Жаңалықтар, хабарландырулар

Іс-шаралар күнтізбесі

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!

“Философия және мәдениеттану” кафедрасы

Кафедраның құрылу тарихы

«Философия және мәдениеттану» кафедрасының қызметі «Этнология, мәдениеттану және археология» және «Философия және саясаттану» кафедраларының қалыптасуы мен дамуы процесінде жинақталған біліктілігі жоғары мамандардың білімдері мен үлкен тәжірибелері негізінде базасын құрған.

«Этнология, мәдениеттану және археология» кафедрасы Павлодар мемлекеттік университетінде 2003 жылы 8 шілдеде Гуманитарлық институттың тарих, археология және этнология кафедрасы базасының негізінде құрылған. Кафедра құрылғаннан бастап тарих және құқық институтының қарамағына «этнология, мәдениеттану және археология» деген атаумен кірді, содан кейін 2004 жылдың 1 сәуірінен С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың қайта құрылуына байланысты кафедра «археология, этнология және этнография кафедрасы» деген атауға ие болды.

«Философия және мәдениеттану» кафедрасы 2008 жылдың 1 шілдесінде «Этнология, мәдениеттану және археология», «Отандық тарих» және «Философия, әлеуметтану және саясаттану» кафедраларының қайта құрылуының нәтижесінде құрылған.

Кафедра 2005 жылдан бастап 050204-«Мәдениеттану» мамандығы бойынша студенттерді дайындайды, 2006 жылдан бастап 050208-«Археология және этнология» мамандығы бойынша студенттерді дайындай бастады.

Аталған уақытта «Мәдениеттану» мамандығы бойынша 78 студент және «Мәдениеттану және философия» мамандығы бойынша 5 магистрант білім алуда.

 


Кафедра басшылығы

Аты-жөні: Ерманов Асқар Жұманазарұлы

Қызметі: Философия және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, доцент

Ғылыми дәрежесі: тарих ғылымдарының кандидаты

Бітірген оқу орны: Букетов атындағы ҚарМУ.

Диссертация тақырыбы: «Среднее Прииртышье в контексте истории Центральной Азии»

Ғылыми еңбектері: 30-дан артық ғылыми мақала, оның 10-ын ҚР ЖАК ұсынған.

Оқытатын пәндері: ҚР мәдени саясаты, салыстырмалы мәдениеттану, мәдениеттануды оқыту әдістемесі, қазақ халқының рухани мәдениеті, Қазақстан тарихы.

Ғылыми қызығушылық саласы: тарих, философия, мәдениет.

 

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру

Кафедраның бітіртуші сипатына қарай тәрбие жұмыстары тәрбиелік шараларды ұйымдастырудың мазмұнымен, жоспарымен және әдістерімен сәйкес үздіксіз жүргізіліп тұрады.

Кафедра құрамындағы топтарға кураторлар мен эдвайзерлер бекітілген. Олар студенттермен тәрбиелік шараларды белсенді жүргізеді.

Кафедраның тәрбиелік жұмыстар жөніндегі көптеген шараларының ішінен пікірталастарды, дөңгелек үстелдерді және студенттер қатарына қабылдау шараларын атап өтуге болады. Мәдениеттанушы-студенттер үшін кафедра апта сайын қалалық көрме, мұражай, концерттер, театрлардағы қойылымдарға баруды ұйымдастырып тырады.

 

«Студенттер қатарына қабылдау» мерекесі


 

 

 

Мамандықтар және мамандандырулар туралы

 

Профессор-оқытушылар құрамы

 
Оқу-зертханалық база


Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар