"Көлік құрылысы және профессионалдық оқыту": Ғылыми-зерттеу жұмыстары
«Көліктік құрылыс және кәсіби білім» кафедрасында мына ғылыми бағыттар бойынша инициативтік зерттеулер жүргізіледі:
- өндіріс қалдықтарын пайдалана отырып керамикалық құрылыс материалдарының өндірісі (В.Т. Станевич, т.ғ.к.);
- әр түрлі деңгейдегі көп қабатты ғимараттардың жақтауының жұмысын зерттеу (В.И. Данилов, т.ғ.к.);
- күрделі геоэкологиялық жағдайдағы эксплуатациясы ғимаратының фундаментінің негізбен өзара әсері. Техногендік әсер кезіндегі грунттың механикалық қасиеттері (В.А. Козионов, т.ғ.к.);
- минералды созылмалы заттардың негізіндегі қазіргі композициялық материалдар; құрылыс саласы үшін қажетті материалдар өндіру кезіндегі техногенді өнім мен табиғи ресурсты пайдалану мүмкіндігі (П.В. Корниенко, т.ғ.к., профессор).
Ғылыми қызметтің маңызды жетістіктері
Өткен жылда «Көліктік құрылыс және кәсіби білім» кафедрасында 5 инициативті ҒЗЖ бойынша жұмыстар жүргізілді. 30-дан аса ғылыми еңбектер жарыққа шықты. Кафедра пәндері бойынша студенттік НТК өткізілді. 2007-2008 оқу жылының қорытындысы бойынша т.ғ.к., доцент В.Т. Станевич жылдың үздік оқытушысы атағын алды.
Кафедраның оқытушылары мен студенттері мынадай ғылыми конференцияларға
қатысты:
- Павлодар қ., «Сәтбаев оқулары» республикалық ғылыми конференция, С.Торайғыров ат. ПМУ;
- Павлодар қ., «Аймауытов тағылымы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция, С.Торайғыров ат. ПМУ;
- Павлодар қ., «Торайғыров оқулары» республикалық ғылыми-теориялық конференция, С.Торайғыров ат. ПМУ;
- Павлодар қ., Павлодар облысының 70 жылдығына арналған ҚР кіші ғылым академиясының ғылыми-практикалық конференциясы;
- Алматы қ., «Теоретические и экспериментальные исследования строительных конструкции» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция;
- Новосибирск қ., Новосибир мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің ғылыми-техникалық конференциясы.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары барлық оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларында жоспарланған.
Кафедраның ПОҚ-ы жыл сайын ЖОО арасындағы, республикалық конкурстарға, көрмелерге, ғылыми конференцияларға қатысады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
Кафедра студенттері жыл сайын ЖОО арасындағы, республикалық конкурстарға, көрмелерге, ғылыми конференцияларға қатысады. Кафедра мамандықтары бойынша В.А. Козионовтың, В.Т. Станевичтің, П.В. Корниенконың, В.И. Даниловтың жетекшілігімен 10-нан аса магистр дайындалды.
2008-2009 оқу жылында «Прометей» студенттік ғылыми-зерттеу бағдарламасына қатысу үшін ғылыми жобалар дайындалды. 2 жобаның жетекшісі К.К. Қасқырбаев. Жобаның атауы «Разработка технологии для создания электронной схемы водопроводных сетей г. Павлодара».