"Мониторинг" ғылыми-зерттеу экологиялық орталығы
«Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығы» 2005 жылғы 7 қыркүйекте университет ректорының бұйрығы бойынша құрылды. «Мониторинг» ҒЗЭО заманауи инновациялық технологияларды және жаңа жаңа ғылыми мәнді өнімдерді жасау жөніндегі қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулердің тиімділігін көтеру, өндірісте және оқыту үдерісінде алынған нәтижелерді қолдануды жеделдету, ғылыми жұмыстың университеттің оқыту-тәрбиелеу үдерісмен бірлігін одан әрі дамытуды қамтамсыз ету, ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы байланысты нығайту және дамыту мақсатында өзінің қызметін жүзеге асырады.
«Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығы инновациялық және жаңа технологиялар жөніндегі проректорге есеп береді.
Жұмыстың орныдалу тәртібі «Мониторинг» ҒЗЭО-ның жасаған жоспарына сәйкес орындалады.
«Мониторинг» ҒЗЭО өз жұмысында ҚР «Стандарттау туралы», «Сертификаттау туралы» Заңдарын және ҚР басқа нормативті актілерін басшылыққа алады.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстағы міндеттер:
- қоршаған орта және табиғи ресурстар монитрингі саласында ғылым мен өндірісітің озық жетістіктерін зерттеу;
- аймақтың қоршаған орта және табиғи ресурстарына монитринг жасауды жетілдіруде әдістемелік көмек;
- экологиялық мониторинг қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін арттыру;
- қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингі мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау және баспадан шығару.
Инновациялық ғылыми-зерттеу жұмысындағы міндеттер:
- қоршаған орта және табиғи ресурстарын қорғау бағыты бойынша ғылыми зерттеу жүргізу;
- қоршаған орта және табиғи ресурстары мониторингі бағыты бойынша ғылыми лаборатория құру.

«Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығының директоры
– биология ғылымдарыынң докторы, профессор Ахметов Қанат Қамбарұлы, ғылыми-педагогикалық өтілімі 23 жыл.
Ол Павлодар педагогикалық институтының биология-химия факультетін бітірді. 1988 жылы Қазақ ССР-і ҒА Зоология институтының аспирантурасына түсті. 1990 жылы осы аспирантураны бітіріп, «Трематодтың кейбір түрлерінің жыныстық жүйесінің микроморфологиясы және гистохимиясы» тақырыбы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі диссертациясын табысты қорғады. 1990 жылы Павлодар педагогика институтының «Жалпы биология», «Зоология, ботаника және ауыл шаруашылығы негіздері», «Зоология, ботаника және физиология» кафедраларында доцент болып қызмет істеді. Кафедраларда доцент болып істеген жылдар ішінде ол өзін жауапкершілікті, өте тәртіпті, болашағы зор жас маман ретінде көрсете білді. Соның нәтижесінде ол 1996-2003 жылдары С.Торайғыров атындағы ПМУ-де мынадай лауазымдарға ие болды: жаратылыстану және педагогика факультетінің деканы, жаратылыстану және педагогика оқу-өндірістік кешенінің директоры, жаратылыстану факультетінің деканы, жаратылыстану институтының директоры. 2004 жылы 03.00.19 паразитология мамандығы бойынша биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі диссертациясын қорғады. Қанат Қамбарұлы Ахметов «ҚР Еңбегі сіңген ғылыми қызмткер» белгісімен марапатталды.
2004-2005 жылдары Павлодар мемлекеттік педиснтитутының халықаралық байланыс және даму жөніндегі проректорлық лауазымына тағайындалды. 2006-2008 жылдары Павлодар мемлекеттік педиснтитутының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры болып қызмет істеді.
Ол «Гельминттердің функциональдік морфологиясы», «Ертістің Павлодар өңіріндегі екі қантты қансорғыштар, олардың санын биологиялық бақылау» биологиялық мамандықтың арнайы курсының оқу жоспарын жасалып, енгізді.
Қ.Ахметовтың жетекшілігімен биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі диссертациясын екі адам қорғады, 40-тан астам магистрлік диссертация қорғалды, 1999 және 2002 жылдары студенттер жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары екі рет ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталды.
Қ.Ахметов «Қаздардың келуі және қайтуы» палеонтологиялық ескерткішді сақтау және кеңінен таныстыру жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ол өзі Қазақ ССР- және КСРО Ғылым академиялары ұйымдастырған 6 палеонтологиялық экспедицияға қатысты.
Қ.Ахметовтың жеткешілік етуімен бірқатар аймақтық қолданбалы және зерттеу жобалары жасалып, жүргізілуде. 2000-2004 жылдары Ертіс өзенінің орта ағысындағы қансорғыш сары масалардың биологиясына алғаш рет зерттеу жасалды. Бұл ғылыми жұмыс қазірге дейін жыл сайын осы сары масалармен күрес алгоритмін жасауға негіз болды және осы нәтиже қазір де қолданылауда.
Қ.Ахметов соңғы екі жылда Қазасқтанның, Ресейдің және Ұлыбританияның ғалымдары қатысқан екі халықаралық экспедицияны ұйымдастырып, жұмысына басшылық жасады.
2008 жылдан бастап «Орманды сақтау және ормандандыру» бағдарламасы бойынша Әлемдік Банк пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жобасына жетекшілік жасауда.
Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығының аға ғылыми қызметкері, экология кафедрасының аға оқытушысы Убаськин Александр Васильевич.
Биология ғылымдарының кандидаты
E-mail: Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек.
03.00.16 экология мамандығы бойынша Омбы Мемлекеттік университетінің аспирантурасын бірітіп, биология ғылымдарының кандидаты дәрежесі диссертациясын қорғады.
Диссертация тақырыбы: «Эколого-биологияеское особенности Artemia (Crustacea. Anostraga) соленых озер Павлодарской области (Республика Казахстан)».
Ғылыми мүддесі: ихтология, тұзды көлдердің экологиясы, сулы экожүйенің биоиндикация ластануы, сирек кездесетін және жойылып кететін түрлері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.
Ғылыми еңбектер тізімі – 48.
Сабақ беретін пәндері: «Эколологиядағы басқаруды ұйымдастыру», «Экологиялық аудит», «Қалалар экологиясы», «Жануарлар экологиясы», «Популяциялық экология», «Биоиндикация».
«Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығының аға ғылыми қызметкерлері 2008 жылы бірқатар шаруашылық келісім-шарт тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты:
«Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығының жұмыс тәртібі жасалған жоспарға сәйкес орындалады.
2009 жылғы, күнтізбелік жылға зерттеулер жүргізу үшін мынадай шаруашылық келісім-шарттар жасау жоспарланды:
| № | Тақырыптардың атауы | Ғылыми жетекші | Орындалу мерзімі | Бөлімшелер |
| 1 | Облыс аумағында екі қанатты қан сорғыштардың санын азайту үшін Ресейлік «Бактицид» өніміне биологиялық сынақ өткізу
| Б.ғ.д. Қ.Қ.Ахмeтов | 2009 Мамыр-қыркүйек | Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығы |
| 2 | Павлодар, Ақсу қалаларында олардың санын азайту жөніндегі шараларға ғылыми сүйемелдеу жасау | Б.ғ.д. Қ.Қ.Ахмeтов | 2009 Сәуір-қыркүйек | Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығы |
| 3 | Экологиялық жобалар бойынша жұмыстар | Б.ғ.д. Қ.Қ.Ахмeтов | Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығы |

