loading
 
 

«Білік» газеті

1. Қазақстан халқы үшін Тұңғыш Президент күнінің маңызы қандай?

2. Астананың ЕХРО-2017 көрме иесі атану тарихи жағдай болып табылады. Бұл халықаралық көрме Қазақстанға не береді?

  Құрметті оқырмандар, аталмыш сұрақтарға өз ой-пікірлеріңізді адресіне жолдай аласыздар, үздік авторларды «Білік» газетіне жариялап, Елбасының «Стратегия Независимости», «На пороге XXI века» атты кітаптарын сыйға тартамыз.

  Сонымен қатар, «Білік» газетінде қандай мақалалар оқығыңыз келетіні жайлы ойыңызбен бөліссеңіз болады.


 

Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

Қазіргі уақытта порталда 479 қонақтар 
 
 
 

Абитуриенттерге арналған ақпараттар

Құрметті түлек!


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – ұзақ жылғы өз тарихы және даңқы бар жоғары оқу орны: жарты ғасырдан астам уақытта жоғары білікті мамандарды даярлайды. Қазіргі кезде бұл инновациялық типтегі көп салалы университет, аймақтың басты жоғары оқу орны, орасан зор ғылыми орталық, Қазақстан Республикасы және оның аймақтарында өз жаңалықтарымен және жетістіктерімен кең танымал болып отыр.

С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері саны жағынан және сапалы білім беру қызметі бойынша Павлодар облысының жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады. ЖОО 66 бакалавриат, 46 магистратура, 4 PhD докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әртүрлі бағытта жоғары кәсіби мамандарды дайындайды.  Дайындықты 567 оқытушы, соның ішінде 47 ғылым докторы, профессор, 227 ғылым кандидаты, доценттер жүзеге асырады. Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстары 41 кафедрада және 13 ғылыми-тәжірибелік орталығында, «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркінде, аймақтық инновация және трансферттік технологиялар орталығында және студенттік ғылыми орталығы базасында жүргізіледі.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті әлемдік білім беру кеңістігінде бірігу үрдісі бойынша халықаралық танымалдыққа жетті, еуропалық білім беру үрдісінің толық құқылы қатысушысы болып табылады. С. Торайғыров атындағы ПМУ бизнес, ғылым және өнер көшбасшыларының  Оксфордтық Саммит аясында «Еуропалық сапа» халықаралық сыйлығымен марапатталды. 

Жыл сайын өтетін басты рейтингке сәйкес, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның таңдаулы көп салалы жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар қатарының бесіншісіне енді. 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті - әлемдегі классикалық университеттердің Болондық хартиясының, LAESTE студенттік машықтану бойынша алмасу халықаралық қауымдастығының, Сібірлік ашық университет қауымдастығының, Қазақстан жоғары оқу орындар қауымдастығының және Шанхай серіктестік ұйымының мүшесі. Университет аймақтағы үш сатылы кадрларды дайындау бойынша: бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім беруді жүргізетін бірден-бір беделді жоғары оқу орны.

2011 және 2012 жылдары С. Торайғыров атындағы ПМУ білім беру бағдарламаларының Халықаралық аккредитациясын сәтті өткізді: университеттің қызметі Германияның ACQUIN халықаралық аккредитациялық агенттігінің және білім беру сапасын қоғамдық бақылау және АККОРК мансапты дамыту бойынша ресейлік агенттіктерінің жоғары бағасын алды.


С. Торайғыров атындағы ПМу қош келдіңіздер!!!

Мекен-жайымыз: Павлодар қ., Ломова к., 64

Қабылдау комиссиясы: 134 каб., тел. (8-7182) - 673773

Foundation факультеті: тел. (8-7182) - 673650


Құрметті түлектер!

Сіздер жоғары профессионалдық білім алуға ұмтыласыздар ма? Бірақ оқуды төлеуге сіздерде қаржылық мүмкіндіктеріңіз жоқ па?

ҚР-ы үкіметінің қаулысы бойынша тұрғылықты халыққа білім беру жағынан қолдауға арналған дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданды. Мемлекет студенттерді қолдай отыра, оларға қосымша білім алуға несиелер бөлуде. «Қаржы орталығы» АҚ Қазақстан Республикасында алғашқылардың бірі болып, тиімді білім беру несиесіне кепілденеді.

Толық ақпаратты Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28 және тел/факс 8(7172)24-44-39, 24-41-70, e-mail: Fincenter@fincenter. Kz сайтынан алуға болады.

 
 
 
 

Портал бойынша іздеу


Бізбен болыңыздар: Twitter Facebook Youtube
 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

 2013
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
 

Мәдени мұра

 
                                           
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2012, E-mail: