1. Е.Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы және этнографиясы ғылыми-практикалық орталығы
(директоры А.Ж.Құдабаев)
жаратылыстану, археологиялық, этногафиялық, тарихи зерттеулердің нәтижелерін біріктіру және ғылыми жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру шараларын жүзеге асырады. Орталықтың негізгі ғылыми бағыты:
- археологиялық, этнографиялық, тарихи зерттеу ғылыми жұмыстардың нәтижелерін жүйелеп ұйымдастыру;
- жергілікті тұрғындарға өлкенің бай тарихымен таныстыру арқылы азаматтық патриотизмді қалыптастыру;
- университеттегі ғылыми, ұйымдастыру және тәжірибелік бағыттағы құрылымдық бөлімдермен – және әлеуеттік профильді кафедралармен, музей және ғылыми кітапханамен, сол сияқты қызығушылық танытқан аудандық және облыстық мекемелермен, жеке тұлғалармен тікелей байланыста жұмыс атқару.
Орталық «Павлодардың Ертіс өңірі», энциклопедиясын, «Наскальные рисунки Павлодарского Прииртышья», «Кереку-баян өңірінің тұлғалары», «Дала даналары» фотоальбомдарын, «Кереку-Баян кітапханасы» жалпы атауымен 50 томдық «Рухнама» сериясымен кітаптар, «Ғұлама» кітабы, «Историография истории Павлодарской области» әдеби-танымдық кітабы және т.б. көптеген кітаптарды шығарды. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Е.Бекмаханов шығармаларының жеті томдығы» (3,4,7) жарық көрді. «Асыл мұра» (3 томы), «Қазақ тіл білімінің антологиясы» (30 том), «Тұран», «Алтын бесік», «Атамекен», «Ақ отау», «Ұлпан», «Сұлтанмахмұт энциклопедиясы» баспаға әзірленуде.
2. Ә.Х.Марғұлан атындағы біріккен археологиялық ғылыми-зерттеу орталығы.
(Директоры В.К.Мерц.)
Орталық Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағын мекендеген байырғы халықтардың тарихи-мәдени мұраларын терең зерттеумен шұғылданады және С.Торайғыров атындағы ПМУ-де көне және орта ғасыр тарихы бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізеді. Орталықтың негізгі ғылыми бағыты:
- Павлодар облысының барлық территориясын зерттеу;
- мәдениеттің жаңа археологиялық түрлерін анықтау, оның шығу тарихын зерттеу, басқа аймақтардың мәдениетімен өзара байланыс, сол сияқты археологиялық ескерткіштерді сақтау;
Зерттеу барысындағы бірден – бір маңызды объект – Шідерті археологиялық кешені. Кешеннің негізгі базалық ескерткіші Шідерті 3 қорғаны. Көпқатпарлы Шідерті 3 қорғаны, өзіндік ерекшелігі бар археологиялық ескерткіштер арасындағы бірегейі болып, республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасына енді.
Археологиялық орталықтың зерттеу нәтижелері ғылыми баспалардан басқа да жалпы қоғамдық ақпарат беттерінде де жарық көрді. Орталық қызметкерлері Павлодар Ертіс өңірінің археологиялық ескерткіштерін зерттеу мен оны сақтау проблемалары жөнінде аймақтық және республикалық газеттер мен теледидардан 20 дан аса интервью берді. Орталық жартастағы суреттер түсірілген фотоальбом шығарды, «Изучение памятников археологии Павлодарского Прииртышья» айдарымен ғылыми мақалалар жинағы баспаға даяр, оқу-құжаттық фильм жасалды. Археологиялық музейі бар.
3. Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ҒПО
(директоры Е.Жұматаева).
Орталықтың басты мақсаты – университетті білім берудің әлемдік жүйесіне интеграциялауда білім беру жүйесі бойынша ғылыми зерттеу жұмыстар мен маман даярлаудың сапасын арттыру бағытында: жастар тәрбиесіндегі рухани-адамгершілік негіздері; толассыз білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік мәселелер; «ХХІ ғасыр мұғалімі» жаңа ғасырдағы маман даярлау; мемлекеттік тілде білім беретін мектептер үшін «Рухнама» этномәдени білім берудің инновациялық жүйесін жасау және жүзеге асыру.
Орталық даярлаған мынадай оқулықтар жарық көрді: экономика факультетінің орыс тілді тобының студенттері үшін қазақ тілін инновациялық және кредитті технологиялар талабына сай мңгеруге негізделген «Қазақ тілін оқытудың әдістемесі», «Этнопедагогика» - оқу құралы, «Этнопедагогика» Хрестоматия. Бұл комплекс мұғалімдер даярлайтын факультеттердің барлық «Психология және педагогика» курстарында жүргізіледі. Орталық директоры Е.Жұматаеваның «Ұстаздар әулеті» кітабы ұлттық білім беру тарихы (Лебяжі ауданы Қорт ауылындағы Молдабек қажы медресесін, Кереку қыздар медресесі, Павлодардағы №10 қазақ орта мектебі) ұстаздар әулетінің мысалында негізге алынған.
(директоры А.К.Тұрышев)
Орталықтың негізгі ғылыми бағыты:
- Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің рухани, фольклорлық, мәдени, әдеби бай мұрасын зерттеу;
- Ауыз әдебиетін жинақтаушы, фольклоршы М.Ж.Көппевтің әдебиеттегі алатын орнын зерттеу;
5. Т.С. Садықов атындағы аймақтық ғылыми зерттеу орталығы
(директоры Г.Н.Иренов).
Негізгі мақсаты - әр кезеңдегі түрлі дәстүр негізінде қалыптасқан әлемдік саяси жүйе мен институттарды салыстыра алатын жаңаша көзқарастарды көздеу, постсоветтік кеңістіктің республикалар аралығындағы эволюциялық аналогиясының үлкен деңгейде көрініс беруі, топтардың көптүрлілігіне талдау жасау, саяси түрлері мен дамуы, оның ішкі қайшылықтары мен альтернативасы.
Орталықтың атқаратын қызметі:
- өмірде болып жатқан саяси құбылыстардың барлық түрлерінің даму барысын қадағалап отыру;
- саяси қатынастар механизмінің құрылымын және іске асуын зерттеу;
- трансформациялану кеңістігіндегі жалпы саяси ұрдістерге талдау жасау;
- саяси институттардың әрекеттері мен нәтижелерін қарау;
- әлемдік саясаттағы жинақталған тәжірибенің барысын шығармашылық тұрғысынан түйсіну және іске асыру;
- сравнительный и объективно-экспертный анализ различных политических системных противоречий;
- рбұқара санасына әсер етіп, саяси көзқарас пен идеялды құратын бағдарламалар мен платформаларды түзу;
6. Қазақ тілін жеделдетіп оқыту мен көптілді білімнің ғылыми-практикалық орталығы
(директор – Қ.Х.Рахымжанов.)
Орталықтың атқаратын негізгі функциялары:
- Мемлекеттік және шет тілдерін оқыту курстарын өткізу;
- Мемлкететтік тіл бойынша арнайы курстар мен арнайы семинарлар, сол сияқты тіл мамандығы бойынша студенттер, магистранттар, аспиранттар үшін оқу әдебиетінің бағдарламаларын түзу;
- Мемлекеттік тіл бойынша электронды мультимедиялық оқулықтар даярлау;
- Тәжірибе алмасу үшін республикалық Орталықтармен әріптес болуды ұйымдастыру;
- Орталыққа қатысты өткізілетін шараларды ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Орталық қызметкерлерінің конференцияларға ат салысуы.
7. Биотехнология ғылыми-тәжірибелік орталығы
(басшысы – Бексейітов Тоқтар Кәрібайұлы)
Биотехнология ғылыми-практикалық орталығының мақсаты болып малдарды генетикалық және асыл тұқымды қасиеттерін, сүт және ет өнімділігін жетілдіру, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының тиімділігін жоғарлату үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін еңгізу. Сондықтан орталық бюджеттік қаржыландыру, фермерлер мен шаруашылықтармен шарт негізінде ғылыми-зерттеулер жүргізуде:
- ағаштар мен дәрілік өсімдіктерді биотехнологиялық әдістермен қарқынды көбейту;
- картоп тұқымдарын сауықтару үшін биотехнологиялық әдістерін пайдалану;
- биотехнологиялық әдістерімен шетел мал тұқымдар негізінде адаптивті малдарды алу;
- селекция арқасында шаруашылықтарда өсірілетін малдардың генетикалық және асыл тұқымдық қасиеттерін жетілдіру;
- жаңа технологиялар бойынша лядвинец өсімдігінен сенаж және шөп дайындап сауынды сиырладың сүттілігін және бордақылаудағы малдың еттік қасиеттерін жетілдіру және т.б.
8. "Мониторинг" ғылыми-зерттеу экологиялық орталығы
(директор – Ахметов Қанат Қамбарұлы)
«Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығының мына бағыттар бойынша қызметі:
- Инновациялық ғылыми-зерттеу саласындағы.
- Оқу-әдістемелік жұмыстар саласындағы.
- Өндіріске практикалық көмек көрсету саласындағы.
9. Эмбрионалды трансплантологияның қазақстан-германдық ғылыми орталығы
(директор – Мағаш Аятханұлы)
Қазақстан-Германиялық эмбриотрансплантологиялық ғылыми орталығының негізгі мақсаты – Солтүстік-Шығыс Қазақстан өлкелерінде өсірілетін сиырлардан эмбрион алу, бағалау және көшіріп отырғызу тәсілдерін жетілдіру болып табылады. Өңірдегі мал шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін артыру үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдаланып мүйізді ірі қараның нәсілдік және тұқымдық сапасын жақсарту, сүт, ет өнімін молайту болып табылады. Сондықтан біздің орталық фермерлер, жеке шаруашылық қожалықтар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен жасалған келісім шарт негізінде төмендегі бағаттар бойынша ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізеді:
Қойылған мақсатқа жету үшін мына міндеттерді анықтап отырмыз:
- сиыр мен құнажындарға «Плусет» гормонының әртүрлі мөлшерін қолданып, суперовуляция тудыру үшін бұл дәрінің ең тиімді мөлшерін айқындау;
- салыстырып талдау арқылы симменталь және қазақтың ақбас тұқымды сиырларынан алынған эмбриондардың санын мен сапасын анықтау;
- сиыр мен құнажындардан алынған эмбриондарды морфологиялық көрсеткіштері және даму сатылары бойынша бағалап сұрыптау;
- трансцервикальдық тәсілмен көшіріліп отырғызылған эмбриондардың даму дәрежесін белгілеу;
- суперовуляция түзілген сиыр мен құнажындардың жұмыртқалығын ультрадыбыстық құрал және тік ішектен зерттеп, нәтижелерін салыстырып талдау.
- Эмбрион көшіріп отырғызу арқылы трансплантат-бұзаулар шығарып алу.
10. Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы
Мақсат – Қазақстанның ұлттық бірегейлігін күшейтуге, этносаралық қатынастарды және толерантты сана-сезім мен конфессияаралық келісімді дамытуға ықпал ету.
Міндеттер:
-Қазақстандағы діни жағдайдың даму тенденцияларын анықтау және талдау;
-Қазақстанның этносаясатын жетілдіру концепциясын, әдістері мен тәсілдерін құрастыру;
-Қазақстанның ұлттық бірегейлігін күшейтуге, этносаралық қатынастарды және толерантты сана-сезім мен конфессияаралық келісімді дамытуға ықпал ету;
-этносаралық толеранттылықтың, қоғамдық келісімнің және жалпы этносаралық қатынастар саласының қазақстандық моделін жетілдіру теориясы мен практикалық ұсыныстарды жасауға белсенді түрде қатысу;
-діни өмірді зерттеудің әдіснамалық негіздер мен әдістерін жасауға қатысу;
-Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық қатынастарын реттеу бойынша ұсыныстар мен нұсқауларды жасау;
-жастар ортасына деструктивтік және тоталитарлық бағыттағы дәстүрлі емес діни ағымдардың енуін алдын-алу;
-діни бірлестіктердің бейбіт жағдайда қатар өмір сүруін қостау, конфессия арасында бейбітті сақтау және күшейту;
-халықтың діни ағартушылығына объективті түрде қатысу;
-діни өмірдің мәселелерін ашық, сындарлы және орынды түрде талқылау, конфессияаралық және мәдениаралық диалог;
-діннің саясаттануына жол бермеу, деструктивті ұйымдардың мәнін ашу, экстремисттік және тоталитарлық секталардың қызметін болдыртпау;
-жастар арасында жоғарғы адамгершілік құндылықтарын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының патриоты және қорғаушысы сияқты қасиеттерді тәрбиелеуде мемлекеттік басқарудың органдарына, орта және жоғарғы білім беру мекемелеріне көмек көрсету;
-діни институттарды әрекет жүзінде және оның нәтижелерін қарастыру;
-конфессияаралық және этносаралық келісімнің мәселелері бойынша дүниежүзілік практикада жинақталған тәжірибені дұрыс түсіну және пайдалану.
11. Тұлғаны кешендi зерттеудің ғылыми-тәжірибелік орталығы
(директор Кошенова Р.Н.)
Орталықтың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- ЖОО барлық бағыт түрлерін қолдана отырып, «Тұлғаны кешенді зерттеу» аумағында қазіргі инновациялық жұмыс жоспарларын көрсету
- Кафедралық қордың тарихи маңызы бар заттар мен құжаттармен басқа да материалдармен толтыру
- Ғылыми-зерттеу жұмысы және тәжірибелік прототиптерді құру. Ағартушылық пен білімді дамыту мақсатында Мәдениетаралық коммуникация саласында жаңа идеяларды құрастыру
Орталықтың негізгі міндеттері :
- «Тұлғаны кешенді зерттеу» аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлығының өткізілуі. Мәдениетаралық коммуникация басқармасындағы алгоритмдермен моделдердің іске асырылуы.
- Тарих, философия, оның қазіргі жағдайы тұлғаны кешенді зерттеу Республикадағы, шет елде даму жағдайында ғылыми-зерттеу экспедициясының өткізілуі




































