бойынша магистратураны «Экономикалық ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі берілумен бітірді.

2010  жылдан бері есеп және аудит кафедрасында оқытушы боып жұмыс істейді.

Негізгі оқытатын пәндер: Кәсіпорындардағы басқару есебі, ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп, Қаржылық есеп, Статистика.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын қолдану.

 

 

Гордова Марина Алексеевна

С.Торайғыров атындағы ПМУ есеп және аудит кафедрасының ассистенті.

Гордова М.А. Павлодар қаласында 1987 жылдың 1 қазанында дүниеге келді.

2009 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ «Есеп және аудит» мамандығын бітірді. «Есеп және аудит бакалавры» академиялық дәрежесі берілді.  .

2011 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ «Экономика» мамандығы бойынша магистратураны «Экономикалық ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі берілумен бітірді.

2011 есеп және аудит кафедрасында ассистент болып жұмыс істейді.

Негізгі оқытатын пәндер: Кәсіпорындардағы басқару есебі, ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп, Excel бизнес қосымшаларын әзірлеу, Аудит, Тәжірибелік аудит, Басқару есебі 2.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын қолдану , экономиканың өндірістік секторында инновациялық кәсіпкерлікті қалыптастыру және дамыту.

 
 
 
 

Портал бойынша іздеу


Бізбен болыңыздар: Twitter Facebook Youtube
 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

 2013
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 

Мәдени мұра

 
                                           
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2012, E-mail: