loading
 
 

Сізді С.Торайғыров атындағы ПМУ-де қандай факторлар қызықтырады?










Нәтижелер
 

Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

Қазіргі уақытта порталда 197 қонақтар 
 
 

ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.С. Садықов атындағы саяси зерттеулер аймақтық орталығы: Орталықтың қызметкерлері

Иренов Ғабит Нажмеденұлы

1938-ші жылдың 25-ші қазан күні Астрахань облысында туған.

1955 жылы Атырау (Гурьев) облысының, Құрманғазы (Теңгіз) ауданының Сафонов атындағы орта мектебін бітірді.

1957-1960 жж. Кеңес Армиясының қатарына алынып, Кавказ, Украина, Румыния елдерінде әскерлік жұмыс атқарды. Әскери дәрежесі - майор.

1965 ж. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих-филология факультетін, 1980ж. Алматы Жоғарғы партия мектебінің журналист бөлімін бітіріп, 1985-1988 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ізденушісі болды.

1965-1972 жж. – мұғалім, Астрахан облысының Красноярск ауданы Ақсарай және Дельта мектептерінің директоры.

1973-1992 жж. - педагог, саяси-партия қызметкері, тарихшы-ғалым, халықаралық саясаткер жұмыстарымен айналысты: 15 жыл Қазақстан Компартиясының Павлодар облыстық партия комитетінде халықаралық мәселер жөніндегі лектор-қытайтанушысы, обкомның лекторлар тобының жетекшісі, кафедра доценті, Павлодар пединститутының филология факультетінің орынбасары, деканы болып істеді.

1993-1999 жж. - Павлодар пединститутының Екібастұз филиалының және педучилищесінің, кейін Екібастұз Жоғарғы педагогикалық колледжінің (пединститут статусы берілген) директоры болып еңбек етті.

1999-2001 жж. - зейнеткерлікке шыққаннан кейін Павлодар, Ресей-Қазақстан, Қазақстан мемлекеттік заңгерлік университеттерінің Екібастұздағы, Павлодардағы филиалдарының тарих-заңгерлік, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедраларының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2001 ж. қыркүйек айынан бастап Павлодар мемлекеттік университетінің әлеуметтік-саяси, философия кафедрасының меңгерушісінің ғылым жағын басқаратын орынбасары, аға ғылыми қызметкері, профессор, 2007 ж. Аймақтық саяси зерттеулер орталығының директоры, ал 2008 ж. С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың философия, әлеуметтану және саясаттану кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Бүгін 160-тан астам ғылыми еңбектері жарияланып, 80 пайызы қоғамдағы бірлік, ынтымақтастық, егемендік, тәуелсіздік, ұлт, ұлтаралық қарым-қатынастар, жастар проблемалары, лекциялық-бұқаралық жұмыстардың алатын орындары, идеология, саяси партиялар жөнінде болып, Ресей Федерациясында, Азербайджанда, Қазақстанның ғылыми-теориялық, саяси-қоғамдық республикалық журналдарында: «Қазақстан комунисі», «Партийная жизнь Казахстана», «Гуманитарные исследования», «Золотое руно», «Мир человека», «Евразийское сообщество», «Саясат», «Высшая школа Казахстана», «Поиск», «Казахстан-Спектр», «Қоғам және дәуір», «Мысль», «Аналитик», «Финансы и кредиты», «Социум», «Өлкетану», «Ғылым және техника», университеттердің Вестниктерінде және 30-дан астам халықаралық, республикалық конференциялардың материалдарының жинақтарында жариаланады.

Ғ.Н. Иренов «Консолидация общества», «Отвечая духу времени», «Политика де-и-реидеологизации» монографияларының, төрт ғылыми еңбектер жинағының: «Друг, товарищ, брат», «Некоторые проблемы преподавания социально-политических наук», «Казахстан: проблемы и поиски», «Политическая реальность в разнообразных ее проявлениях» және «Этнополитика и национальные идеи», «Потенциал политических знаний и активизация самостоятельной работы студентов», «Этнополитология» оқулықтарының авторы.

СССР, Румыния медальдарымен, «За активную работу» белгілерімен, Қазақстан білім беру ісінің «Құрметті қызметкері» белгісімен, КСРО, Кеңес әскерінің, Қазақстан Компартиясыныњ Орталық Комитетінің, Қазақстанның білім және ғылым Министрлігінің, Павлодар облыстық партия, атқару комитеттерінің, Кәсіподақ басқармаларының, Павлодар облыстық, Екібастұз қалалық маслихаттарының құрметті грамоталарымен, мақтау хаттарымен марапатталды.

Тарих ғылымдарының кандидаты (1989), доценті (ВАК СССР), Халықаралық жүйе бойынша Москваның Халықаралық Академиясының Ғылыми Кеңесінің шешімімен тарих ғылымдарының докторы (1995) дәрежесі, ассоциациялық ғылыми профессор лауазымы (1995), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен саяси ғылымдарының докторы ғылыми (2005) дәрежесі және Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (2006) атақтары берілген.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің конкурсы бойынша «Үздік профессор» (2004), «Үздік оқытушы» (2007), «Гран-при» (2007), жоғары кәсіби педагогикалық білікті кадрларды дайындағаны үшін атақтарының иегері (2009), университетке сіңірген зор еңбегі үшін С. Торайғыров атындағы Алтын медалімен (2010).

Саясаттану ғылымдарының докторы, әлеуметтік ғылым Академиясының академигі, профессор.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Павлодар облыстық ардагерлер Кеңестерінің және облыстық әкімшіліктің ақпарат-насихаттау тобының, С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің Ғылыми кеңесінің мүшесі.

Демесинова Людмила Хатиповна

ғылыми қызметкер

Ғаппасова Лаура
Амангелдіқызы

кіші ғылыми қызметкер;


Молдабаева Сәуле
Қуанышпекқызы

кіші ғылыми қызметкер, саясаттану магистрі.


Кулумбаева Майра
Жұмабайқызы

кіші ғылыми қызметкер;


Айтимова Бибигүл
Кайырқанқызы

кіші ғылыми қызметкер


 
 
 

Портал бойынша іздеу


Бізбен болыңыздар: Twitter Facebook Youtube
 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
 

Культурное наследие

 
                                       
С.Торайғыров Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2012, E-mail: