Жаңалықтар, хабарландырулар

Іс-шаралар күнтізбесі

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!

Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығымен орталық

Орталық тарихы

Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы 2004 жылдың 4 мамырында ашылды. Бұл орталық Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің мұрасы мен өмірі мен шығармашылығын зерттеу мақсатымен ашылды.

Бүгінгі таңда ақын шығармаларының яғни   оның ішінде өмірдің барлық бағытына байланысты: философия, дінтану, педагогика сонымен қатар М-Ж. Көпеевтің  шығармалар жинағының 15 томы жарық көрді.

Ақынның  ағылшын және орыс тілінде  таңдамалы  шығармаларының 3 томы жарық көрді.

Ақынның еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші және М-Ж. Көпеевтің өмірі мен шығармашылығына байланысты  Үлкен және Қысқаша энциклопедиялар және басқа да  еңбектер жарық көрді.

Болашақта  студенттер мен оқушыларға сонымен қатар мамандар мен зерттеушілерге арналған оқу әдістемелік құралының негізі бола алатындай, лингвистикалық және әдеби зерттеулер жүргізілуде.

Біздің жетістіктер мен көрсеткіштер

Мәшһүртану ғылыми - практикалық орталығы 4 мамыр 2004 жылы ашылды. Осы уақыттың ішінде орталық қызметкерлері барлық семинарлар мен форумдарда, университетте және басқа да білім ордасы мен ғылыми орталықтар аймағында өтетін аймақтық және халықаралық, республикалық конференцияларға ат салысып қатысуда.  Орталық қызметкерлері М-Ж. Көпеевтің өмірі мен шығармашылығына байланысты  қаламыздың жалпы білім беру ордасында дәріс оқып, Мәшһүртану пәнін енгізуде.

Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығымен орталық, облыстық және қалалық кітапханалар, Г.Потанин атындағы өлкетану мұражайы, Бұқар-жырау атындағы әдеби мұражай, «Шаңырақ» халықтық шығармашылық үйімен  және Қазақстан халықтарының облыстық Ассамблеясының мәдени орталықтарымен тығыз байланыста. 5 жылдың ішінде Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы елеулі жетістіктерге қол жеткізді: М-Ж.Көпеевтің таңдамалы шығармаларының ағылшын және орыс тіліндегі 3 томы, ақын шығармаларының 15 томы, дала кемеңгері Мәшһүр Жүсіп шығармаларының  тіл білімінің ерекшеліктерінің әр түрлі сұрақтарына  байланысты, діни, философиялық, эстетикалық проблемасын арқау ететін  монографияларының  5 томы жарық көріп, мәшһүртанушылардың үлкен және қысқаша энциклопедилары баспаға дайын.

Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Айтмұхамет Қасымбайұлы Тұрышев  2003 жылы «Ш.Уалиханов атындағы гуманитарлық ғылым саласындағы үздік зерттеулері үшін» марапатталды. 2005 жылы  «Жоғарғы оқу  орнының үздік оқытушысы»  номинациясының мемлекеттік  грантын  ұтып алды.

Бүгінгі таңда Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығында: аға ғылыми қызметкерлер: т.ғ.к., доцент Жусіпов Е.К., т.ғ.к., доцент Жүсіпова Л.К., Қанапьянов К.Н. Кіші ғылыми қызметкерлер: ф.ғ.к., доцен Баратова М.Н., Хайруллина Р.Т., Талканбаева К.К., Ахметниязов Б.А., Елемесова Г.Қ., Оралова М.О., Көпеев А.Ж  секілді қызметкерлер ұжымы еңбек атқаруда.

Орталық қызметкерлері

Орталықтың қызметкерлерінің еңбектері