Жаңалықтар, хабарландырулар

Іс-шаралар күнтізбесі

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!

“Әлеуметтану және саясаттану” кафедрасы

Кафедраның құрылу тарихы

Әлеуметтану және саясаттану кафедрасының жұмысы жоғары кәсіпкер мамандармен қамтылған олардың ішінде кафедраның қалыптасуы және даму барысында қызмет атқарған, тәжірибесі мол докторлар мен кандидаттар, магистранттар мен аға оқытушылар қызмет атқарады.

«Отандық тарих» «Философии, әлеуметтану және саясаттану», «Археология, этнология және этнография» кафедраларының қайта құрылуы нәтижесінде «Әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы 2008 жылдың маусым айынан бастап бөлек кафедра болып істей бастады.

2004 жылдан бастап 050502 «Саясаттану» мамандығы бойынша студенттерді дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр, ал 2006 жылдан — 050501 «Социология». Осы кезде кафедра саясаттану және әлеуметтану магистрлерін даярлау құқығын алды.

Қазіргі кезеңде кафедраның күндізгі бөлімінде «Социология» және «Саясаттану» мамандықтары бойынша 59 студент, 5 магистрант оқиды. Күндізгі бөлім студенттер 26 грант бойынша оқиды. Кафедра сырттай оқу бөлімі бойынша жалпы орта білім негізінде және екінші жоғары білім негізіндегі студенттерді даярлау құқығына ие.

2006 жылдан бастап оқытушылар, магистранттар мен студенттер өз біліктілігін жоғарылатуға мүмкіндік алды, демалыс зонасында орналасқан «Баянтау» жазғы мектебінде Қазақстанның белгілі саясаткерлерінің арнайы курстарын тыңдауға мүмкіндік алды,

Кафедра ұжымы республикамыздағы басқа ЖОО қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды, ҚР БҒМ Философия және саясаттану институты және аль-Фараби атындағы Қаз ҰҒУ, Абай ат. Қаз ҰПУ, Л Н. Гумилев ат. Еуразия МУ, Шығыс-Қазақстан МУ, Е. Букетов ат. ҚарМУ, Шәкәрім ат. Семей МУ.

Оқу барысында кафедра студенттері Павлодар обл. әкімшілігінің ішкі саясат департаментінде, орта оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде, әлеуметтік зерттеулер орталығында, С.Торайғыров ат. ПМУ аймақтық саяси зерттеу орталығында тәжірибе өтеді. Кафедра түлектері мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ Сыртқы істер Министрлігінде, Павлодар обл әкімшілігінің Ішкі саясат департаментінде жұмыс істейді.

 

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру

Кафедра бітіруші болып табылады, сондықтан тәрбие жұмысы үздіксіз және университет пен факультеттің тәрбие жұмысы жоспары мен әдістеріне сай жүргізіледі.

Кафедра қарамағындағы топтардың кураторлары мен эдвайзерлері бар, олар уақытымен студенттермен тәрбие жұмысын жүргізіп отырады. Оқытушылар мен топ басылары үнемі диспуттар, дөңгелек үстелдер, студенттікке арнау, түлектермен қоштасы т.б. өткізіп отырады. Саясаттанушы студенттер дебат клубына қатысып, «Айконе» философиялық клубына қатысып, Павлодар қаласының студенттер альянсына, көркем-өнер үйірмелеріне қатысады, семестр сайын өткізілетін өзін-өзі басқару күндері кафедра меңгерушісі , факультет деканының қызметін атқарады.

 

 

Кафедра басшылығы


Иренов Габит Нажмединович
Лауазымы ӘЖс Кафедрасының меңгерушісі СиП. С.Торайғыров ат.ПМУ профессоры
Ғылыми дәрежесіСаяси ғылымының докторы
Ғыл. атағыАкадемик АСН
Диссерт. Қорғаған жері Абая ат. ҚазҒПУ
Жоғары білім алған жоғары оқу орныА.С. Пушкин ат.Орал пединст.
Диссертация тақырыбыҚазақстан Республикасындағы саяси консолидацияның идеологиялық мүмкіндігі мен оны іске асыру механизмі
Еңбектер

160 аса ғылыми еңбектері мен мақалалары жарық көрді.

1. «Қоғам консолидациясы»,

2. «Уақыт рухына жауап беру»,

3. «Қоғамның де-и-реидеологизациясы»

Жүргізетін пәндері «Саяси ғылымдардың әдіснамалары»; «Ұлттық идеялар»;
Ғылыми зерттеу саласыЖастар мәселелері. Қоғам консолидациясы. Ұлттық идея



Мамандықтар және мамандандырулар туралы



Профессор-оқытушылар құрамы



Оқу-зертханалық база