Неге Сіз С. Торайғыров атындағы ПМУ оқуды таңдадыңыз?
Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз
Қазіргі уақытта порталда 362 қонақтар
Қашықтықта оқыту
Аударма және мәдениетаралық коммуникация ғылыми-практикалық орталығы: Орталықтың қызметкерлері
Күлжанат Нұрымжанқызы Болатбаева
К.Н. Болатбаева 1962 жылы туған. Жалпы жұмыс өтілі – 25 жыл, соның ішінде мектеп мұғалімі – 2 жыл, ғылыми-педагогикалық – 14 жыл, ғылыми – 9 жыл. Екі жоғары білімі бар: мектептегі орыс тілі мен әдебиет (мамандығы), филология: ағылшын тілі (бакалавр).
1985-1987 жылдары КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясы ұлттық мектепте орыс тілін оқыту Ғ.З.И жанындағы тәлімгер-зерттеуші (Москва қаласы). 1987 жылдан – КСРО П.Ғ.Н ұлттық-орыс қостілділігі Ғ.З.И.-да аспирант. 1991 жылы 13.00.02 – орыс тілі әдістемесі мамандығы бойынша «Речевой этикет в системе обучения русскому языку в казахской школе» тақырыбында кандидаттық диссертация (ғылыми жетекшісі – пед.ғ.д., проф. М.Б.Успенский) қорғаған.
2005 жылы 13.00.02 – оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру саласындағы орыс тілі) мамандығы бойынша «Функционально-коммуникативный подход к обучению русскому языку в казахской школе (5-9 классы)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Әдістеме саласындағы ғана емес, қолданбалы лингвистика саласындағы жаңалықтарды негізге алып, өзге тілде коммуникативтік білгірліктің жеткілікті және биік деңгейлеріне жетісудің бірегей әдістемесі ұсынылды.
1991 жылдан бері ғылыми-әдістемелік жұмыстарды, авторефераттарды, диплом жұмыстарын, магистрлік диссертацияларды рецензиялайды. Өз мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар туралы сырт пікір айтады. Абай атындағы Қаз ҰПУ жанындағы кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің мүшесі. Студенттерге қазіргі орыс тілі (фонетика, лексикология, фразеология, сөзжасам, морфология, синтаксис), орыс және қазақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, орыс тілін ана және өзге тіл ретінде оқыту, орыс мектебіндегі қазақ әдебиеті, магистранттарға «Актуальные проблемы языкознания и литературоведения», «Когнитивная лингвистика», «Функциональная стилистика» курстарын оқиды.
Ғылыми қызметінің бағыттары: лингводидактикалық мақсаттарда тілдік жүйелерді (орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі) функционалды ссипаттау; когнитивтік, коммуникативтік лингвистика жетістіктерін тілдерді оқыту әдістемесіне енгізу; тіл мен әдебиеттің этномәдениеттанымдық аспектісі; мектеп пен жоғары оқу орны жағдайларында тілдерді ықпалдастыра және қатарластыра оқыту; нақты аудитория үшін оқу материалын ғылыми шақтау; оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендер жасау; дарынды балаларға арналған тіл пәндері бойынша жұмысты ғылыми ұйымдастыру; орыс және қазақ әдебиетін оқыту проблемасы.
Ғылыми жетекшілік етуімен «Формирование стилистической компетентности учащихся-казахов в условиях функционально-коммуникативного подхода к обучению русскому языку» тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға диссертация (ізденуші Капенова Ж.Ж.), қазақ, орыс және ағылшын тілдері жүйелері мен соларға сәйкес мәдениеттерді салыстыру саласында 3 магистрлік диссертация (Шеремет О. 2006, Кенжегожина К. 2007, Асылханова Л. 2008) дайындалды. С.Торайғыров атындағы ПМУ-да шетел (Германия) студенттерінің тағылымнамадан өтуіне басшылық етеді.
Оқу бағдаламаларын жасауда, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары мен түрлі ғылыми-практикалық семинарлар, консультациялар өткізуде, мектептік ғылыми жобалар дайындауда, оқу үрдісін жоспарлауда түрлі типті оқу орындарына ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді. 2001 жылдан бері «Русский язык и литература в казахской школе» (қазір «Русская словесность в школе») республикалық ғылыми-әдістемелік журналының редакциялық алқасының мүшесі. Павлодар облысы тіл пәндері мұғалімдері Қауымдастығының Президенті, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептерде орыс тілін; ағылшын тілін; орыс және қазақ тілдерінде оқытатын мектептерде орыс және қазақ әдебиетін; екі-үш тілде тілдік емес пәндерді оқыту проблемалары бойынша мұғалімдердің бірнеше шығармашылық топтарына жетекшілік етеді.
Оның қазақ мектебінде орыс тілін оқытудың авторлық функционалдық – коммуникативтік технологиясы Павлодар облысының көптеген мектептеріне енгізілді, оқыту нәтижелері республикалық журналдар беттерінде жарияланып тұрады. Павлодар облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтында авторлық біліктілікті арттыру курсстарын жүргізеді.
Қазір көптілділікті қалыптастыру проблемасымен жұмыс істеуде, ол жасаған көп тілділікті оқытудың когнитивтік-коммуникативтік технолгиясы Павлодар қаласы мектептерінің оқу үрдісіне белсенділікпен енгізілуде.
Дарынды балаларды жетілдіруде Павлодар облысының білім департаментінезор әдістемелік көмек көрсетеді. Жұмысының нәтижесі – Республикалық пән олимпиадалары мен мектеп оқушыларының ғылыми жобаларының Республикалық конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері (Толеухан Р., Айтказина А. Және басқалары).
Елуден аса жұмысы, соның ішінде 11 оқу-әдістемелік құрал мен 1 монографиясы жарияланды. Үлкен орыс-қазақ лингвистикалық сөздігін құрастыруға қатысты.
Ғылыми қызметімен қоса жоғары оқу орнының әкімшілік-ұйымдық жұмысына белсене қатысады. Факультетке, кафедраға, ғылыми-практикалық орталыққа басшылық жасағанына 15 жыл.
Оның басшылығымен С.Торайғыров атындағы ПМУ аударма және мәдениетаралық коммуникация ғылыми-практикалық орталығында жоғары оқу орны ғалымдарының ғылыми еңбектері шет тілдерге, «Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде Ертістің Павлодар өңірінің атақты адамдары туралы кітаптар араб, ағылшын, неміс, орыс тілдеріне аударылуда, шетел ғалымдарымен байланыс орнауда.
Галина Хатипқызы Демесінова Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, аға ғылыми қызметкер
Г.Х. Демесінова еңбек жолын 1979 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ ССР Білім министрлігінің жолдамасымен ППИ ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы болудан бастады.
1980 - 86 жылдары ғылыми тағылымнамадан өтіп, В. И. Ленин атындағы Москва мемлекеттік педагогикалық институтының ағылшын тілінің лексикасы мен фонетикасы кафедрасында аспирантурада оқыды. 1986 жылы ППИ ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы болып қызметін жалғастырды. 1994 жылдан 1998 жылға дейін оқытушылық қызметін С.Торайғыров атныдағы ПМУ шет тілдері факультеті деканының орынбасары, факультет Кеңесінің хатшысы, кәсіподақ комитеті тексеру комиссиясының мүшесі лауазымдарымен ұштастырды, факультетте ұйымдастыру және тәрбие жұмысын көп жүргізді.
1998 – 1999 жылдары Павлодар университетінің ағылшын тілі аудармашылық ісі кафедрасының доценті, гуманитарлық факультет деканының орынбасары, факултет Кеңесінің мүшесі 1999 - 2002 жылдары сол кафедраның меңгерушісі.
2002 жылғы сәуірден бастап қайтадан С.Торайғыров атындағы ПМУ-да қызмет етеді: ағылшын тілі кафедрасының доценті, С.Торайғыров атындағы педагогика институты директорының орынбасары, аударма және мәдениетаралық коммуникация ғылыми-практикалық орталығының директоры, шет тілдері практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі.
Галина Хатипқызы практикалық жағынан да, теориялық жағынан да «Иностранный язык (английский)», «Переводческое дело», «Филология» (бакалавриат, магистратура) мамандықтарының оқу жоспарының көптеген арнайы пәндерін меңгерген, сабақты жоғары тілдік, ғылыми және әдістемелік деңгейде өткізеді, тіл мен аударма теориясынан студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Оның жетекшлілігімен дайыгдалған жұмыстар студенттердің Ғ.З.Ж. республикалық конкурстарында әлденеше рет жоғары бағаға ие болды. 6 оқу құралы - «Теоретическая грамматика», «Филологический анализ текста». «Общая теория перевода», «Теория перевода», «Основы типологических исследований», «Типогиялық зерттеу негіздері» оқу үрдісінде табысты қолданылуда.
Галина Хатипқызы өзінің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеріп отырады. Британ Кеңесі, «Сорос-Казахстан» қоры демеушілік еткен тіл мен аударманы оқыту әдістемелігі жөніндегі семинарларда қатысуға гранттарды жеңіп алды. Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ХТУ-де Алматы тіл және аударма институтының, Орыс тілі мен әдебиетін оқыту американдық кеңесіінң Қазақстан Республикасындағы өкілеттілігін мен халықаралық білім жөніндегі Американдық кеңесінде (ACTR/ ACCELS),. П.Лумумба атындағы РХДУ-нде республикалық семинарларда дайындықтан өтті. Білімін әріптестерімен бөлісіп, оқу үрдісіне енгізеді.
Ғалым ретінде Г.Х. Демесінова ағылшын және қазақ тілдерін типологиялық салыстыру проблемаларымен, аударма мәселелерімен шұғылданады, 200 беттей жарияланымдары бар, көптеген ғылыми конференцияларға (соның ішінде халықаралық) қатысты. Галина Хатипқызы әріптестерінің арасында беделді, сыйлы.
Шаймарданова Светалана Кабиденқызы филология ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор, аға ғылыми қызметкер
Университтте 1977 ж. бастап жұмыт істейді. Жалпы жұмыс өтімі – 30, соның ішінде – 24.
1973 ж. Шаймарданова Светлана Кабиденовна Павлодар мемелекттік педагогикалық институтына оқуға түсті, содан кейін 3 ай бойы Ильичевский ауданының инспектор ретінде жұмысқа түсті. 1977 ж.1 қарашасында ПМИ орыс тілі кафедрасына лаборант ретінде жұмысқа қабылданады. 1981 ж. орыс тілі кафедрасының ассистент лауазымына ауысты. 1982 ж. желтоқсан айында күндізгі оқу форма бойынша орыс тілі кафедрасына С.И. Киров атындағы ҚМУ аспирантураға түсті. Аспирантура бітірген соң ПМИ орыс тілі кафедрасы оқутышы болып жұмыс істейді. 1990 ж. желтоқсан айында «Поэтическое слово в художественном контексте Павла Васильева» тақырып бойынша кандидаттік диссертациясын қорғайды. Содан кейін ПМИ аға оқутышы ретінде жұмыс істеуге жалғастырады, орыс және қазақ тілдерінің практикалық курс кафедрасы меңгерушісінің міндеттер атқарушысы, бастапқы сыныптар факультеттің деканның міндеттер атқарушысы болып жұмыс істейді. 1996 ж. қыркүйек айынан бастап 1998 ж. тамыз айына дейін Павлодар мемлекеттік университеттің жаратылыстану және педагогика факультет деканның атқарушысы ретінде жұмыс істейді. Университеттің бөлімдерді реорганизациясымен байланысты 1998 ж. тамыз айында филология факультеттің декан лауазымына қабылданады, кейін тарихи-филологияқ факультеттің декан ретінде жұмыс істеуге жалғастырады, кейін филология факультеттің деканы болып 2001 ж. наурыз айына дейін істейді. 2001 ж. 15 наурызынан 2002 ж. 1 тамызына дейін ПМУ-дың орыс филологиясы кафедрасында доцент болып жұмыс істейді. 2002 ж. 1 тамызынан БОӘ кафедрасының орынбасары болып тағайындалды. Ал 2003 ж. Ақпанында С.Торайғыров втындағы ПМУ-дың педагогика мен психология институтыының директоры болып тағайындалды.
2004 ж. 1 сәуірінен 2006 ж. 2 ақпанға дейін жаңа құрылған ПМПИ-дың филология факультетінің деканы 2006 ж. Ақпан айында С.Торайғыров атындағы ПМУ-ға орыс филологиясы, журналистика және кітапханатану кафедрасынынң доценті болып ауысты. Қазіргі уақытта С.К. Шаймарданова орыс филологиясы мен кітапхану кафедрасынын профессоры.
С.К. Шаймарданова арнайы курстар мен арнайы семинарлар арқылы студенттермен ғылыми-зерттеу жұмысын іске асырады.
С.К. Шаймарданованың ғылыми-зертету жұмысының қорытындысы монография, оқу-әдістемелік құралы, Мәскеу, Астанада, Барнаулда, Омбыда, Семей, Алматы, Павлодарда шығарылған 40 астам мақалалар. С.К.Шаймарданова Павлодар-Ертіс манының ақылы Павел Васильевтің шығармаларының бірегей шығармаларының авторы.
С.К. Шаймарданова жоғары маман қызметкер талап қойып және әділ мұғалім, жән де студенттер мен мұғалімдер арасында сайлы адам болып саналады.
Мағзұмов Хабдыжәлел Борисұлы кіші ғылыми қызметкері
Хабдыжәлел Борисұлы Мағзұмов 1953 жылы 20 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жосалы селосында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факултетін бітірген.
Еңбек жолы:
1974-1980 ж.ж. – Баянауыл ауданы Жосалы, Октябрь орта мектептерінде мұғалім, мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы.
1980-1992 ж.ж. – аудандық «Жеңіс» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі.
1992-2005 ж.ж. – Баянауыл ауданы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім меңгерушісі
2005ж.ақпан айы – Павлодар облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы қызметіне ауыстырылған.
2005 жылдан бері – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Аударма және мәдениетаралық коммуникация ғылыми-практикалық орталығының кіші ғылыми қызметкері.
Аудармашылық қызметі:
«Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде көне неміс «Нибелунгтер туралы хикаясы» эпосы (а.ғ.қ А.Қ Калиевамен бірге), Б.Брехтің повесі «Тары» (а.ғ.қ А.Қ Калиевамен бірге), Всеволод Ивановтыңа «Қырғыз Темербей» әңгімесі (п.ғ.д., К.Н.Болатбааевамен бірге), американдық классик жазушы Ф.С.Фицджеральдтың «Бірінші мамыр» (а.ғ.қ Г.Х.Демесиновамен) , А.Вамберидің «Орта Азияға саяхат» кітабы.
Дайындалған оқу-әдістемелік құралдар:
Мағзұмов Х.Б., Қалиева А.К. «Нибелунгтер туралы хикаясы». – 2007г. www.kazpravda.kz
Мағзұмов Х.Б., Р.А.Омарова, Г.К.Кенжетаева, Г.Х.Демесинова,– «Мәдениетаралық коммуникация бойынша практикум». Павлодар, 2007 г.- 160 б.
Мағзұмов Х.Б., Г.Х.Демесинова– «Тілдер типологиясының негізгі ұғымдары». Жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері». Павлодар, 2006г. - 44 б.
Орысша –қазақша түсіндірме сөздік. Лингвистика / Под общей ред. д.э.н., Е.М.Арын. - Павлодар: ТОО НПФ «Эко», 2007. – 527 б.
Кенжигожина Қарлығаш Серікбайқызы филология магистрі, кіші ғылыми қызметкер
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2005 ж. бастап жұмысты жүргізіп жатыр.
2001 ж. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің “Ағылшын филология” мамандық бойынша оқуға түсті. 2005 ж. оқуды бітіріп, “Филология” (ағылшын) 6N0205 бағыт бойынша магистратураға түсті. Зерттеу жұмысының тақырыбы: “«Қазіргі заманғы қазақ және орыс тіліндерінде ағылшын лексиканың мазмұны және қызмет ету арқылы Қазақстандағы әлеуметтік-лингвистикалық жағдайың 1991 жылдан бастап 2007 жылға дейін бейнелу”. Ғылыми жетекші: Болатбаева Күлжанат Нұрымжанқызы, педагогикалық ғылымдарының докторы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің орыс филология және кітапхана ісі кафедрасының профессоры.
2005 ж. маусымнан бастап 2007ж. қараша айына дейін әлеуметтік зерттеулер ғылыми-практикалық орталықтың кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеп жүрді. 2007 ж. қараша айынан бастап С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Аударма және мәдениетаралық коммуникация ғылыми-практикалық орталығының кіші ғылыми қызметкер қызметіне ауысты.
2007 ж. қыркүйек айынан өз педагогикалық тәжірибесін “Шет филология” кафедрасында ассистент қызметінде бастады. 2008 ж.қыркүйек айында “Теория және практика аударма” кафедрасына ауысты.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқу және жұмыс барысында университтің әр түрлі ғылыми және әлеуметтік шараларына белсенді қатысты. Соңымен бірге бірнеше ғылыми мақалалары бар, “Прометей” бағдарлама бойынша түсіндірме сөздік жасауына қатысты.
Скляров Денис Геннадьевич орта деңгейлі білікті маман
Денис Геннадьевич Скляров 1980 жылы 19 мауысымда Павлодар облысы Железинка селосында туған. № 2 Железинка орта мектебін бітірді. Ұлты – неміс.
2005 жылы шетелге Сирия Араб Республикасына барып, екі жыл оқып, «араб тілінің аудармашысы» мамандығын алды.
Қазір С.Торайғыров атындағы ПМУ аударма және мәдениетаралық коммуникация ғылыми-праткикалық орталығында араб тіліінің маманы болып қызмет етеді.
Қазақстан мәдениетін мемлекеттен тыс жерлерге тарату және қазақстандық ғылымды әлемдік ғылымның озат идеяларымен байыту мақсатында аударма және мәдениетаралық коммуникация ғылыми –практикалық орталығы «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы бойынша Павлодар өңірінің ұлы адамдары туралы араб тіліне аударма жұмыстарын жүзеге асырады.
Зарина Рашидқызы Кайроканова жоғары деңгейлі білікті лаборант
Зарина Рашидқызы Кайроканова 1986 жылы 18 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында туған. Ұлты –қазақ
1992 – 2003 ж.ж. - Павлодар облысы Павлодар ауданы Заңғар орта мектебін үздік аттестатпен бітірген.
2003 -2007 ж.ж. - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Шет тілдері факультетіне түсіп, 2007 жылы университетті үздік дипломмен бітірді.
2007 жылы қыркүйек айы – осы күнге дейін - С.Торайғыров атындағы ПМУ аударма және мәденеитаралық коммуникация ғылыми-праткикалық орталығында ағылшын тіліне ағымдағы аудармаларды жасайды.
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті реттейтін заңнама туралы білімді тестілеу
Назар аударыңыз! ҚР БҒМ мемлекеттік грантқа "Ең үздік оқытушы" Республикалық конкурс жарияланды. Конкурстың материалдары (қағаздық, электрондық варианты) 2011 жылдың 21 қазанына дейін инновациялар және технологиялар бөліміне (127 каб., шшкі 1286) қабылданады
Ашық қоғам қорының - Лондон және Кембридж университетiмен бiрге қаржыландыратын, Кембридж университетiнің және ашық қоғам қорының стипендиясы, бiрлескен хандығындағы ғылымның нақтылы облыстарын ЖООдан кейiнгi бiлiмiн оқу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету, ғалымдар және академиялық үлгерiмдi, жетекшi потенциалдарын көрсететiн жаңадан көрiнген мамандар үшiн өз елiндегi шешiм қабылдау және пiкiрлердiң құрастыруын үшiн арналған.
Орталық Еуропа университеті 2012/2013 оқу жылына студенттерді қабылдау жариялайды. Орталық Еуропа университеті (қысқаша ОЕУ) Венгрияның астанасы Будапешт қаласында орналасқан. ОЕУ АҚШ пен Венгрияда танылатын бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 40 факультет негізінде білім береді.
Орталық Еуропа университетіндегі (Венгрия) көктемгі әдістемелік семинарлар. Қатысушылар. Бакалавриат және магистратура бағыттары бойынша жаңа оқыту бағдарламаларын әзірлеп немесе бар бағдарламаларды қайта қараудан өткізіп жатқан ЖОО факультеттері үшін Венгрия астанасы Будапешт қаласында орналасқан Орталық Еуропа университеті негізіндегі Әдістемелік ресурстар орталығы әдістемелік семинарлар ұсынып отыр.
Эдмунд Маски 2012-2013 оқу жылына арналған магистратура бағдарламасы бойынша стипендиялар ұсынады. Бакалавр дәрежесі бар, АҚШ-да білім алуға ниет білдірушілерге Эдмунд Маски(Muskie) стипендиялар бағдарламасы бір немесе екі жылдық бағдарлама бойынша магистратура дәрежесін алуға мүмкіндік береді.