"Көлік құрылысы және профессионалдық оқыту" кафедрасы : Мамандықтар және кәсіптер туралы
5В073000 - «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру».
Түстер мен формалардың молшылығымен көз қуантатын ғимараттар мен құрылымдардың салынып жатқаны лайықты сапасы бар құрылыс материалдар мен бұйымдардың бар болуында екені белгілі.

Құрылыс материалдар саласында ақырғы жетістіктерді пайдалана отырып сәулет өнеркәсібінде жетістіктерге жетуге болады. Ал, жоғары сапалы, нәтижелі, сенімді материалдар өндіруінің міндеттерін іске асыру үшін жоғарғы кәсіби мамандар қажет.
Бетон қоспалары мен ерітінділердің иілімділігі мен ыңғайлы жатқызуын пайдаланып қоршама мен арақабырғалық құрылымдарды аражабындарды жасауға да , құрылысты монолит нұсқауында да жүргізуге болады.
Оқу процесімен кепілденген білімнің орасан зор жүгі маманға мол мүмкіншіліктер туғызады: ол схема мен құрылыс өндіру технологиясын дәлелді таңдау, жасанды конгломераттардың белгілі тобының қасиеттерін жобалап, материалдарды пайдалануға кәсіпті баға бере алады. Осы мамандық бітірушілер құрылыс материалдар мен бұйымдар өндіру саласына маманданған. Олар жаңаша азқалдықты экологиялық қауыпсіз технологияларды (ЭВМ қолданып) пайдалана отырып, қазіргі заманға ескі тұрғын үйлерді өндіріс ғимараттар мен құрылымдарды т.б. салады.
Оқу мерзімі- күндізгі-4 жыл; сырттай-5 жыл.
Мамандық - «Техника және технология бакалавры»
5В073200 - «Стандарттау, метриология және сертификаттау» (құрылыс)

Мамандық қызметінің аясы: Құрылыс өндірісі саласында сапаны арттыру үшін қолданылатын іс-шараларды ұйымдастыру; құрылыс өнімдері өндірісінің технологиясында кеткен кемшіліктер мен ақаулардың себебін анықтау және талдау, сапа жүйесін жетілдіру және енгізу; өлшеудің жаңа әдістерін енгізу және стандарттау, бір ізділікпен өткен құрылыс материалдары мен бұйымдарының сапасын тексеру т.с.с.
Кәсіби қызметінің негізгі объектілері:
Өндірістік тауар және қызмет; технологиялық процестер; өндіріс құрал жабдықтары және сынақ лабораториялары; өлшеудің құралдары және әдістері, сынақтан өтуі және бақылау; ғылыми, өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметтің метерологиялық жағының қамтамасыз етілуі.

Кәсіби қызметтің түрлері:
- ұйымдастырушылық- басшылық: өнім сапасын бақылау, өндірісті метрологиямен қамтамасыз ету, сынақтан өткізу т.б. іс-шараларын жетілдіру.
-өндірістік- технологиялық: өндіріс сапасын жоғарылатуды қамтамасыз ету; метрологиялық қызмет түрін жақсарту, стандарттау және сертификациялауға қажетті техникалық жағдайды, айналымдағы стандарттарды қайта қарастыру және жаңаларын жетілдіру; сапа жүйесін басқаруды енгізу; дәл өлшеудің қолайлы мөлшерін және бақылаудың дұрыстығын қамтамасыз ету; өлшеу құралдарын таңдау, сынақтан өткізу және бақылау; өлшеуді іске асырудың әдістерін жетілдіру, сынақтан өткізу және бақылау.
-жобалау: жоба мақсатын құрастыру үшін жаңадан немесе қолданыстағы әдістер және құралдарды заман талабына сай етіп жасақтау.
5В072900 - Құрылыс
Мамандық - сумен қамтамасыз ету және канализация
Елді мекендердегі сумен қамтамасыз ету жәнесу ресурстарын қорғау мәселелері қазіргі уақытта ерекше өзекті болып табылады.
Университет 5В0702900 - «Құрылыс» мамандығы бойынша республика кәсіпорындары үшін «Сумен қамтамасыз ету және канализация» маамндығында студенттер даярлауды жүргізеді.
Маман даярлаушы кафедра Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес студенттер даярлауды жүзеге асырады.
Мамандар жобалаумен, құрылыспен, инженерлік жүйенің эксплуатациясы және қайта құруымен, нысананы сумен қамтамасыз ету және дайындаумен, сонымен қатар су ресурстарын қорғаумен байланысты кәсіби білім алады.
Білім беру бағдарламасы кәсіби білім мен нарықтық экономика негіздерін меңгеруді, қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және материалды базасын компьютерлік дайындыққа қамтамасыз ететін пәндерді қарастырады.
Германия мен Венгрияда біліктілігін арттырудан өткен кафедра оқытушылары студенттермен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды.
Аталған мамандықтың түлектері жобалау-зерттеу және гидрогеологиялық ұйымдарда, сумен байланысты кәсіпорындарда, пәтер иелері кооперативінде, өндірістік өнеркәсіпте, экологиялық ұйымдарда инженер-педагог болып жұмыс жасай алады.
Оқу мерзімі: күндізгі - 4 жыл; сырттай - 5 жыл. Біліктілігі - құрылыс бакалавры.
Мамандық: 5В074500 – «Транспорттық құрылыс»
Мамандандырылу:
5В074501− ТЕМІР ЖОЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
5В074502− АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ АЭРОДРОМДАР ҚҰРЫЛЫСЫ
5В074504− МҰНАЙ-ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖӘНЕ МҰНАЙ-ГАЗ ҚОЙМАЛАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ
Көлік желілерінің дамуы Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтің құзырындағы істер қатарында. Қазақстанның жуық арадағы даму жоспарында өндірістік-экономикалық және стратегиялық аудандарды бір-бірімен қосатын жаңа автокөлік және темір жолдардың құрылысы және бар жолдардың жөндеу жұмыстары қарастырылған. Бұл үшін Республикада жоғары білікті жол мамандарын даярлау қажет.
Маман даярлаушы кафедра Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес студенттерге білім беруді жүзеге асырады. Мамандар автокөлік және темір жолдарының, аэродромның, жол және аэродромдық кешенінің басқа да нысаналарының жобалауымен, құрылысымен, эксплуатациясымен және қайта құрылуымен байланысты әдіс-тәсілдердің, құралдардың жиынтығын құрайтын өндіріс саласындағы білім алады. Білім беру бағдарламасы кәсіби білім мен нарықтық экономика негіздерін меңгеруді, қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және материалды базасын компьютерлік дайындыққа қамтамасыз ететін пәндерді қарастырады. Германия мен Венгрияда біліктілігін арттырудан өткен кафедра оқытушылары студенттермен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды.
Түлектер жол-құрылыс метариалдары өндірісінде; жобалау, жобалау-зертте және жобалау-сметалық құжаттауды жасауда, автокөлік, темір жолдар мен қала көшелерінің жолдарының, аэродромдардың, ғимарат пен басқа көлік орындарының, инженерлік коммуникацияның құрылысында және инженер-педагог болып жұмыс жасай алады.
Оқу мерзімі- күндізгі-4 жыл; сырттай-5 жыл. Біліктілігі – құрылыс бакалавры.
5В012000- Кәсіби оқыту
Мамандандырулар:
- Кәсіпкерлік және еңбек технологиясы, біліктілігі – жалпы техникалық пәндердің оқытушысы;
- Өнеркәсіп өндірісі, құрылыс және тамақ өнімдерін өндіру және басқалар салалары бойынша, біліктілігі – кәсіби оқыту педагогі;
- Ауылшаруашылық өндірісі, салалары бойынша, біліктілігі - кәсіби оқыту педагогі;
- Қызмет көрсету өндірісі, біліктілігі - кәсіби оқыту педагогі.
Маманның қызметтік саласы:
- оқу-тәрбе мекемелерінде және кәсіптік білім оқу орындарында психологтық-педагогтық қызмет;
- ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалау ұйымдарының бастауыш, орта және қосымша кәсіптік білім ұйымдарында және өндірісте кәсіптік қызметтің техникалық, технологиялық, экономикалық саласы;
- мамандануына сәйкес қызметкерлердің біліктілігін арттыру аясында өндірісте және білім саласында ғылыми зерттеу қызметі;
- алған кәсіби оқытудың бакалавры біліктілігіне сәйкес мәдени-ағартушылық, басқарушылық және жоспарлы қызметтер.
Кәсіптік қызметтің объектілері:
Білім процесімен байланысқан келесі ұйымдарда педагогтық процестің толықтығын жасайтын құралдар мен салалар:
- жалпы білім мектептері, лицейлер, гимназиялар;
- оқу-өндірістік комбинаттары, оқу-курстық желілер, халықтың жұмыс бастылық қызметі мамандарын және жұмысшыларды даярлау, қайта даярлау орталықтары;
- кәсіптік-техникалық мектептер, лицейлер;
- орта арнайы оқу орындары, колледждер;
- конструкторлық бюролар;
- зауыттық зертханалар;
- ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- конструкторлық және жобалау ұйымдары.
Кәсіби қызметтің түрлері:
- білім берушілік (оқу-тәрбиелік, педагогикалық);
- ұйымдастырушылық–технологиялық;
- өндірістік-басқарушылық;
- жобалаушылық;
- ғылыми-зерттеушілік.
Оқу мерзімі- күндізгі-4 жыл; сырттай-5 жыл.