"Тарих, археология және этнология" кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
Кафедра 1996 жылы Қоғамдық ғылымдар кафедрасының базасының негізінде құрылды. 2003 жылы «Ежелгі және Ортағасырлық тарих» атты атауға ие болды. Университеттің қайта құрылуына байланысты 2004 жылы кафедра атауы «Отандық тарих» болып өзгертілді. «Тарих, археология және этнологиясы» кафедрасы 2008 жылдың 1 шілдесінде университет ректорының бұйрығымен ғылыми-педагогикалық әлеуетті ұтымды пайдалану үшін құрылған.
Кафедра қызметі деректану теориясы мен әдіснамасының негіздерін, Қазақстан тарихы бойынша деректерді, халықтар мәдениетін зерттеудің бірыңғай концептуалдық негіздерін, алғашқы қауымдық қоғам тарихы, археология, этнология, ежелгі дүние тарихын, антикалық кезең, орта ғасырлар тарихы, Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы, шет елдердің жаңа тарихын, тарихнама, қазіргі елдер мен халықтар тарихын, жалпы психология мен педагогика негіздерін білетін, дүниетанымдық сипаттағы жүйелі білімі бар, археологиялық және этнографиялық экспедицияларда практикалық жұмыс жасау дағдылары бар, орта білім бағдарламасы бойынша тарих пәнінен оқу сабақтарын жүргізу әдістемесін білетін, тарих кабинеттерін құруда әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстарды білетін, оқу-тәрбие жағдаяттарын сараптай алатын мамандарды даярлауға бағытталған.
Кафедра ұжымы республиканың басқа да жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс жасайды, оның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ, Омбы мемлекеттік университеті, Шығыстану институты, Қыпшақтану институты, ҚР ҰҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтымен, ҚР ҰҒА-ның Ә.Марғұлан атындағы археология институты, Абай атындағы ҚазМПУ, Л.Гумилев атындағы Евразия мемлекеттік университеті, Е.Букетов атындағы ҚарМУ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттері бар.
Кафедра басшылығы

Артықбаев Жамбыл Омарұлы — «Тарих, археология және этнология» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
1986-1989 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институныда (қазіргі Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты) аспирантурада оқыған.
1989 жылы «ХІХ ғасырды екінші жартысындағы Солтүстік-Орталық Қазақстан қазақтарының этноәлеуметтік құрамы» атты кандидаттық диссертация қорғаған (Ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Х.Арғынбаев).
1990-1997 жылдары — ҚарМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы.
1997 жылы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтындағы диссертациялық кеңесте «ХҮІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы» атты этнография, этнология және антропология мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғаған (Ғылыми кеңесшісі т.ғ.д., профессор О.И.Исмагулов).
2003 жылдың қыркүйек айынан бастап С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің тарих және құқық факультетіндегі этнология, мәдениеттану және археология кафедрасының меңгерушісі, сол сияқты Х.Арғынбаев атындағы ҒПО-ның директоры.
2004 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үші» кеуде белгісімен марапатталған.
2005 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ғылым мен техниканы дамытудағы ерен еңбегі үшін ғалымдар мен мамандарға берілетін стипендия иегері.
2006 жылы Қазақстан Республикасының әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі болып тағайындалды.
Ғылыми еңбектерінің жалпы саны — шамамен 300, оның ішінде 6 монография, 11 оқулық пен оқу құралдары.
Ж.О.Артықбаев жоғары оқу орнына арналған екі оқулықтың («Қазақстан тарихы» және «Этнология»), колледжге арналған бір оқулықтың (С.З.Раздыковпен бірге шығарған) және бір мектеп оқулығының (А.А.Сабаданбекова, Е.Әбілдермен бірге шығарған жалпы білім беретін орта мектептің 5 сынып оқушыларына арналған «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер») авторы.
Ол «Тарих» (07.00.02) және «Этнография, этнология және антропология» (07.00.07) мамандықтары бойынша 14 тарих ғылымдарының кандидатын дайындады.
Бүгінгі күнде баспаға бірнеше ғылыми монографиялар, ғылыми-танымдық басылымдар, Қазақстан тарихы мен этнографиясының мәселелері бойынша анықтамалықтар мен энциклопедиялар дайындауда:
- Қазақ халқының билеуші әулеттерінің тарихы материалдары;
- Қазақ халқының билеуші әулеттерінің тарихынан;
- Ғасыр және мыңжылдық қойнауындағы Еуразия көшпенділері;
- Қазақ шежіресі — ұлттық тарихтың қайнар көзі мен концепциясы іспетті;
- М-Ж.Көпеевтің тарихи мұралары.
Ғылыми зерттеу саласы: Археология, Ерте қола дәуірі; 19 ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы; археологияның іргелі мәселелері; қазақ мәдениетіндегі дәстүрлер мен жаңашылдықтар; дала тарихи ілімі: негізгі қағидалары; Қазақстанның ортағасырлық археологиясы.
Тәрбие жұмыстары
Кафедраның бітіртуші сипатына қарай тәрбие жұмыстары тәрбиелік шараларды ұйымдастырудың мазмұнымен, жоспарымен және әдістерімен сәйкес үздіксіз жүргізіліп тұрады.
Кафедра құрамындағы топтарға кураторлар мен эдвайзерлер бекітілген. Олар студенттермен тәрбиелік шараларды белсенді жүргізеді.
«Білік» газетінде әр түрлі тақырыптарға мақалалар, өлеңдер және басқа да материалдар жарияланып отырады. Шығармашылық жұмыстармен айналысатын студенттер өздерінің мақалаларын С.Торайғыров атындағы ПМУ журналдары мен жинақтарында жариялайды.
Жыл сайын кафедралық іс-шаралар өткізіледі. Кафедра тарапындағы топтардың студенттері университеттің спорттық өміріне, олимпиадаларға, секцияларға, жарыстарға белсенді қатысады.
Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Ломов көшесі, 64-үй, 544 кабинет. Байланыс телефоны: 45-69-16, ішкі телефон номері — 326.
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар

