Кафедраның аудиториялық қоры екі арнайы кабинеттерден тұрады: география және туризм.
География кабинеті – А-324
Кабинетте Географиялық картография, Геоэкология, Геоморфология, Этногеография, Қазақстанның физикалық географиясы, Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы, Экономикалық, әлеуметтік және политикалық географияға кіріспе, ТМД елдерінің экономикалық географиясы және т.б. пәндер бойынша сабақтар өткізіледі. Кафедра оқытушыларының дәрістік материалдарды көрсету үшін телевизор, видеомагнитофон, DVD ойнатқыштар қолданылынады.
|
![]() |
![]() |
|
|
|
![]() |
|
А-313а – Туризм кабинеті
Бұл кабинетте Гидрология, Ландшафтыға кіріспе, Халықаралық туризм тарихы, туроперрейтинг менеджменті, Дүниежүзінің туристтік экскурсиялық объектісі, Туризмдегі жаңа ақпараттық технологиялар, Қонақ үйлік сервис, Экскурсияға кіріспе, Туризмология негізі, Өндірістің техника-экономикалық негізі пәндері бойынша дәрістер мен тәжірибиелік сабақтар өткізіледі.
|
|
![]() |
|
|
|
|
|
Студенттер тәжірибиеде
Баянауыл – Қазақстанның жерұйығы.
Баянауыл өзінің көп флорасымен және фаунасымен көпке танымал. Табиғаты айбынды, аңызға айналған көлдерімен, биік тауларымен, мөлдір бұлақтарымен, айрықша баурайларымен ерекшеленеді.
«Оқу-жаттығу жорық» деп аталатын үйрету тәжірибиесінің мақсаты теориялық және тәжірибиелік білім алу, сонымен қатар дәрісте алынған теориялық білімді саяхатта іске асыру.

Кешенді тәжірибе Щучинск қаласында және Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан Мемлекеттік Ұлтық Табиғи Парк "Бурабайда" өткізіледі.
"Бурабай" МҰТП аймағы Көкшетаудың далалы, орманды, таулы жерлеріне кіреді. Климаты жаздың ыстығында және қыстың суығында континентальді болады. Аймағы кішкентай тауларымен, бұғаздармен, өрістермен ерекшеленген. Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Пакрк "Бурабай" 2000 жылы тамыз айында ашылды. Парк Президент басқармасына жатады.
Жазғы тәжірибенің мақсаты арнайы пәндерден алынған білімді қорытындылау және физика-географиялық зерттеулерде тәжірибиелену.
10 күн бойы студенттер кешенді тәжірибеден өтеді, аймақты бақылайды, аймаққа топографиялық түсірілім жасайды, ауа-райын қадағалайды, гербариге өсімдіктер, минералдар жинайды, су мен жер құнарларының үлгісін жинайды.
Кешенді тәжірибені өтудің нәтижесінде студенттер өз білімдерін мына пәндер бойынша: геология, геоморфология, топография, картография, ландшафтыға кіріспе, гидрология, , метеорология және климатологиядан қортындылап, ұштай түседі; Щучинск және Бурабай крорттық зоналрының табиғи жағдайымен танысады; физика-географиялық зерттеулерден тәжірибелік қорытынды жасайды; алынған жер құнарларымен су үлгілерін зерттеп, қорытынды жасайды; өсімдіктерден гербарий және Щучинск-Бурабай курорттық аймақтарының минералдарынан коллекция құрайды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |

«Туризм» мамандығы бойынша студенттердің оқу халықаралық тәжірибесі ТМД елдерінің аумағында (Ресей, Қырғызстан, т.б.) өтеді.

Ыстықкөл көлі Қырғызстанның ең әдемі жері болып саналады. Көл республиканың солтүстік-шығыс бөлігінде Солтүстік Тянь-Шаньның Кунгей Ала-Тоо және Терскей Ала-Тоо жоталарының ортасында теңіз деңгейінен 1609 м орналасқан.
Ыстықкөл дүниежүзіндегі ең ірі таулы көлдердің қатарына кіреді.

Ірі таулы жоталармен қоршалған көлдің қазаншұнқыры көп уақыт бойы Қырғызстанның жолы қиын жері болып саналатын. Қазіргі кезде бұл аймақ республиканың белгілі туристік территориясы деп есептелінеді.

«География және туризм» кафедрасы оқу үдерісі бойынша көптеген ұйымдармен ынтымақтасады. Олар - ГККП «Детско-юношеский центр экологии и туризма», АОО Казагроиновация Павлодарский НИИСХ, ГУ Управление физической культуры и спорта, КГКП Павлодарский историко-краеведческий музей им.Г.Н. Патанина, ТОО «Фирма Восток ГИИС», ГУ «Отдел земельных отношений города Павлодара», Павлодар қ. турфирмалары, «Биосфера» ғылыми-өндірістік орталығы және т.б.

Балалар мен жас өспірімдерге арналған экология және туризм орталығы «Жас эколог» мұражаймен, тропиктік және субтропиктік өсімдіктер өсетін жылыжаймен, туристік оқу жаттығу соқпақпен, 3,5 га аумағы бар экологиялық ботаникалық кешенмен қамтылған.
Орталық негізінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік іс-әрекетке бұйымдайтын экологиялық мектеп, «Жас зерттеуші» ғылыми-зерттеу ұйымы жұмыс жасайды.




















































